Сабақтың жүру барысы.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Ұлттық ойындардың түрлері:
«Бәйге»
«Теңге ілу»
«Аударыспақ»
«Көкпар»
«Жорға»
«Қыз қуу»
Ана тілі сабағында «Өткен өмір» сабағынан көптеген батырлар туралы оқыдық. Олардың аттары болған. Сол аттар біздің сабағымыз ән жарысуға келіп отыр. Сабағымыздың мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеу. Сабақты ойын, жарыс түрінде өткіземіз. Үш топқа бөлінеміз.
1 – топ. «Тарлан»
Топтың аты «Тарлан» бұл,
Келдік біздер жарысқа,
Сөз тобының сырларын
Баяндаймыз сайыста.
2 – топ. «Байшұбар ат»
«Шубар» атты тобымыз
Көп нәрседен хабармыз
«Тарлан», «Құлагер» тобымен
Сайысуға даярмыз.
3 – топ. «Құлагер »
Топтың аты «Құлагер»
Қазақ тілін мақтаймыз
Ереженің барлығын,
Есімізге сақтаймыз.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1. Бәйге жарысы (ұпай). Жеке жұмыс. 158 – жаттығу. Сюжетті сурет салынған. Сурет бойынша, құрап жазған сөйлемдерін 3 топқа оқыту. Бастауышты жазған сөйлемдерінен табу.
Айгүл әжесіне көмектесті. Жіп кірді. Алаша әдемі болды.
2. «Теңге ілу» ойыны. Парақшамен жұмыс (ұпай).
1 – парақша. Сөйлемнің қандай түрлерін білесің?
2 – парақша. Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
3 – парақша. Бастауыш туралы айт, мысал келтір.
4 – парақша. Сөз таптары туралы айт.
Парақша астында «Қош келдіңіздер»
Жаңа сабақты жабарлау.
3. «Аударыспақ» ойыны (ұпай). Аударыспақ ойынында сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпты шешу.
|
Б |
О |
Р
|
|
||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Қ |
А |
Р |
|
||||||
|
А |
Я |
З |
|
||||||
|
К |
Ү |
Н |
|
||||||
|
Б |
И |
Д |
А |
Й |
|
||||
|
С |
А |
Б |
Ы |
Н |
|||||
Қ |
Ы |
Р |
А |
У |
|
|||||
|
С |
А |
Ғ |
Ы |
З |
|
||||
|
Е |
Ш |
К |
І |
|
|||||
Жазу жазып жалықпаған,
Ертемен күнде сен
Жаза – жаза арықтаған (Бор)
Жерді жапты ақ мамық (Қар)
Аумаған қар,
Қолы жоқ сурет салады,
Жаумаған қар,
Тісі жоқ тістеп алады (Аяз)
Күміс табақ дөңгелек,
Аспанда жүрер дөңгелеп (Күн)
Ұзын мұртты сары бар,
Қойнында наны бар (Бидай)
Қолына сүйнесең,
Кетіп кір – ласың,
Тап – таза боласың (Сабын)
Сәскеде жоқ,
Таңертең бар (Қырау)
Шайнап – шайнап күнімен,
Тауыса алмадым мұны мен (Сағыз)
Басында екі талғы бар,
Төрт алғы бар,
Адам деуге болмайды
Бірақ та тағы саналы бар (Ешкі)
Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Баяндауыш»
Үй жануарларына не жатады?
Олар қалай дыбыстайды?
Түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі.
Үш топтан бір оқушы шығарып, сахналық көрініс көрсетіп, сөйлем құрату.
Не істейді?
Түйе боздайды. Сиыр моңірейді. Жылқы кісінейді.
Мысалдарды талдай отырып, кестедегі ережені шығардық. Ережені бекіту.
Бастауыштың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз.
Баяндауышқа не істеді? неғылды? қайтті? Сұрақтары қойылады.
Оқулықпен жұмыс. Дәптерге жазу.
«Көкпар» ойыны (ұпай). Сурет бойынша сөйлем құрап жаздыру.
160 – жаттығу жазған сөйлемдеріңдегі бастауыштың астын бір, баяндауыштыңастын екі сыз.
1 – топ. Үйрек жүзеді. Марат шомылады.
2 – топ. Апам жіп иірді. Ақгүл көмектеседі.
3 – топ. Құстар ұшады, от жанады.
(Сурет бойынша жазған сөйлемдерін тақтаға, дәптерге жаздыру)
Жорға жарысы (ұпай).
Балалар, жылдың неше мезгілі болады?
Қазір қандай мезгіл?
Күз айларын ата?
Табиғат календарын көрсете отырып, 159 – жаттығуды орындату, олеңді мәнерлеп оқу, дәптерге көшіріп жазу.
Маусымдар.
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді,
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинап тереді.
Қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Оларға сұрақ қою, бастауышқа қатысып анықтау.
Сергіту сәті.
«Қыз қуу» ойыны арқылы сөзжұмбақты шешу. 162 – жаттығу.
Маңырайды
Мияулайды
Үреді
Жануарларды қатыстырып сөйлем құрау Бастауыш пен баяндауышты табу.
Не? Не істейді?
1 – топ. Ешкі Маңырайды
2 – топ. Мысық Миялайды
3 – топ. Ит Үреді.
Бекіту.
Үйге тапсырма
