Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MB_1_koll.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70.66 Кб
Скачать

12.Нәруыздардың 4 реттік құрылмы

1-ші реттік құрылымы: биологиялық молекулада аминқышқылы бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып, пептидтік тізбек түзеді. Пептидтік тізбектегі аминқышқылының ауысу жіне орын алмасуы белоктың қызметін бұзады. Осы құрылым а-РНҚ кодондарының бірізділігі арқылы кодталып, трансляция кезінде синтезделінеді.

2-ші реттік құрылымы: пептидтік тізбектің көптеген фрагменттері алғаш α – ширатпа не β – құрылым күйінде кеңістікте спираль тәрізді оратылуы. α спиральда полипептидтің қаңқасы ширатылып, аминқышқылдарының радикалдары сыртқа қарай бағытталады. Бұл құрылым спираль оралымдарында орналасқан сутектік байланыс арқылы іске асады. Спиральдың бір оралымында 3,6 аминқышқылдар кездеседі. Спиральдың арақашықтығы 0,54 нм шамасында.

3-ші реттік құрылымы: полипептидтік тізбектің α спиралінің β құрылымының және құрылымсыз участоктарының кеңістікте глобула (шумақ) конформациясына жинақталып, табиғи құрылымының түзілуі. 3-ші реттік құрылым белоктың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.Бұл құрылым аминқышқылдардың радикалдары арасындағы байланыстар негізінде пайда болады және тұрақтанады.

4-ші реттік құрылымы кейбір белоктарда бірнеше полипептидтік тізбектің бір-бірімен күрделі комплекстерге бөлінуі. Мысалы, гемоглобин.

13.Нәруыздардың құрылысы, қызметі, қасиеттері

Белок молекуласы құрылысының полипептидтік теориясын 1902-1919 жылы Эмик Фишер тәжірибе жасап анықтаған. Белоктың құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және протеин деген атауды ұсынған голланд химигі, дәрігері Мульдер болды. 1945 жылы көптеген ғалымдардың күшімен белок молекуласының бір ұзын тізбекке жалғанған аминқышқылынан тұратыны анықталды. Белоктардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр белокта а-аминқышқылдары тек осы белокқа ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа белогының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет белогының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген белоктардікі > 300000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір белоктардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән белоктары бар.Әрбір аминқышқылдарының құрылысы 2 бөліктен тұрады.Барлық аминқышқылдарда 1-ші бөлігі бірдей болады,

ал радикал деп аталатын екінші бөлігі әр аминқышқылында әртүрлі болады.

Қызметі:

  1. Құрылмдық – мембрананың құрамына кіреді

  2. Энергетикалық – қуат көзі болып табылады

  3. Катализдеуші – ферменнер

  4. Сигналдық – гормондар, нейропептидтер

  5. Қозғаушы – миозин

  6. Өткізгіштік – каналдар, сорғыштар

  7. Реттеуші – репликация, транскрипция, трансляция факторлары.

14. ДНҚ-ның құрылыс ерекшеліктері.

ДНҚ нуклеотидтері – дезоксерибозадан, азоттық негіздерден, бір фосфаттан (монофосфат) құрылған, оларды – д АМФ, д ГМФ, д ЦМФ, д ТМФ деп атайды. Бұл тірі организмдердегі ген-қ ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. Ол қос ширатпалы болып келеді. Оның алғашқы, екінші және үшінші реттік құрылыстары белгілі.

1-ші реттік құрылысы – бір жіпшеде нуклеотидтердің (А,Г,Ц,Т) бірізділікпен тізбектеліп орналасуы б.т. ДНҚ алғашқы құрылысы фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады, яғни бір жіпшедегі нуклеотидтер бір-бірімен фосфаттық топ және қанттың гидроксил тобы арқылы байланысқан.

2-ші реттік құрылысы – оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір-бірімен сутектік байланыс арқылы комплементарлы байланысуы (А-Т, Г-Ц) б.т. ДНҚ жіпшелері полярлы болады, яғни оның 51 және 31 ұштары белгілі. ДНҚ молек-ң қос ширатпасы бір-біріне антипаралель орналасқан. Қос ширатпаның бір оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі, ал оралымның ұзындығы 3,4 нм тең. 2-ші реттік құрылымын 1953 жылы Уотсон және крик анықтады. Сонымен қатар, А-Т арасында екі сутектік байланыс болса, Г-ц арасында үш сутектік байланыс болады, сондықтан да г-Ц байланысы, А-Т байланысына қарағанда мықтылау болып келеді.

3-ші реттік құрылысы – оның ақуыздармен байланысын анықтауға болады. Хромосома ақуыздарының 60-80 % негіздік және гидрофобтық аминқ-р көптеп кездесетін гистондық ақуыздар құрайды. Гистондық ақуыздар ДНҚ-мен негіздік радикалдар көмегімен, ал өзара гидрофобтық радикалдар арқылы әрәкеттеседі. Хромосомаларда ДНҚ молекуласы гистондық ақуыздармен байланысып нуклеогистон құрайды, ол хроматин жіпшесі ретінде белгілі. Хромотин жіпшесінің тірегін нуклеосома денешіктері құрайды. Осындай әрбәр денешікті ДНҚ молекуласы екі рет ширатылып оралады және оның ұзындығы 140 н.ж тең.

15. ДНҚ-ның кеңістікте ұйымдасу ерекшеліктері.

16. ДНҚ-ның қасиеті және қызметтері

Қызметі: ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметі – ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау, тірі организмнің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін молекулалық деңгейде түсіндіру. Қасиеті: Қос қабат спиралдегі азоттық негіздердің қабысуы өте ерекше. Бір тізбектегі аденинге – екінші тізбектегі тимин, ал гуанинге цитозин қарсы тұрады. Бұл – ДНҚ молек-ң құрылымының өте ерекше маңызды қасиеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]