Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

Ситуациялық есептерді шешу.

1 – есеп.

Неге және қандай жағдайда дәрігер механикалық және химиялық сақтандырғыш тамақтарды белгілеу керек?шешім алгоритмі:

  • Асқорыту жүйесінің механо - және хемо – рецепторлық аппараты;

  • Рецепторлық аппараттың таралу градиенті;

  • Механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің асқорыту қызметіндегі асқазан ішек жолындағы ролі;

  • Сақтандырғыш (щадящий) диета жайында түсінік.

2 – есеп.

Ұлтабарға HCl енгізген кезде асқазан сөлінің секрециясы қалай өзгереді?

Шешім алгоритмі:

  • HCl секрециясы және түзілу механизмі;

  • Асқорытудағы HCl рөлі;

  • Қалыпты жағдайда ұлтабар қызметіне HCl маңызы (ұлтабардың секрециялық функциясына, инкреторлық функциясына және асқазанның пилорикалық сфинктерінің қызметі үшін секреторлық функциясына);

  • Асқазанға рефлекторлық және гормональдық әсер.

3 – есеп.

Неге ыстық тамақ қабылдағаннан кейін біраз уақыт бойы дәм сезу жоғалады?

Шешім алгоритмі:

  • Дәм сезу туралы түсінік және оның түзілуінің механизмі;

  • Дәм сезу анализаторының көпканалдылығы және полимодальдылығы;

  • Рецептор аумағындағы функционалдық қарым – қатынасы және ортааралықтылығы;

  • Жоғарғы табылтырықты тітіркендіргіш және табалдырықтық тітіркену туралы түсінік;

  • Жүйке орталығының доминантты жағдайы туралы және доминантты ошақ қасиеті туралы түсінік.

4 – есеп.

Ұлтабарға өттің түсуі шектелген. Тамақтану прцесінде бұл қалай айтылады?

Шешім алгоритмі:

  • Өт бөліну динамикасы;

  • Өт құрамы, мөлшері;

  • Өттің асқорытудағы және сіңірудегі рөлі;

  • Регуляция, өт бөліну, өт түзілу.

«Астана медицина университеті» АҚ

Қалыпты физиология кафедрасы

№ 14 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Зат және қуат алмасу. Рационалды тағамдану.

Сыртқа бөлу физиологиясы. Жылу реттеліс. Тері шығару.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Құрастырушы:

Доцент Ибраева С.С.

Астана 2013ж.

1.Тақырып: Зат және қуат алмасу. Рационалды тағамдану. Сыртқа бөлу физиологиясы. Жылу реттеліс. Тері шығару.

2.Мақсаты: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар және ағзадағы судың алмасуының реттелуі және негізгі кезеңдері туралы түсінік беру. Номо-грамма және спирометаболитикалық сызғышы бойынша негізгі алмасуды анықтай және анализдей білу.

3. Оқу мақсаты: Физикалық және химиялық жылу реттеліс механизмдерін жайлы білім

беру; изотермия, қызба және гипертермия ұғымын ұғу, құрастырылу білімін беру және

дененің температуралық схемасын анализдей білу. Клубочкалы фильтрация, канальді

реабсорбция және канальді секреция механизмдерін түсіндіру, соңғы несептің түзілуі және

кері айналдыра ағызу жүйесінің механизмдерін түсіндіру, соңғы несеп құрамын анализдей

білу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жақ сүйек пен бет ауруы науқастарының тамақтануы мен тағам рационының ерекшелігі.

  1. Организмдегі заттар алмасуы туралы түсінік. Қоректік заттардың тәуліктік нормалары. Қоректік заттардың пластикалық және энергиялық маңызы.

  2. Азоттық тепе-теңдік, оң және теріс азоттық балланс.

  3. Қоректік заттар алмасуының реттеулі. Организмдегі минералдық заттардың маңызы.

  4. Негізгі зат алмасу, оның клиникадағы маңызы. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі. Жұмысшы алмасу. Әртүрлі еңбек кезіндегі организмнің энергиялық шығыны. Ұтымды тамақтанудың физиологиялық негізі.

  5. Физикалық және химиялық терморегуляция. Ауыз қуысының температуралық топографиясы.

  6. Терморегуляция орталығы. Жүйкелік және гуморальдық терморегуляция механизмдері.

  7. Ауыз қуысының шырышты аймағының организмдегі тұрақты температураны ұстап тұрудағы маңызы.

  8. Бөліп шығару мүшелері, олардың ішкі ортаны тұрақты параметрлерін ұстап тұруға қатысуы.

  9. Организм гомеостазын ұстап тұруға сілекей бездерінің және ауыз қуысының шырышты қабығының қатысуы.

  10. Бөліп шығарушы мүшелердің сыртқы экскреторлық қызметтері.

  11. Нефрон. Зәр түзілу механизмі, оның мөлшері және құрамы. Бүйрек қызметінің регуляциясы.

  12. Тері бетінің аймағы. Терінің маңызы. Терінің қызметі. Терідегі зат алмасу қызметтері. Терінің сезгіштігі.

  13. Бет жақ аймағы терісінің ерекшелігі. Тері қызметінің жастық өзгерулер.

  14. Қолтық бездері. Тер бөліну регуляциясы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері таратылатын материалдарды мұғалімнен алу міндетті (электронды нұсқа немесе қағазға басылған түрде)

1. Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі зат алмасуды анықтау.

2. Рид формуласы көмегімен негізгі зат алмасуды есептеу.

3. Брок формуласымен қалыпты массаны анықтау.

4. Номограмма арқылы адамның қалыпты салмағын анықтау

5. Зәрдің меншікті салмағын анықтау.

6. Зәрдің рН анықтау.

7. Адамдағы тер бөлінуді зерттеу.

8. Оттегі жетіспеген жағдайдағы организмнің шыдамдылығына температураның әсері.

9. Дене температурасын өлшеу.