Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

Қанның резус-факторын анықтау.

Жұмыс мақсаты: Резус-факторды анықтаудағы әдістемемен танысу.

Әдістеме: Ақ тарелкаға стандартты сыворотка мен зерттелетін қанның тамшыларын тамшылаймыз. 5 минуттан кейін агглютинацияның бар-жоқтығын анықтаймыз. Егер оң реакция жүрген кезінде ерітінде кішкентай жапалақтар тәрізді пайда болады, ал теріс реакция болса, құрамында гемогеннің болуы.

Жұмыс нәтижелерін қорытындылаймыз.

11-жұмыс Тромбоэластограмманы талдау.

Жұмысты бейнелеуге қажет: тромбоэласторраф, стерильді скарифатор, арнайы капилляр, мақта, спирт, йод.

Жұмыс барысы: қанды (m= 0,025 мм3 ) тромбоэлостографтың кюветіне салып, құралды қосамызда тромбоэлостограмманың жазбасын жасаймыз.

Жұмыстың дайындалу нұсқаулары. Дайын болған қисыққа ұюдың пайда болу уақытымен максимальды серпінділігін белгілендер.

12 жұмыс: Кесте және сызбанұсқа салу.

Ескертпе. Тромбоэластограмма қан ұю жүйесі мен фибринолиз жағдайының өзгерістерін көрсетеді.

Сурет 45. Сали гемометрі мен капилляр.

Сурет 42. Қанның пішінді элементтеріне арналған меланжерлер(а) және меланжерге қан алу(б).

1 – эритроциттерге арналған меланжер; 2 – лейкоциттерге арналған меланжер.

Сурет 43. Горяев есептеуіш камерасы. а-жоғарыдан көрініс, б-бүйірінен, в-Горяев торшасы.

Сурет 25. Қан ұюдың кезеңдері мен фазалары.

Ситуациялық есептерді шешу: Қан құрамы, қасиеттері. Қанның формалық элементтері.

Қанның қорғаныс қасиеттері.

1 есеп

Қанның келесі анализдерін қарастырыңыз және өзіңіздің тұжырымыңызды жасаңыз:

сыбағалы салмақ – 1,080; жалпы белок – 7-8 %; қант – 200 мг/%; билирубин – 0,5 мг/%; РН – 7,4

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Қанның жалпы анализі қандай мақсатпен жүргізіледі?

  2. Берілген көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Қалаптылық деген не? Есепте аталған көрсеткіштер үшін формула жазыңыз.

  3. Есептегі берілгендерді қалыпты жағдайдаймен салыстырыңыз. Ауытқуды анықтаңыз.

  4. Қан көрсеткіштерін тұрақтандыртын және есепте берілген шамалар бойынша олардың ауытқу тегершіктерін түсіндіріңіз.

2 есеп

Егер адам салмағы 80кг., ал қанның гематокриттік көрсеткіші 40% болса, онда адам плазмасы мен қан түйіршіктері нешеге (литрде) тең екендігін есептеңіз. Қанның жалпы көлемі қалыпты жағдайға сәйкес пе?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Гематокрит туралы түсінік

  2. Қалыпты жағдайдағы гематокрит мөлшері

  3. Гематокритті зерттеу тәсілдері

  4. Зерттелушідегі қан салмағын анықтаңыз және гематокритті санаңыз

3 есеп

Науқаста ұзақ ашығудан кейін, ісік пайда болған. Осы ісіктің физиологиялық тегершігі қандай? Ісікті қандай жедел және емдік шаралар төмендетеді?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Ісік туралы түсінік

  2. Ұлпаға сұйықтықтың түсу жолдары

  3. Сүзу қысымының түзілу тегершіктері

  4. Плазмалық ақуыздардың онкотикалық қысымы туралы түсінік

  5. Гипопротеинемия туралы түсінік. Плазма ақуыздарының түзілу орны. Тағамдану жағдайына байланысты түзілу тәуелділігі

  6. Қан плазмасы ақуыздық жетіспеушіліктің орнын толтыру тәсілдері (энтеральді және парентеральді)

4 - есеп

Ашығумен ұзақ уақыт бойы емделу кезінде қалыпты жағдайға қатысты қан плазмасының альбуминдері төмендейді және глобулиндері артады. Осы кезде эритроциттің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) қалай өзгереді?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. ЭТЖ туралы түсінік

