
- •2.Даму тарихы және негізгі жетістіктері:
- •3.Микроскоп және оның құрылысы. Микроскоптау.
- •4.7.8.9. Жасуша – тіршіліктің негізгі көзі.
- •5. Жасуша теориясы. Жасушаның түзілу типтері.
- •7.Эукариот жасушаларының молекулалық құрылымы,компоненттері
- •10. Биологиялық макромолекулалар:нәруыздар
- •12.Нәруыздардың 4 реттік құрылмы
- •13.Нәруыздардың құрылысы, қызметі, қасиеттері
- •17.Митохондриялық днқ-ның құрылыс ерекшеліктері
- •18. Генетикалық ақпараттың негізгі берілу жолдары
- •19. Днқ репликациясы.Репликация этаптары
- •20. Репликациялық кешенге сипаттама
- •21. Биологиялық макромолекулалар: рнқ. Рнқ түрлері
- •23.Генетикалық код, ген-қ код туралы түсінік, қасиеті, құрамы
- •24. Генетикалық ақпараттың жазылу жолдары
- •25.29. Нәруыз биосинтезі. Транскрипция.Транскрипция фазалары
- •26.МРнқ-ның постранскрипциялық модификациясы.Процессинг.Сплайсинг
- •27. 28.Нәруыз биосинтезі.Трансляция кезеңдері.
- •25. Нәруыз синтезіндегі рибосоманың қызметі мен құрылысы.
- •30.Фолдинг туралы түсінік.Ақуыз биосинтезі процесіндегі шаперондардың рөлі.
5. Жасуша теориясы. Жасушаның түзілу типтері.
Жасуша теориясы (клеточная теория); (гр. teoriacellulaecellula — жасушажәне теория) — жасушалартуралыбиологиялықжалпықорытынды, ғылымитұжырым. Жасушатеориясыныңнегізінқалағаннемісғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.). Жануарларжасушасынзерттеген Т. Шванменқатар, Жасушатеориясынжасауғаөсімдіктержасушаларынзерттеген М. Шлейден де атсалысты. Өздерінедейінгіғалымдареңбектерібойыншажинақталғандеректер мен өздерініңғылымимәліметтерінесүйенеотырып, Т. Шванн мен М. Шлейденжануарлар мен өсімдіктерорганизмдеріорганикалықтабиғатыныңбіртектіекендігінкөрсетебілді. Жасушатеориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Оның негізгі қағидалары:
1.жасуша — тірі организмнің тым ұсақ құрылымдық бірлігі;
2.жануарлар мен өсімдік организмдеріндегі әр түрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағын анбір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллаларданқұралған;
3.жасуша тек бөліну арқылы көбейеді;
4.жасушалар біртұтас организмнің бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары — бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері — жасуша аралық зат болады.
7.Эукариот жасушаларының молекулалық құрылымы,компоненттері
Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді. Эукариоттарға – көпшілік балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады.Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компартменттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады. Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді.
10. Биологиялық макромолекулалар:нәруыздар
Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Жалпы мәліметтер
Белоктар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері белоктардан құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.Белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.
Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Сондықтан Фридрих Энгельс: «Тіршілік — белок заттарының өмір сүру формасы» — деп үйретеді.
Белок тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.
Белоктар туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген белокты бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында белоктық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер клеткасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, белоктан құралатыны анықталды.
Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
11. Ақуыз молекуласы сияқты, ДНҚ молекуласы да биологиялық полимер. ДҚ-ның молекулалық салмағы 10 млн. болады, кейбір жағдайда (ақуыздың биосинтезіне байланысты) 50-100 млн-ғы дейін жетеді. ДНҚ полимерлері мен мономерлерінің ролін комплементтік негізіне сәйкес бірінене кейін бірі орналасатын нуклеотидтер атқарады.
Нуклеин қышқылдары ең алғаш жасушаның ядросынан табылды, ол латынша «нуклеус» - ядро деген мағынаны білдіреді. Сондықтан нуклеин қышқылдары деп аталған.
Нуклеин қышқылдарының 2 түрі бар: дезоксирибонуклеин «ДНҚ» және рибонуклеин «РНҚ».