Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все Стом Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
21.75 Mб
Скачать

Адамда қалыпты жағдайда қанның лейкоцитарлық формуласы.

ГРАНУЛОЦИТТЕР

АГРАНУЛОЦИТТЕР

Базофильдік

Эозинофильдік

Нейтрофильдік

Лимфоциттер

Моноциттер

Метамиелоциттер

Таяқшаядрлық

Сегментоядрлық

0-1%

1-5%

0-1

1-5%

47-72%

19-37%

3-11%

Жұмыс нәтижелерін қорытындылау.

3-жұмыс. Сали әдісі бойынша қандағы гемоглабин санын анықтау.

Гемоглобин – эритроциттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл күрделі хромпротент, глобин және гем ақуыздарынан тұрады, гемнан қанның түсі байланысты. Геннің құрамына 1 темір атомы кіреді, бұл атом гемоглобиннің оттегімен байлданысқа түсуін қамтамассыз етеді. Салли гемометрі штатив болып табылады, оның артқы қабырғасы ақ шыныдан жасалынған. Штативке диаметрі бірдей үш пробирка қойылған. Екі шеткі пробиркалар жабылған, оның құрамында гематин хлоридінің ерітіндісі бар; орташасы градиурленеген. Сөліның біреуі зерттеулер үшін арналған. Приборға көлемі 20 мл куб пипетка және шыны таяқша ұсынылады. Гемотин хлоридінің стандарт ерітіндісі 167 г/л –ге сәйкес.

Жұмыс үшін қажет: Салли гемометрі, мақта; пипетка, скорификатор, 0,1 хлорсутекті қышқылының ерітіндісі, спирт, эфир, йод, дистелденген су. Бұл жұмыс адамға жасалынады.

Жұмыс барысы: орталық пробиркаға 0,1 п хлор сутекті қышқыл ерітіндісін белгіге дейін құяды. Пипеткамен саусақтан 20 мл куб қан алынады да, саусақтың ұшы мақтамен сүртіледі. Қышқылдың жоғарғы қабаты боялмай қалатындай етіп, сол мезетте қанды пробирканың түбіне үрлейді.

Пробиркадан пипетканы алмай, оны қышқылмен шаяды. Содан соң пробиркадағы сұйықтықты саусақпен пробирканың түбін ұра араластырады да 5-10 минут штативке қояды. Бұл уақыт гемоглобиннің тұз қышқылы гемотиніне толық айналуы қажет. Содан соң пробиркадағы сұйықтыққа тамшылатып, алынған ерітіндінің түсі стеандартық түсімен бірдей болғанша, дистілденген суды қосады. Алынған ерітіндінің деңгейіндегі саны зерттелген қандағы гемоглабиннің болуын көрсетеді.

Жұмысты бейнелеуге арналған ұсыныстар: Қандағы гемоглабин мөлшерін анықтаудың принципін түсіндіріңдер.

4-жұмыс.Плазманың және пішіндік элементтердің қатынасының көлемін анықтау (гематокрит ).

Қанның плазмасының және пішіндік элементтердің қатынасының көлемі процент есебімен гематокрит деп аталады.

Жұмыс үшін қажет: центрифуга, гематокриттік капилярлар, натрий цитратының кристалшалары ,қан.

Жұмыс барысы: саусақты теседі. Шыққан қан тамшысына пинцетпен натрий цитратының 2-3 кристалшаларын апарады.

Цинтрифуга капилярына қанды жинайды және насадкада бекітеді. Капилярға ауаның көпіршіктері түспеу керек. Саусақтың тесілген жеріне сулы тампон қояды. Капилярды жабадыда , 60-70 айналыс минуты жылдамдықпен цинтрифугалауды бастайды.

Жұмыстың безендірілуіне ұсыныстар: Пішіндік элементтердің бағанның ұзындығын анықтаңдар.

5-жұмыс. Эритроциттердің осмостық резистингтілігін анықтау.

Жұмыс үшін қажет: приборлары бар штатив, пипетка, натрий хлордың 0,9 % тен- 0,1% ке шейін ерітіндісі және цитратты қан.

Жұмыс барысы: приборларды бірінен соң бірін нөмерлейді және штативке орналастырады.Әр пробиркаға пипеткамен 3 мл- ден натрий хлорид 1-0,9 %,2-0,85 тен 0,1 % ке дейін ерітіндісі. Пипетканың көмегімен әр пробиркаға 2 тамшыдан цитратты қанды қосады. Бес минуттан кейін гемолиздің бар, жоқтығын қарайды.

Жұмыстың безендірілуіне ұсыныстар:

Натрий хлорид ерітіндісін қандай концентрациясында минимальды жэәне максимальды осмостық резистенттілігінің болуын анықтау.

6-жұмыс. Панченков бойынша эритроциттердің шөгу жылдамдығын анықтау.

Қозғалыс кезінде қан тұрақты суспензия болып табылады. Шыны ыдысқа салғанда эритроциттер өздерінің ауырылығына байланысады шөгеді. Жұмыс үшін қажет: Панченков приборы сағат шынысы, стерильді скарификатор, мақта, 5% - тік натрий цитратының ерітіндісі, спирт, эфир, йод. Осы жұмыс адамға жасалынады.

Жұмыс барысы: Р белгісіне дейін 50 мл деңгейінде цитрат натрийді копилярға жанаиды да, сағат шынысына үрлейді. Сонан соң осы копилярға екі рет адамның саусағынан К белгісіне дейін қан жинайды. Қанның екі порциясын сағат шынысына жібереді, ондағы натрий цитратымен араластырады.Осы жолмен алынған сағат шыныдағы ¼ қатынасындағы қан мен натрий цитратының қосылысы О белгісіне дейін копилярға жинайды және капилярды штативке салады. 1 Ссағаттан кейін мм есебі бойынша капилярдағы плазманың биіктігін қарайды. Соның шамасы эритроциттің шөгу жылдамдығы болып табылады.

Жұмыс безендірілуіне ұсыныс:

Алынған нәтижелерге баға беріңдер.

7-жұмыс. Түрлі- түсті көрсеткішті (ТТК) есептеу.

ТТК есептеу үшін, %- шағып, қандағы Нв санын эритроциттің алғашқы 3 санына бөледі және табылған шаманы 5-ке көбейтеді. ТТК мұндай есептеу тәсілі, кәдімгі жағдайда, (Нв шамасы 100% және 1мл3 қандағы эритроциттер болғанда) ТТК сәйкестігі үшін қажет.

ТТК › 1 болғанда (гиперхромазия) немесе ‹ 1 (гипохромазия) анықталады. ТТК есептеу үшін, бастапқы жұмыстарда анықталған шамаларды қолданады: қандағы Нв- % -шамасы және 1 мл3 қандағы эритроциттің алғашқы 3 саны қолданылады. Анықталған шамаларды келесі формула ТТК = (Hb×5):эритроциттерге бойынша есептейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар:

Формула бойынша ТТК есептеңіз және қалыпты жағдаймен салыстыра отырып, оны бағалаңыз.