- •Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер:
- •Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер.
- •Жалбызтікен тамыры және жалбызтікен жапырағы – Radix et Folium Althaeae
- •Өгейшөп жапырағы - Folium farfarae
- •Шалфей жапырағы – Folium Salviae
- •Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti
- •Арша жемісі – Fructus Juniperi
- •Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae
- •Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae
- •Арника гүлдері. - Flores arnicae.
- •Андыз тамыры – Radix Jnulae
- •Дермене гүлдері – Flores cinae
- •Саз қазанақ өркені – Cormus ledi palustris
- •Анис жемісі – Fructus anisi
- •Айыр тамырсабағы – Rhizoma calami
- •Мыңжапырақ шөбі – herba millefolii
Шалфей жапырағы – Folium Salviae
Дәрілік шалфей - Salva officinalis L
Ерінгүлділер тұқымдасы – Laviaceae
Шалфей жапырағынан дайындалған тұндырмасын бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдаланады. Сондықтан оны жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда/ стоматит тамақты және ауызды шаю үшін қолданады.
Шалфей шөбінен сальвин –Salvinium деген комплексті дәрі алынады. Сальвин дәрісі қызылиектің қабынуын және ауыздың уылуын созылмалы түрін, ауыздың сілемейлі қабатының механикалық зақымдалуынан және ыстықтың әсерінен болған жараларды әр түрлі пародонтозды емдеуге қолданады.
Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti
Шыбық тәрізді эвкалипт - Eucalyptus vimialis labiil
Сұрғылт эвкалтпт - Eucalyptus cinerea Muell
Мирта тұқымдасы – Myrtaceae
Тұтас ұнтақталған және брикеттелген эвкалипт жапырақтарынан алынған тұндырмаларын антисептик дәрі ретінде, жоғарғы тыныс алу жүйелері қабынғанда ыстық бумен демалу үшін қолданылады. Сонымен қатар жараларды, жарақаттарды, жуып шаятын дәрі ретінде қолданылады. Эвкалипт жапырақтарынан тұнба /1:5/ дайындайды. Жаңа жинаған өркендерден эфир майын алады. Ол жоғарғы тыныс алу жүйелерінің қабынуына қарсы ингаляция, тамақ шаятындәрі ретінде қолданады. Эвкалипт жапырағынан пектуссин, эвкатло, ингакамф, эвкамон, ингалипт,хлорофиллипт деген дәрілер алынады.
Арша жемісі – Fructus Juniperi
Кәдімгі арша - Juniperus communis L
Кипаристер тұқымдасы - Cupressaceae
Арша жемісі / бүржидек/ зәр/ несеп/ айдайтын өсімдік шикізаттар жиынының құрамына кіреді. Одан зәр шығаратын дәрі тұндырма дайындайды. Бірақ бұл дәріні нефритте, нефроздарда қолдануға болмайды, өйткені, қабынған бүйрек клеткаларын одан әрі зақымдайды.
Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae
Дәрілік валериана - Valeriana officinalis L.
Валериана тұқымдасы - Valerianaceae
Валериананың тамыры мен тамырсабағынан дайындалған қайнатпа тыныштандырғыш дәрі ретінде пайдаланылады. Және олар тыныштандырғыш, жел айдайтын, асқазан жұмысын реттейтін шикізат жиындарының құрамына кіреді. Валериана тамырлары тұнба, қою экстракт алғанда қолданылады. Валериана дәрі – дәрмектері орталық нерв жүйесінің қозуын азайтады. Және ұйықтатқыш дәрілердің қозуын күшейтеді. Жаңа жиналғаен валериана тамырларынан дайындалған тұнба кардиовален дәрісінің құрамына кіреді.
Қарағай бүршігі – Gemmae Pini
Кәдімгі қарағай -Pinus silvestris L
Қарағайлар тұқымдасы – Pinaceae
Қарағай бүршіктерінен дайындаған қайнатпаны жөтелге қарсы және зарарсыздандыру үшін қолданылады. Зәр айдайтын өсімдіктер жиынының құрамына кіреді. Қарағай жапырақтарынан дайындалған экстракт әлдендіргіш дәрі ретінде шомылғанда ванналарға қосады. Қарағай эфир майынан алынған терпентин түрлі мазь алынады.
Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae
Дәрілік ромашка - Matricaria recutita L.
Күрделігүлділер тұқымдасы - Asteraceae
Ромашка гүлдерінен дайындалған тұндырма түрлі қабынуларға қарсы, аллергияларға қарсы және тер шығаратын дәрі ретінде қолданылады. Сонымен қатар ромашка гүлдері осындай әсері бар өсімдік шикізаттарының жиынының құрамына кіреді. Ромашка гүлінің экстрагі/ сығындысы/ және оның эфир майы шетелдік Ромазулан дәрісінің құрамына кіреді. Ромазулан қабынуға қарсы және сасық иісті кетіру үшін қолданылады. Ромашка эфир майының қабынуға қарсы әсері хамазулен терпеніне байланысты және осындай әсер ромашка эфир майындағы бисаболенге де тән екені дәлелденді.
Ромашка гүлдеріндегі флавоноидтардың және кумариндердің организмдегі түйілуді жоюда орташа әсері бар.
Ромашка гүлінің сұйық экстрагі ротокан дәрісінің құрамына дәрілік календула және мыңжапырақ экстрактерімен бірге кіреді. Ротокан ауыздың кілегей қабатының қабынуына қарсы және пародонтозға қарсы шаятын дәрі ретінде және апликация ретінде қолданылады.
Кәдімгі ромашка. – matricaria matricariooles porter.
Кәдімгі ромашканың гүлдері сыртқы дерттерді емдеу үшін, түрлі қабынуларға қарсы, қолданылады. Гүлдерден дайындалған тұндырмамен ауызды шаяды, шомылғанда ванналарға қосады және клизма ретінде қолданады.
