Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Keshen_etnopsikhologia-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
440.32 Кб
Скачать

Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті гуманитарлық ғылымдар факультеті педагогикалық ғылымдар кафедрасы

«ЭТНОПСИХОЛОГИЯ»

Пәні бойынша

ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

Оқытушының аты-жөні: п.ғ.д., профессор А.Усманов

PhD докторы, доцент м. а. Керимбаева Б.Т.

Мекен жайы (көшесі, корпусы, кафедра аудиториясы): №7ғимарат, 203 аудитория

Телефон ұялы: 87024090310

Түркістан 2014

Лекциялар жинағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша Оқу-әдістемелік секциясы жасаған және ұсынған (хаттама №1 24.09.06 №1 бұйрық). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 11.05.05. жылғы №289 бұйрығына сәйкес шыққан бағдарламаның орнына енгізілген, 050103-Педагогика және психология мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, мамандықтың типтік оқу жоспары және пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Лекциялар жинағы кафедра № _ «___»____ 2014ж. мәжілісінде талқыланды.

Кафедра меңгерушісі___________ п.Ғ.Д., профессор ж.З.Торыбаева

1-лекция. Тақырыбы 1.Этнопсиология-психологияның бір саласы ретінде.

Жоспары:

  1. Этносихологияның психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттері

  2. Этнос ұғымының мәні

Лекцияның мақсаты: Этносихологияның психологияның бір саласы ретіндегі пәні мен міндеттерін анықтау, этнос ұғымының мәнін түсіну.

Лекцияның мәтіні:Этнопсихология грек тілінен аударғанда (ethnos -ру, ел) деген мағына береді. Этнопсихология ғылыми-теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана  функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық  аспектілері. ХІХ ғасырда этнопсихологиялық идеялар «халықтар психологиясы» ағымында дамыды. Олардың өкілдері  М.Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вунд болған.

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос  бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты-психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті  айтады, солайша санасыз жүреді, әр-кім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын  басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

В.Г. Крысько б/ша этнопсихология пәні- әр-түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдері психикаларының көріну ерекшеліктері. Бірақ, бұл ғылым әр-түрлі көзқарастар әсерінен мазмұны мен негізгі феномендерін өзгерте жүріп, қалыптасты.

Ұзақ уақыт бойы этнопсихологияның жалпы категориясы – күнделікті өмірден алынатын психологиялық жиналымдар болды. Ұлттық психологиялық жиынтық - сәтті түрде талданатын анықтамаларға жатады,- дейді Г.М. Андреева.

Сондықтан этнопсихологияда бұл ұғымды ашатын эквиваленттерді табу жолдары қарастырылуда, өйткені ұлттардың психологиялық жиынтығы ұғымына синоним ретінде-ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім, ұлттық психология кіреді.

Нақты бір мазмұны бар этнопсихологиялық құбылыстардың құрылымы екі тенденция әсеріне ұшырайды. Бірінші-бұл құрылым элементтері жалпы және әлеуметтік психологиямен байланысқан компоненттерден тұрады. Қандай да бір ұлттың мінез, темперамент, сезім, ерік және т.б ерекшеліктері. Екінші этнопсихологиялық феномендердің мазмұны мен формасын құрайтын адамдардың ұлттық мінезі, ұлттық психикасының жалпы және ерекше сипаттарын зерттеуді білдіреді.Бұл екі тенденция да өте күрделі.

Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының кенжелеу дамыған салаларының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана-сезімінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Еліміз егемен мемлекет атанып, тәуелсіздіктің сара жолына түскен шақты ұлттық факторларды ескерудің маңызы ерекше артып отыр.

Осы айтылғанға орай жұртшылықтың этнопсихологиялық мәселелерге көңіл аударуы заңды құбылыс екендігі хақ. Этнопсихология дәрісінің төмендегі шағын бағдарламасын жасау осындай талап тілектен туған.

.Мұнда жалпы этнопсихология мәселелерімен қатар, Қазақстандағы ұлттық-психологиялық жәйттерге байланысты аймақтық материалдар да көрініс тауып отыр.

Бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік мәні нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау-барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады.

Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып, ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, дене, т.б тәрбие түрлеріне қатысты таптаурынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың, жалпы мінез құлқы, іс әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология-психикамен мінез құлықтың қанға «сіңген» тез өзгеріп, не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология-адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Бұл адам мінез құлқының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностың өзіне тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің жүйесі. Әйтседе, бұлар арнайы ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, жеке тұлғамен этнос психологиясын ажыратуға жөнді жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз тек ғылыми психологияның деректеріне ғана сүйенеміз. Халықтық психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен этнографиямен астарласа дамыған этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады.

Энопсихология- әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс тіршілігінен туындайтын (тіл, дін,әдет-ғұрып, салт-дәстүр, миф т.б) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай-ақ ұлттық мінез-құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады. Ол жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь,Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның «халық рухы» дейтін ұғымы жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б) сан алуан.

Иконграфиялық жазба ескерткіштердегі этнопсихологиялық идеялар. Халықтар психологиясының табиғи факторлардан тәуелділігі туралы антикалық ғалымдардың (Аристотель, Платон, , Страбон және т.б) пікірлері. Гиппократ халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. Оның «ауа, су, жер туралы» еңбегінің мәні. Геродот, Тацит, Ксенофонт, т.б.этнографиялық очерктері және және оның этнопсихологиялық ойлардың дамуы үшін маңыздылығы.

М.Монтескье (1689-1755) географиялық детерминизм теориясының негізін салушы. Оның «Заң рухы туралы» еңбегінің этнопсихологиялық ой-пікірлердің дамуы үшін маңызы.

К.Гелвеций (1715-1771) халықтық мінездің елдің әлеуметтік-саяси тарихына тәуелді болатындығы. Оның «Ұлттық мінез туралы» кітабыеың маңызы.

М.Канттың (1724-1804) «халық », «ұлт», «халықтық мінез» ұғымдарына берген анықтамасы. М.Кант ұлттық мінез бен темперамент туралы.

И.Гердер (1744-1803) әр түрлі халықтар мәдениетінің ерекшеліктері, табиғат пен қоғам тарихы заңдылықтарының бірлігі туралы идеялары. Оның «Адамзат тарихы философиясына идеялар» атты еңбегінің мәні.

Бақылау сұрақтары:

  1. Этнопсихология пәні

  2. Этнопсихология пәні нені зерттейді

  3. Этнопсихология пәнінің мақсаты мен міндеттері

  4. Этнопсихология пәні қай ғасырда пайда бола бастады.

  5. Этнопсихолиямен этнопедагогиканың ортақ белгілері қандай

1-лекция Тақырыбы 2. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары

Жоспары:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]