  2. ЭТЖ- қамтамасыз ететін факторлар

  3. Қалыпты және ашығу кезіндегі қан плазмасы ақуыздарының динамикасы

  4. Қалыпты және ашығу кезіндегі қан плазмасы ақуыздарының маңызы

5- есеп

Лабораториялық үстелде, концентрациясы белгісіз натрий хлор ерітіндісі құйылған колбалар орналасқан. Оның біреуіне 0,9% NaCI, ал келесісіне 0,2 % NaCI ерітіндісі құйылғандығы белгілі. Адам қанының тамшысын қолдана отырып, әрбір пробиркадағы NaCI концентрациясын қалай анықтауға болады?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Изо-, гипо-, гиперосмия туралы түсінік

  2. Физиологиялық ерітінділер

  3. Эритроциттің осмостық тұрақтылығы

  4. Гемолиз түрлері

6 есеп

Алдыңызда қанның жалпы екі анализі: екі науқаста да түрлі-түсті көрсеткішті есептеңіз және тұжырым жасаңыз.

а) эритроцит – 4,5х1012/л, Hв – 149 г/л;

б) эритроцит – 2,7х1012/л, Hв – 74 г/л; Есепті шешу алгоритмі:

  1. ТТК (түрлі-түсті көрсеткіш) туралы түсінік

  2. ТТК анықтау және есептеу тәсілдері

  3. ТТК қалыпты шамасы. Ол нені білдіреді? Физиологиялық маңызы.

  4. 1 және 2 – наукастардағы ТТК қалыпты жағдаймен салыстырыңыз

  5. 1 және 2 - жағдайдағы қанның түзілуі мен пайда болу қызметінің ерекшеліктерін талдаңыз

7- есеп

Жоғарғы таулы аудандағы тұрғындар қанының лабораториялық анализі кезінде, осы тұрғындар мен осы аймаққа жаңа көшіп келген тұрғындардың эритроциті мен гемоглобин санының жоғарылағандығы анықталды. Екі жағдайда да пайда болған эритроцитоздың тегершігі бірдей ме? Тұжырымды дәлелдеу үшін, қанның қандай қосымша анализін жүргізу қажет?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Эритрон жүйесіндегі реттеліс (жүйке-рефлекторлық және гуморальдық) тегершігі

  2. Гипоксия түсінігі, оның эритропоэзге әсері

  3. Гемоглобин және қанның оттегілік сыйымдылығы

  4. Шеткі қандағы эритроцит санының тұрақты және жедел өзгеру жолдары

  5. Эритроциттің пісіп жетілу кезеңін анықтауға арналған қан жағындысын алу қажеттілігі

8- есеп

Альпинисте 2500м биіктікте эритроцит саны 6х1012 /л. дейін жоғарылағандығы анықталды. Бұл немен байланысты?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Эритрон жүйесіндегі реттеліс (жүйке-рефлекторлық және гуморальдық) тегершігі

  2. Гипоксия түсінігі, оның эритропоэзге әсері

  3. Гемоглобин және қанның оттегілік сыйымдылығы

  4. Шеткі қандағы эритроцит санының тұрақты және жедел өзгеру жолдары

  5. Эритроциттің пісіп жетілу кезеңін анықтауға арналған қан жағындысын алу қажеттілігі

9- есеп

Асқазанның басым бөлігін кесу операциясынан бірнеше уақыт өткеннен кейін, қанда эритроцит және гемоглобин саны төмендеді. Осы жағдай неге негізделген?

Есепті шешу алгоритмі:

  1. Анемия туралы түсінік

  2. Анемияны анықтаудағы түрлі-түсті көрсеткіштің мәні

  3. Эритропоэздің реттелісі

  4. Эритропоэз реттелісіндегі Каслдың ішкі факторының маңызы

10 есеп

Берілгені: Шеткі қанда эритроцит мөлшері 7х1012 / л. Түсті көрсеткіш 0,9. Гематокриттік көрсеткіш 40% сары суы және 60% қан түйіршіктері. 4 айлық емізулі ананың саусағынан қан алынды. Келтірілген көрсеткіштерді бағалаңыз.

Есепті шешу алгоритмі:

1.Есепте берілген көрсеткіштерді қалыпты жағдаймен салыстырыңыз. Ерекшеліктерін табыңыз, қан жүйесінің жағдайы бойынша бағалаңыз.

11 есеп

Адамды өлтіру жүргізілді. Күдікті пәтерінің еденінде қою-қызыл дақтар табылған. Бұл бояу емес, қан екендігін қалай дәлелдеуге болады?

Есепті шешу алгоритмі:

1.Қанның түсі гемоглобин арқылы анықталады.

2.Нв-ге деген сандық реакциялар (спектральді, Тейхманның тұз-қышқылды гематин кристалдары)

3.Осы тәсілдің қағидалық негізін қарастырып, мүмкіндігінше тәсілді талдаңыз

«Астана медицина университеті» АҚ