Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

«Астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы

18 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: талдағыштар физиологиясы және жжіә қорытынды сабағы

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Ұйымдастыру сұрақтары. Сабақтың тақырыбын айту, тақырыптың өзектілігіне мән беру, сабақтың оқыту мақсатын алға қою. Сабақтың жоспары.

  1. Негізгі білім деңгейін бағалау:

Бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу. Тесттік сұрақтар 2 варианттан тұрады. Берілген 5 жауаптан дұрыс жауапты таңдау.

  1. Студенттердің өз бетімен атқаратын жұмысы:

Бір сұрағы зерттеу тәсіліне, аралық бақылаудың үш сұрағын талқылау.

  1. Студенттердің жалпы білімін бағалау мен сабақтың қорытындысын жасау:

Студенттердің сабақтағы білімдері 1-4 пункт бойынша бағаланады:

1 – баға – тесттің қорытындысы бойынша (бастапқы білім денгейі)

2 – баға – студенттердің өзіндік жұмысы

3 – баға – студенттердің мұғаліммен бірге жұмысы

4 – баға – тұжырымдық бақылау қортындысы бойынша барлық бағалар қосылады.

Орташа арифметикалық бағасы есептелініп, педагогикалық журналға қойылады. Сабақ

барысында студенттердің белсенділігі есепке алынып, мұғалім орташа бағасын қояды.

«Астана медицина университеті» АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

№ 18 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша Тақырып: Талдағыштар және жжіә типтері физиологиясы бойынша қорытынды сабақ

Сағат саны: 4

Курс: 2

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

Астана 2013ж.

1. Тақырыбы: Талдағыштар және ЖЖІӘ типтері бойынша қорытынды сабақ

2. Мақсаты: Адамның тәртіптік реакциясы өмірлік әрекет үрдісінде жүре пайда болған шартты рефлекстің жинақтығымен анықталады да, олар организмнің бейімделі барысында тұрақты тұрде жаңарумен, жинақталуымен сипатталады. ЖЖІӘ әртүрлі типтеріне жататын жеке ерекшелікті шартты рефлекторлық байланыс сипаттайды. Оқытылып отырған тақырыптың өзектілігі, уақытша байланстың түзілу қабилеттілігі мен оның ұзақ уақыт бойы сақталынуы- шартты рефлекторлық әрекетті анықтайтын құрылысмдық негіз болып табылады да, ми қыртысының құрылымының серпімділігін айқындайды.

3. Оқу мақсаты: Студентті шартты рефлексті құрастыру әдістеріне және шартсыз бен шартты орталықтардың аралығындағы уақытша байланыстың түзілу жолдарын талдауға үйрету. «Жол сүрлеу» жүретін орталықтардың орналасуы мен шартты-рефлекторлық байланыстың негізгі механизмдері мен түзілу заңдылықтарын ұйымдастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. И.П. Павловтың талдағыштар туралы ілімі. Жіктелісі, функционалдық қасиеттері мен рецепторларының ерекшеліктері. 2. Көру талдағыштардың жіктелуі. Түсті ажырату теориялары. Көру бейнесінің қалыптасуы.

3. Есту талдағыштары. Есту талдағышы жүйесінің дыбысты өткізу және қабылдау бөлімдері. Дыбыс қабылдау ілімдері (Г.Гельмгольц, Резерфорд, Г.Бекеши). Дыбыстың ауа, сүйек арқылы өтуі.

4. Тепе-тендік талдағыштар, оның қасиеттері және ролі.

5. Қозғалыс, тактилді талдағыштар, олардың сипаттамасы. Тактилді рецепцияның тіс протезіне биімделудігі ролі.

6. Иіс сезу талдағышы. Иістердің жіктелуі, оларды қабылдау теориялары.

7. Дәм сезу талдағышы.

8. Ауыру сезімінің биологиялық маңызы. Ноцицепция және антиноцицептивтік жүйе. Ауыз қуысы қабаты, тіс тінінің және периодонтаның ауыру сезімталдығы.

9. Стоматологиядағы жергілікті және медикаментоздық емес тәсілінің физиологиялық негізі.

10. Тәртіптің туа біткен түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинктер).

12. Шартты рефлекс, жануарлар мен адамдардың үнемі өзгеріп отыратын қоршаған орта жағдайына бейімделу түрі ретінде. Шартты рефлекстердің жіктелуі.Уақытша байланыстың пайда болу механизмі.

13. Шартты тежелу рефлекстерінің түрлері(ішкі және сыртқы).Тежелудің қорғаныштық рөлі.Тежелу жайында қазіргі кездегі көзқарастар.

14. Үлкен жарты шарлар қыртысының талдау- синтездеу іс-әрекеті.

15.Дәрігер- стоматологтың мануальды дағдыларды үйренудегі динамикалық стереотиптің рөлі.

16. Эмоциялар және оның ролі. Эмоцияның қағидасы.

17. Түс. Физиологиялық механизмдер. Түстің кезендері.

18. И.П. Павловтың 1 және 2 сигналдық жүйелер жайындағы ілімі, дәрігер – стоматолог үшін маңызы.

19. Биологиялық және әлеуметтік мотивациялар. Жеке тұлға қалыптасуындағы биологиялық мотивациялар.

20.Стоматологиядағы еңбек қызметінің физиологиялық негізі.

21.Организмнің физикалық, биологиялық, әлеуметтік факторларға адаптациясы.Бейімделу түрлері.

22.Стресс.Жалпы адаптациялық синдром механизмдері.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері Таратылатын ақпаратты оқытушыдан алу міндетті(электронды нұсқа немесе баспа иүрінде).