Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

«Астана медицина университеті» ақ Физиология кафедрасы

1 сабаққа таратылатын материал

Сабақ тақырыбы: Физиологияда қолданылатын зерттеу тәсілдері. Қозғыш тіндердің физиологиясы. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Электродонтометрия.

1-жұмыс. Физиологиялық тәжірибелерді жүргізуге қажетті құрал-жабдықтармен танысу. (Руководство к практическим занятиям по физиологии: под ред. Косицкого Г.И. 1988, 8-19 б.).

Физиология - тәжірибелік ғылым, және оның жоғарғы оқу орындарында оқытылуы міндетті түрде студенттермен лабораториялық жұмыстарды орындауымен жүргізіледі. Тәжірибелік жұмыстардың орындалу барысында студенттер дәрісте баяндалған қағидалық негіздерді тікелей дәлелдейтін мәліметтер алады. Ұсынылған есептің негізі - жұмыстарға енгізілген арнайы қызметтік салмақтар бойынша қызметтің статистикасы емес, динамикасында болып табылады.

Тәжірибе және клиникада түрлі құрал-жабдықтарды қолданумен физиологиялық қызметтерді зерттеу кезінде өзіндік жүйелер түзіледі. Оларды екі топқа бөлуге болады:

1. Өмір әрекетіндегі түрлі көріністерді және табылған нәтижелерді тіркеу жүйесі.

2. Ағза немесе оның құрылымды-қызметтік бірлігіне әсер еткен әрекеттерге арналған жүйе.

2-жұмыс.

Жүрек бұлшық еті мен бас миындағы биоэлектрлік құбылысты тіркеу.

Жүректің биоэлектрлік құбылысы, оның ырғақтық әрекетімен пайда болады. Бұлшық ет немесе жүйке қозғанда, оның тыныштық күйінен айырмашылығы, қозған бөлімі теріс зарядты болып табылады. Бұл заңдылықтар жүрекке тән. Ең алдымен жүрекшелер, артынан қарыншалар жиырылады. Осыған дейін қозу синустық түйінде туады.

Жүректің әрекеттілігінде, ең алдымен синус аймағы теріс зарядты болса, осы кезде тыныштықтағы жүрекшелер мен қарыншалар оң зарядты болып табылады. Қозудың таралуына байланысты, теріс зарядтылық синустан жүрекшелерге, соңынан қарыншаларға тарайды. Қозу жойылғаннан кейін, синус аймағы оң зарядталады. Сонымен, жүректегі қозу үрдісі оның барлық бөлімдерінде бірмезетте пайда болмау салдарынан, потенциалдар айырмашылығы туады.

3-жұмыс. Жүйке-бұлшық еттік препаратты және көлбақаның оқшауланған балтыр бұлшық етінен препаратты дайындау (Практикум по нормальной физиологии под ред. А.В. Коробкова, 1983, 149 б.; Практикум по нормальной физиологии под ред. Г.И. Косицкого, 1988, 73-75 б.).

Жүйке-бұлшық ет жүйесінің физиологиясын зерттеу қозғалыс әрекеті сияқты, жүйке жүйесінің қызметі ретінің негізін түсінуге қажетті материалды алуды мұқтаж етеді. Жүйке-бұлшық физиологиясы тәжірибелік медицина үшін, көбінесе, дәрігерлік бақылау, жүйкелік аурулар клиникасы, ортопедия және емдік дене шынықтыру үшін қажет

Бұлшық ет және жүйкенің физиологиялық қасиетін зерттеу үшін, көлбақаның артқы аяқтарынан дайындалған жүйке-бұлшық еттік препарат қолданылады. Нағыз жүйке-бұлшық ет препараты болып шонданай жүйкесімен жүйкелендірілетін балтыр бұлшық еті табылады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: жүйке-бұлшық ет препаратының нұсқасын салыңыз, оның бөліктерін және оның нендей мақсатпен қолданылатындығын көрсетіңіз.

4-жұмыс. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі).

«Тірі электрліктің» бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшық ет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.

Құрал-жабдықтар: биметаллды пинцет, лоток, препаратталған инструменттер, әмбебаб штатив, дәке, Рингер ерітіндісі, құрбақа.

Жұмыстың барысы: Құрбақанық ені артқы аяғынан препарат дайындап, оны штативке іліп қояды. Бір ұшы темірден, бір ұшы мыстан жасалған биметаллды пинцетті аламыз. Мысты ұшты нерв шоғырына, ал екіншісін сан бұлшықеттеріне тигіземіз. Аяқ бұлшықетінің жиырылғанын байқаймыз.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшық еттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.

Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу) балтыр бұлшық етінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшық еттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшық ет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, «жарақат потенциалы» немесе «демаркациялық потенциал» деп аталады. Бұлшық еттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшық еттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.

Жұмыстың барысы: Бұл тәжірибеде юақа аяғының бұлшықеттері металлдың көмегімен жиырылды. Ол аяқтың зақымданған жеріне препаратталған жүйкені тигізеді, бұлшықет зақымданған кезде бұлшықеттің беткі қабаты мен оның ішкі бөлігінің арасындағы айырма потенциал тыныштық күйде ашық байқалады. Бұлшықеттің зақымданған және зақымданбаған аймақтарының арасында пайда болатын потенциал «зақымданған» немесе «деморкациялық потенциал» деп аталады. Шашылған жүйке зақымданған бұлшықеттің электр қабылдамайтын бөлігіне тиген кезде, айналымның тұйықталуы байқалады. Мұнда оң полюстің орнында зақымданбаған бұлшықеттің беті және онымен тиетін жүйке аймақтары байқалады. Сонымен, Гальванидің тәжірибесінде тірі тінде электр тогының болатынын және ондағы потенциал айырмашылығы тінді тітіркендіре алатындығыдәлелдеп берді.

Гальванидің екінші тәжірибесінде алғаш рет «жануар электрі» бар болуы байқалды. Ол зақымданған және зақымданбаған беткейлерде болады. Егер бұл екі бөліктіж8йкел3к беттік препаратқа қосса, тыныштық күйдегі топ пайда болады, нәтижесінде ол жүкені тітіркендіреді және бұлшықетті жиырылтады.

Құрал-жабдықтар: препаратталған инструменттер жинағы, лоток, пипетка, шыны ілгіш, дәке, Рингер ерітіндісі, бақа.

Жұмыс барысы: препаратты бақаның екі аяғынан жасайды. Сосын жүйкені препараттап, оны омыртқадан бөліп аламыз. Аяқ санының астыңғы үштен бір бөлігінің бұлшықеттерін кесіп, шыны ідгіш арқылы аяқ жүйкесіне тез іледі. Бірақ, ол санның зақымданған және зақымданбаған бөлігіне тию керек. Соның арқасында бұлшықеттің жиырылуы байқалады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: тәжірибенің жобасын сызыңыз, қорытындыда артқы аяқтар бұлшық етіннің жиырылу себебін түсіндіріңіз.

Маттеучи тәжірибесі. Қаңақа бұлшық етінің ток әсерімен жүйкенің тітіркенуі (2-реттік тетанус). 1840 ж. Маттеучи, жүйке-бұлшық ет препараты бұлшық етінің жиырылуын, келесі препараттың жирылған бұлшық етіне жүйкені сала отырып, тудыруға болатындығын көрсетті. Бұл тәжірибе, басқа препараттың жүйкесіне арналған тітіркендіргіш ретінде қолдануға болатын, жиырылған бұлшық еттегі токтар мәні жоғары екендігін куәләндандырады. Осы токтар «әсер тогы» деп те аталады.

Жұмыстың барысы: Қаңқа бұлшықеті жүйкесінің қимыл тітіркендірілуі. Маттеучи 1842 жылы жүйке бұлшықет препаратының жиырылуын басқа жүйке препаратына тигізуі арқылы байқады. Бұл тәжірибеде жиырылған бұлшықетте тогтар пайда болатыны көрінді. Бұл тогтарды басқа препараттарды тітіркендіру үшін қолданады. Бұл тогтар «қимыл тогтары» деген атқа ие болды.

Құрал-жабдықтар: препаратталған инструменттер жинағы, лоток, пипетка, шыны ілгіш, дәке, Рингер ерітіндісі, бақа, стимулятор, электрод, жабылатын пластинка.

Жұмыс барысы: бақаны қимылдатпайтындай қылып препаратқа керекті артқы 2 аяғын дайындаймыз. Сосын ілмекпен аяқ жүйкесін тізесіне дейін аламыз. Бөксе бұлшықетін алып тастайды, бірақ табанын қалдырады. Бір препараттың нервін омыртқаның бөлігінде қалдырамыз. Екі санды жпбылатын пластинкаға қоямыз. Бір жүйке бұлшықетінің жүйкесін шыны ілмектер арқылы электродтарға саламыз. Ол электродтар стимуляторға қосылу керек. Бір препараттың бұлшықетіне тігінен екінші жүке бұлшықетіне препаратын жалғастырады. Бірінші жүйке бұлшықет препаратын ритмикалық тітіркендіруге апарады да, бұлшықеттің жиырылуы байқалады.

Жұмыс барысында міндетті түрде жүйке жүйесіне кеуіп кетпеуі үшін назар аудару керек. Тәжірибенің алдында бірінші жүке бұлшықетінің бетін фильтрлі қағазбен кептіру керек.

Қорытынды: тәжірибенің схемасын салу. Екіншілік тетанустың пайда болу себебін түсіндіріңдер.

5 Жұмыс: схема салу.

«Күш-уақыт» қисығы

Бақаны қозғалыссыз қалдыру – ми және Ет-жүйкелік препаратты дайындаудың кезеңдері.

жұлынның бұзылуы.Түсіндірме мәтінде. Түсіндірме мәтінде.

Гальванидің екінші тәжірибесі Екіншілік тетанус алу үшін өткізілетін

тәжірибенің сызбанұсқасы(Маттеучи

тәжірибесі).

1-бақа аяқтары;2-тітіркендіретін

электродтар.

7. Бақылау: кроссворд шешу және құрастыру.

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

1. Сыртқы ортаның түрлі өзгерістеріне жауап беретін, өзіндік реттеуші жүйе қалай аталады? - организм

2. Сыртықы орта тітіркендіргіштеріне, организмнің жауапты реакциясы қалай аталады? – рефлекс

3. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы аталады: - гомеостаз

4. Организмнің жоғарғы жүйке іс-әрекетінің ілімін қалаған: - И.П.Павлов

5. Организмнің тіршілік әрекетінің жиынтығы орыс тілінде қалай аталады? - среда

6. Қысқа уақытқа созылатын, жансыздандырылған жануарлардың мүшелер жұмысын зерттеу үшін, олардың организмін кесіп, жүйкелерін тітіркендірудегі әсерін зерттеу, дәрілік заттарды егу және т.б. жағдайдағы тәжірибе орыс тілінде қалай аталады? - острый

Сабақтың тақырыбы бойынша бақылау: Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру әдістері.

1

3

4

5

6

2

( студенттерге)

«Астана медицина университеті» АҚ