Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

Қалыпты физиология кафедрасы

№ 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

051302 «Стоматология» мамандығы бойынша

Тақырып: Бұлшықеттің физиологиялық касиеттері. Бұлшықеттің жиырылу тегершіктері. Шайнау бұлшықеттің күші және жұмысы. Гнатодинамометрия.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Құрастырушы:

Аға оқытушы Тулеубаева А.А.

Астана 2014ж.

1.Тақырыбы: Бұлшықеттің физиологиялық касиеттері. Бұлшықеттің жиырылу тегершіктері. Шайнау бұлшықеттің күші және жұмысы. Гнатодинамометрия.

2.Мақсаты: Барлық тірі жасушалар мен ұлпалар түрлі әсерлерге жауап беруге және сыртқы орта әсерімен өз қызметтік белсенділігін өзгертуге қабылетті. Ондай ұлпанның бірі бұлшықеттіқ болып табылады. Әсер етуші фактор және бұлшыкет арасындағы өзара әрекеттіліктің жалпы заңдылығы туралы білім-біртұтас ағза мен жүйке құрылымдардың қозғалыс белсенділігінің негізін түсінуде маңызды материал алуға мүмкіндік береді.

3.Оқу мақсаты: Студентті бұлшықеттің қозу табалдырығынын анықтауға, динамометрді жүргізуге үйрету, бұлшықеттіқ жиырылудың негізгі тегершекіктерін ұйымдастыру.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қаңқа және шайнау бұлщық етінің физиологиясы.

2. Қаңқа бұлшықетінің жиырылу түрлері.

3. Шайнау бұлшықетінің күші және жұмысы.

4. Гнатодинамометрия;

5. Бұлышқет жиырылуы мен босаңсуының қазіргі кездегі теориялары.

6. Электромиография.

7. Динамометрия.

5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Тәжірибелік жұмыс шағын топтарда жүргізіледі, жұмыс барысын мұғалімнен алу міндетті (электронды вариант немесе қағаз түрінде).

1.Бұлшықетті тікелей және тікелей емес түрде тіркендіргенде, қозу табалдырығын аңыктау.

2. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі

3. Электромиография.

4. Динамометрия.

5. Жоба және таблица салу.

6. Әдебиет:

1. Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663 б.

2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев, Алматы, 2005, 598 б.

3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар.

Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.

  1. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004ж. 78 бет.

Қосымша:

  1. Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.

  2. Ибраева С.С. Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның

нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Астана, 2006,

52 б.

7. Бақылау: бірінші деңгейлік тесттік бақылауды жүргізу.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ

Физиология кафедрасы

2 сабаққа таратылатын материал