Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет.рек. СРС Тема 2 КАЗ.ЯЗ, 4 ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЭНДОКРИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Мамандық: 051101 – «Жалпы медицина»

Кафедра: эндокринология

1.6 «Эндокринология» пәнінен өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс: 4

Семестр – 7-8

Блок №5: «Эндокринология»

ақырып: Қалқанша безінің аурулары. Тироидиттер

А лматы 2012

Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар кафедраның отырысында қаралып, бекітілді. №1 хаттама, 31 тамыз 2012ж..

Эндокринология кафедрасының меңгерушісі

м.ғ.д., профессор Абылайұлы Ж.

1. Тақырып №2: Қалқанша безінің аурулары. Тироидиттер.

2. Мақсаты: Тироидиттердің этиологиясы, патогенезі, диагностикасы және емінің жалпы принциптер бойынша білім мен дағдылардың қалыптасуы.

3. Тапсырма:

1 нұсқа. «Де Кервен тироидитімен науқас» тақырыбына ситуациялық жағдай дайындау. Клиникалық көрініс, диагностика мен емдеуіне байланысты сұрақтар құрастыру және дұрыс жауаптар беру.

2 нұсқа. «Жедел тироидитпен науқас» тақырыбына ситуациялық жағдай дайындау. Клиникалық көрініс, диагностика мен емдеуіне байланысты сұрақтар құрастыру және дұрыс жауаптар беру.

3 нұсқа. «Ридель тироидитімен науқас» тақырыбына ситуациялық жағдай дайындау Клиникалық көрініс, диагностика мен емдеуіне байланысты сұрақтар құрастыру және дұрыс жауаптар беру.

4 нұсқа. «Созылмалы аутоиммунды тироидит, атрофиялық түрі. Манифестті гипотиреоз» клиникалық диагнозының дәлелін эссе түрінде дайындау.

5 нұсқа. «Созылмалы аутоиммунды тироидит, атрофиялық түрі. Манифестті гипотиреоз» тақырыбына ауру тарихын дайындау.

6 нұсқа. Аутоиммунды тироидиттің диагностикалық алгоритмін дайындау.

4. Орындау түрі:

1.Пән спецификасы бойынша сабақ тақырыбына реферат.

2.Қалқанша безі ауруларының диагностикасы мен емдеуіне клиникалық есеп.

3.Пән спецификасы бойынша сабақ тақырыбына сәйкес таныстыру түрінде (мультимедиялық) СӨЖ көрсету.

4.Сабақ тақырыбына сәйкес диагностикалық зерттеу алгоритмін көрсету.

5. СӨЖ тақырыбына сәйкес қалқанша безі ауруларының емдеу тірексызбасын көрсету.

6.Оқу барысында кездесетін патологиясы бар науқастарға кеңес беру туралы бейнефильм түсіру;

7.Эссе

8.Қалқанша безі ауруларын жүргізу мен емдеуінің актуалды сұрақтарын нақты ақпаратқа сүйене табу (дәлелді медицина принциптерінің негізінде).

9. СӨЖ тақырыбына сәйкес ауру тарихын безендіру.

5. Орындау критерийлері

Реферат

Рефераттың құрылыс үлгісі:

- титул парағы (форма бойынша безендіріледі);

- кіріспе (тақырып өзектілігін дәлелдеу);

- негізгі бөлім: оқу барысындағы нозологияның түріне, ауырлығына, асқынуларының болуына, бақылыуына байланысты уақытылы диагностикасы мен емінің мәселесін ашу - таблицалар, тірексызбалар, графиктер, суреттер және т.б. қолдануы мүмкін;

- резюме, оқу барысындағы нозологияның түріне, ауырлығына, асқынуларының болуына, бақылыуына, жасына байланысты ағымының ерекшелігі мен емі қысқаша түрде көрсетілуі тиіс;

- тандалған әдебиеттің баламалығы, оның дұрыс безендірілуі

Рефератты безендіру талаптары:

- рефераттың тақырыбы толық ашылуы үшін көлемі жеткілікті болуы тиіс;

- реферат сауатты, мәдениет тілін ұстанып орындалуы керек;

- мәтін орындалу барысында қолданған әдебиеттерге сілтемелер болу керек;

- суреттемені орынды қолдану (таблицалар, графиктер, тірексызбалар)

- библиографияның дұрыс безендірілуі.

Ауру және оның асқынулар диагностикасының алгоритмі Диагностикалау алгоритмінің құрылыс үлгісі: - титул парағы (форма бойынша безендіріледі); - диагностикалау алгоритмінің өзектілігін анықтау; - түріне, ауырлығына, асқынуларының болуына байланысты ағымының ерекшеліктері көрсетілген қорытынды; - тандалған әдебиеттің баламалығы, оның дұрыс безендірілуі. Диагностикалау алгоритмінің безендіру талаптары: - алгоритмнің толық болуы үшін жұмыс көлемі жеткілікті болуы тиіс; - жұмыс сауатты орындалуы тиіс; - библиографияның дұрыс безендірілуі.

Диагностика мен емдеу бойынша клиникалық (ситуациялық) есеп . Клиникалық (ситуациялық) есебінің құрылыс үлгісі: - титул парағы (форма бойынша безендіріледі); - төлқұжат бөлігі; - науқастың шағымы; - ауру анамнезі (өткізілген зерттеу мен емдеуін көрсетіп хронология түрінде ауру ағымының динамикасын жазу); - өмір анамнезі – осы ауруға қатысты мәліметтерді көрсету; - науқастың физикалды көрсеткіштері (барлық ағза жүйелерін қысқаша сипаттап, патологиялық өзгерген ағза жүйесін толық сипаттау;

- дұрыс жауабын көрсету – жалпыға сәйкес диагноз құрылысы бойынша алдын ала диагноз:

  • нозология түрінің атауы

  • ауырлықтың дәрежесі

  • ағымы

  • кезең

  • асқынулардың болуы

  • ағзаның (ағзалар жүйесінің) функционалды жағдайы - патологиялық процеске еңген жүйенің жетіспеушілігі (дәреже, кезең, функционалды класс)

Клиникалық (ситуациялық) есебінің безендіру талаптары: - есептің көлемі диагнозды қоюға жеткілікті болуы тиіс; - клиникалық ситуациялық есеп сауатты, мәдениет тілін ұстанып орындалуы керек; - тандалған әдебиеттің баламалығы, оның дұрыс безендірілуі.

Эссе

Ээссе орындауының ұсынылған түрлері:

- этапты эпикриз түрінде;

- диспансерлік есепке алу эпикризі;

- көшіру эпикризі;

- шығару эпикризі (амбулаторлық картадан көшірме);

- клиникалық диагнозды дәлелдеу;

Эссенің безендіру талаптары: - титул парағы (форма бойынша безендіріледі); - эссенің таңдалған орындау түрінің актуалдығы;

- эссе ақпаратының толықтылығы;

- суреттемені орынды қолдану; - сауатты, мәдениет тілін ұстанып орындалуы керек;

- эссе көлемі жеткілікті болуы тиіс; - тандалған әдебиеттің баламалығы, оның дұрыс безендірілуі.

Емдеу кестесі

Емдеу кестесінің құрылыс үлгісі: - титул парағы (форма бойынша безендіріледі);

- кіріспе (тақырып өзектілігін дәлелдеу); - негізгі бөлім (кесте этиологиялық, патогенездік және симптоматикалық емдеуді дәлелді түрде көрсетеді); - қорытынды (қорытындылау немесе тақырып бойынша жалпы қорытынды шығару); - тандалған әдебиеттің баламалығы, оның дұрыс безендірілуі.

Емдеу кестесінің безендіру талаптары: - жұмыс көлемі толық, мазмұны анық болуы тиіс; - жұмыс сауатты орындалуы тиіс; - библиографияның дұрыс безендірілуі.