Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек. СРС тема 4 каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
98.31 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандығы: 051101 – «Жалпы медицина»

Кафедра: эндокринология

1.6 «Эндокринология» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс: 4

Семестр – 7-8

Блок №5: «Эндокринология»

4 тақырып: Қалқанша маңы безінің аурулары

А лматы 2012

Өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар кафедра отырысында қаралды және талқыланды. Хаттама №1 «31» тамыз 2012ж.

Эндокринология кафедрасының

меңгерушісі м.ғ.д., профессор Абылайұлы Ж.

1. № 4 Тақырып: Қалқанша маңы безінің аурулары

2. Мақсаты: гипо- және гиперпаратиреоз синдромымен өтетін аурулардың этиологиясы, патогенезі, диагностикасы мен емдеу принциптері бойынша білім және дағды қалыптастыру.

3. Міндеттері:

Нұсқа 1. «Қалқанша маңы безінің аденомасы бар науқас» тақырыбы бойынша клиникалық есеп құру. Диагностикасы мен емі бойынша сұрақ құрастыру, оларға дұрыс жауып дайындау.

Нұсқа 2. «Біріншілік гиперпаратиреоз» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

Нұсқа 3. «Гипопаратиреоз» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.

Нұсқа 4. Біріншілік гиперпаратиреоздың диагностикалық алгоритмін жасау.

Нұсқа 5. «Гипопаратиреозбен ауыратын науқас» тақырыбы бойынша клиникалық есеп құру. Этиологиясы, диагностикасы мен емі бойынша сұрақ құрастыру, оларға дұрыс жауап дайындау.

Нұсқа 6. « Гиперпаратиреозбен ІІ типті көптеген эндокринді неоплазия. Сиппл синдромы» тақырыбына мультимедиялық презентация дайындау.

4. Орындау түрі:

1.Қалқанша маңы безі ауруларының диагностикасы мен еміне клиникалық есептер

2.Сабақ тақырыбына сай диагностикалық зерттеу алгоритмін көрсету.

3. Сабақ тақырыбына сай реферата көрсету

4.Сөзжұмбақ

5.Презентация

5. Орындау критерийлері

Реферат

Рефераттың үлгі құрылымы:

- титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);

- кіріспе (тақырып өзектілігін негіздеу);

- негізгі бөлім: талқыланып жатқан нозологияның түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынуларының болуына, бақылануына қарай заманауи емдеу және диагностика мәселелерін ашу – кесте, схемалар, графиктер, суреттер қолдануға болады;

- резюме – талқыланып жатқан нозологияның түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынуларының болуына, науқастың жасына байланысты емдеу және ағым ерекшеліктерін атап өту;

- таңдалған әдебиеттердің адекваттылығы, оны дұрыс жазу.

Рефератқа қойылатын талаптар:

- реферат тақырыбын ашуға жеткілікті көлемде болуы тиіс;

- реферат жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;

- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;

- иллюстрацияларды тиімді пайдалану (кесте, сызба, схема)

- библиографиясын дұрыс жасау.

Ауру мен оның асқынуларының диагностикалық алгоритмі Диагностикалық алгоритмнің үлгі құрылымы: - титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);

- диагностикалық алгоритмнің өзектілігін анықтау; - түріне, ауырлық дәрежесіне, асқынулардың болуына қарай ауру ағымының ерекшеліктерін айтып қорытынды жасау; - таңдалған әдебиеттердің адекваттылығы, оны дұрыс жазу. Диагностикалық алгоритмге қойылатын талаптар: - диагностикалық алгоритмнің тақырыбын ашуға жеткілікті көлемде болуы тиіс;

- библиографиясын дұрыс жасау.

Диагностика мен ем бойыша клиникалық (ситуациялық) есеп. Клиникалық (ситуациялық) есептің үлгі құрылымы: - титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады); - паспорттық бөлім; - науқастың шағымдары; - ауру анамнезі (аурудың ағымын хронологиялық ретпен көрсету, динамикасындағы жүргізілген ем және диагностика шараларын атап өту); - өмір анамнезі – аталған ауруға қатысы бар мәліметтерді көрсету; - физикалды зерттеу мәліметтері (барлық жүйелерді қысқаша толық сипаттау, ағзалардың патологиялық өзгерістерін көрсету);

- дұрыс жауаптар этолонын көрсету – диагноздың жалпы қабылданған құрылымы бойынша болжам диагнозы:

  • Нозологиялық түрін атау

  • Ауырлық дәрежесі

  • Ағымы

  • Кезеңдері

  • Асқынулары

  • Ағзаның функционалды күйі (ағзалар жүйесінің) – патологиялық процесске ұшыраған жүйенің жеткіліксіздігі (сатысы, дәрежесі, функционалды класы)

Клиникалық (ситуациялық) есепті құрастыруға қойылатын талаптар: - есеп көлемі диагноз қоюға жеткілікті болуы тиіс; - клиникалық есеп жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;

- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;

Эссе

Эссені құрастырудың ұсынылатын түрлері:

- этаптық эпикриз түрінді;

- диспансерлік тіркеуге алу эпикризі түрінде;

- ауыстыру эпикризі түрінде;

- шығару эпикризі (амбулаторлы картадан);

- клиникалық диагнозды негіздеу;

Эссені жазу түрінің өзектілігі

Эссеге қойылатын талаптар - титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады);

- эссені жазудың таңдалған түрінің өзектілігі;

- ақпараттылығы;

- жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;

- мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс;

- иллюстрацияларды тиімді пайдалану (таблица, график, схема)

- библиографиясын дұрыс жасау

- көлемі жеткілікті болуы тиіс

Емдеу схемасы

Емдеу схемасының үлгілік құрылымы: - титулдық парақ (пішіні бойынша жасалады); - кіріспе (тақырып өзектілігін негіздеу); - негізгі бөлім (схема этиологиялық, патогенетикалық, симптоматикалық емді дәлелді түрде ашады); - қорытынды (қорытынды жасалады немесе жалпылама қорытынды береді); - мәтінді жеткізу барысында пайдаланылған әдебиеттерге нұсқаулар болуы тиіс.

Емдеу схемасын жасауға қойылатын талаптар: - жұмыс көлемі толық және мәтінді ашуы тиіс; - жеткізу мәнерін сақтай отырып білікті жазылуы тиіс;

- библиографиясын дұрыс жасау.

Сөзжұмбақ Сөзжұмбақтың үлгілік құрылымы: 10 сұрақ горизонталды және 10 сұрақ вертикалды бағытта келесі талаптар бойынша қойылады: - ауру анықтамасы; - қауіп факторлары; - этиологиялық факторлар; - патогеникалық механизмдері; - клиникалық синдромдары; - лабораторлық өзгерістер; - инструменталды зерттеу әдістерінің нәтижелері; - емі; - біріншілік профилактикасы; - екіншілік профилактикасы;

Сөзжұмбақ құруға қойылатын талаптар: - сұрақтар нақты құрастырылуы керек; - жауаптарын грамматикалық қателіксіз жекеше түрде атау септігінде жазу тиіс.

6. Тапсыру уақыты: «Эндокринология» блогы бойынша тақырыптарды аяқтау кезінде