Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

6. Әдебиет Қазақ тілінде

1. Адам физиологиясы.Х.К.Сәтбаева,А.Өтепбергенов, Ж.Б.Нілдібаева, Алматы,2005, 63 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар. Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

4. Қанқожа м.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана,2006, 52

7. Бақылау

Билет бойынша жазбаша бақылау.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Физиология кафедрасы

14 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Зат және қуат алмасу. Рационалды тағамдану. Сыртқа бөлу физиологиясы. Жылу реттеліс. Тері шығару.

1 ЖҰМЫС

Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі

алмасуды анықтау

Жұмыс барысы: тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді.

Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады.

Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады.

А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады.

Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады.

А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды.

Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды.

Қорытынды:

2 Жұмыс

Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу

Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады.

Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді:

Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72

Сонымен қатар намограмманы қолданады.

Қорытынды:

Б

Жұмыс №3 Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау.

Салмақ (кг) = бойы (см) - 100

20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң 3% - тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы: 20 жаста, бойы - 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт

30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг

40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг.

4 ЖҰМЫС Номограмма арқылы адамның қалыпты салмағын анықтау

Номограмманы қалай қолдануды ескертемiз. №1 көрсеткiш - бойды бiлдiредi. №2 көрсеткiш - дене салмағы. №3 көрсеткiш - сәйкес салмақтан ауытқу. Бой санын 3 көрсеткiшiндегi "ноль" нүтeciн сызғышпен қосыңыз, сонда дене салмағы көрсеткiшiнде сiз сәйкес салмақты табасыз. Бойдың маңызы және шын салмақты қосып, сәйкестiк ауытқудың процентiн анықтаңыз. Сiзге сымбатты, денiңiз сау, бақытты болуыңызды тiлеймiз.

Қорытынды:

5 ЖҰМЫС . Несептің сыбағалы салмағын анықтау

Жұмыс барысы: зерттелінетін несепті көлемі 100 мл цилиндрге құяды. Оған ыдыстың қабырғаларына тимейтіндей етіп, урометрді батырады. Уромертдің сұйықтық беткейінің деңгейіне сәйкес келетін бөлінуі бойынша фиксациялайды.

Қорытынды: