Бақылау сұрақтары:
1. Ойынның негізгі мәні.
2. Сюжеттік - рөлдік ойынның маңыздылығы.
Сюжетті – рөлді ойынды ұйымдастыру
5-Лекцияның тақырыбы: Дидактикалық ойындар – оқыту құралы
Жұмыстың мақсаты: дидактикалықойындардың түрлерімен танысу. Оларды ұйымдастыра білуге және жүргізу әдістемесін меңгеру.
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Қоғамның ғылыми техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиалар мен әдіс-тәсілдер көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, «тартқыш-қабылдағыш» тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы ароасындағы қарым-қатынас тұлға-тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс-әрекеттер жасай алатын, өз ой-пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет. Өйткені, бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек, оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай денгейде қалыптасқандығына қарай оқытуүрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсаринның пайымдауы бүгінге дейін өз құнын жоймаған байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел «Мұғалімнің жұмысы-балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды көкеіне қоңдыра алмаған үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жумсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек.»
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрижесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығун кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін артыратын үрлі әдіс-тәсілдері пайдалану ұымды. Әсіресе, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл- дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрыпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Өйткені, қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.
Ж. Қоянбаев пен Р. Қоянбаев «Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге дайындау,өнер-білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ...Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері, т.б. » жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала отырып « ...халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті »дейді.
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.
Себебі, дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып-қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.Бұл жөнінде прогресшіл педагог Ш.Амонашвили былайша тұжырымдаған: « ...принудительный характер обучения можно сгладить и преодолеть, направив его на развитие у школьников чувства свободного выбора, являющегося сущностной чертой игровой деятельности ребенка. Создание подобной атмосферы возможно путем подачи учебно-познавательных задач в формах, близких к игре, путем установления с ними деловых отношений и равноправного сотрудничества, как обычно бывает в игре, а главное-путем общения со школьниками с позиции гуманного и личностного подхода, иначе говоря, самих же детей. ...Такой источник мотивации, наподобие игры, ориентирует личность школьника на свободную и интенсивную активизацию его познавательных сил.»
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Бұл қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің басты педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік жағынан шебер, қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен оқу-тәрбие процесінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі-ойын.
оқушыларының мектепке келгенге децінгі негізгі әрекеті-ойын десек оқу-тәрбие процесінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындалуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың барлығы бірдей бүгінгі талаптарынан туындап отырған білім мазмұныныңөзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну қажет.
Дидактикалық ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашнда төмендегідй 2 мақсатты көздейді:
-танымдық, яғни балада тану, іздену;
-тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына принциптерге сүйенеді:
1.Балалардың іс-әрекетінде ойын –элементтері мен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.
2.Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3.Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4.Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар 3 топқа бөлінеді:
1.Заттық дидактикалық ойындар, дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Стол үстінде ойналатын дидактикалық ойындар:Лото, Домино және т.б.
3.Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада:
1)Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2)Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3)Дидактикалық ойын-адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты тәртіптілікті қажет етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті меңгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманыжылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.
Сабақта дидактикалық ойынды қолдану бастауыш сынып оқушыларының сол пәнге деген қызылушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға,ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:
-егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
-егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
-егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.
Бастауыш сыныптардағы сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы.
6-Лекцияның тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары
Жұмыстың мақсаты: Студенттерді педагогикалық қимыл-қозғалыс ойындардың мазмұндарымен таныстыра отырып, ойынды ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістемесін үйрету
Жоспары:
Қимыл-қозғалыс ойындарының теориялық негіздері
2.Қимыл-қозғалыс ойынның түрлері
