
- •Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер:
- •Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер.
- •Жалбызтікен тамыры және жалбызтікен жапырағы – Radix et Folium Althaeae
- •Өгейшөп жапырағы - Folium farfarae
- •Шалфей жапырағы – Folium Salviae
- •Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti
- •Арша жемісі – Fructus Juniperi
- •Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae
- •Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae
- •Арника гүлдері. - Flores arnicae.
- •Андыз тамыры – Radix Jnulae
- •Дермене гүлдері – Flores cinae
- •Саз қазанақ өркені – Cormus ledi palustris
- •Анис жемісі – Fructus anisi
- •Айыр тамырсабағы – Rhizoma calami
- •Мыңжапырақ шөбі – herba millefolii
Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер:
Шайыр (Gummi)
Зығыр тұқымы - (Semen lini).
Сүйсін түбірі – Tuber Salep
Жалбызтікен тамыры және жалбызтікен жапырағы – Radix et Folium Althaeae
Өгейшөп жапырағы - Folium farfarae
Үлкен бақажапырақ жапырағы, жолжелкен жапырағы.
Foliuim plantaginis mayoris
Бүрге бақажапырағының тұқымы – Semen Psyllii
Теңіз капустасы немесе Ламинария – Laminaria.
Раушангүл майы - Oleum Rosa
Кориандр жемісі - Fructus Coriandri
Лимон майы – Oleum Citri
Бұрыш жалбыз жапырағы Folium Menthae
Шалфей жапырағы – Folium Salviae
Эвкалипт жапырағы – folium Eucalypti
Арша жемісі – Fructus Juniperi
Валериана тамырсабағы мен тамыры – Rhizoma cum radicibus Valerianae
Қарағай бүршігі – Gemmae Pini
Ромашка гүлдері – Flores Chamomillae
Арника гүлдері. - Flores arnicae.
Андыз тамыры – Radix Jnulae
Дермене гүлдері – Flores cinae
Қайың бүршігі – Gemmae betulae
Саз қазанақ өркені – Cormus ledi palustris
Анис жемісі – Fructus anisi
Жебір шөбі – Herba thymi
Айыр тамырсабағы – Rhizoma calami
Мыңжапырақ шөбі – herba millefolii
Құлмақ бүрі – Strobili Lupuli
Фармацевтикалық дәрілік өсімдіктер.
Шайыр (Gummi)
Трагакант шайыры - Gummi Tragacanthae.
Бұл шикізатты (Gummi Tragacanthaе) трагакантты астрагалдыңи бірнеше түрінен, олардың ішінен қалығң бұтақты немесе киіз бұтақты астрагалдан (Astragalus piletocladus) алады. Қалың бұтақты астрагал бұршақ тұқымдас (fabaceae) өсімдік қатарына жатады.
Трагакант (Gummi Tragacanthaе) туыс тармағы 240 түрден тұрады. Олардың ішінен практикалық маңыздысы 30 түрге жақын.Трагакантты астрагалдың ұзындығы 1 – 1,5 метрге жететін жиі бұтақтанған тікенекті бұталар. Жапырақтары жұп қауырсынды күрделі. Гүлдерінің түсі ақшыл – сары, тостағаншасы қалыңтүкті болады.Жемісі бұршаққап.
Трагакантты астрагалдар көбінесе Алдыңғы және Орта Азияның таулы аймақтарында және Кавказда өседі. Бұл астрагалдардың ең көп тараған жері – Иран, Түркия, ТМД және Сирия. Дүние жүзіндегі трагакант шайырын дайындайтын орталық деп, Иран мен Түркияны айтады.
Медицинада қолданылуы: Трагакант шайырының бөріткіш және жабысқақ қасиеттері медицинада және фармация практикасында эмульсиялар, таблеткалар, пилюлдер дайындағанда өте кең қолданылады.
Зығыр тұқымы - (Semen lini).
Кәдімгі зығыр – Linum usitatissimum L.
Зығырлар тұқымдасы – Linaceae.
Кәдімгі зығыр - жіңішке сабақты біржылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары өте көп, жіңішке қандауыр пішінді. Олар сабақтарында қондырмалы болып, кезектесіп орналасқан және сыртынан балауызданған. Гүл күлтелері 5 жапырақты, ашық көк түсті. Жемісі – қорапша, оның ішінде 10 тұқымы болады.
Дәрілік шикізаты: Зығыр тұқымы – жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 3-5 мм, бір жағы – сүйір, екінші жағы – дөңес. Тұқымның сырты тегіс, жылтыр, қоңыр түсті.
Медицинада қолданылуы: Шырышты қайнатпа ішектің кілегейлі қабатының қабынуына қарсы қапталғыш дәрі ретінде қолданылады. Тұқымның ұнтағы - жұмсартқыш дәрі ретінде ыстықтай булау үшін пайдаланылады. Зығыр майынан линетол препараты алынады. Линетол – 57% линолен, 15% линол, 15 % олеин қышқылдарының этил эфирлерінің қосындыларынан тұратын дәрі. Линетол дәрісі атересклерозға қарсы, адам денесі күйгенде және радиоактивті сәулелермен емдегенде пайда болатын жараларды жазу үшін майлы дәрі ретінде қолданылады.
Сүйсін түбірі – Tuber Salep
Дәрілік шикізат: Сүйсін түбірін (салеп түбірі) өсімдіктер гүлдегенде жинайды. Жинағанннан кейін, эпидермис қабатынан тазартылған түбірлерді бірнеше минутқа қайнап тұрған ыстық суға салады. Соның арқасында түбірлер ұзақ уақыт сақталғанда өсу қабілетін жояды және олардың жағымсыз иісі мен ащы дәмі кетеді. Сонымен қатар түбірлердегі крахмалдар клейстірленіп (желімделіп), олар ерекше қатаяды. Кептірілген түбірлер жұмыртқа тәрізді немесе саусақты бөлімді болады. Олар өте тығыз мүйіз сияқты ақшыл сары немесе түсі сұр болады. Бұл түбірлердің ұзындығы 4 см, ал жуандығы 0,5 – 2 см ге дейін жетеді. Түбірлердің үстіңгі жағында кішкене бүршігі болады. Кейде ол түсіп қалады. Сүйсін түбірінің иісі де дәмі де болмайды.
Медицинада қолданылуы: Салеп ірі дайындалған ұнтақ ретінде шығарылады. Сүйсін ұнтағынан шырыш кілегейін алады. Оны ішек – асқазан жүйесінің қабынуларына қарсы (энтероколит, гастрит) қапталғыш, оралғыш дәрі ретінде қолданады.