
Ф-ӘД-001/026
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР КАФЕДРАСЫ
«Педагогикалық іскерлік ойындар» пәнінің
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Түркістан
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1- Лекцияның тақырыбы: Іскерлік ойын және іскерлік ойын түрлері
Лекцияның мақсаты: Студенттерді педагогикалық іскерлік ойындардың мазмұндарымен таныстыра отырып, ойынды ұйымдастырудың тәсілдері мен әдістемесін үйрету
Жоспары
Ойын – балалардың негізгі әрекеті
Балалар ойыны туралы зерттеулер
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті. С.Торайғыров «балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын пәнді тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысу керек. Оған бейімделген оқушы сабақтың қызықты түрде өтетінінің нәтижесінд тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады. Әрине, бұл талапты күнделікті жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп еңбектенуііне, ізденуіне тура келеді. Өтетін тақырыпқа байланысты көрнекілікті дайындау, ойын түрлерін ойластыру, ол ойында қолданылатын материалдарды дайындау оңай жұмыс емес екені мәлім. Сондықтан мұғалім өз жұмысына барынша беріліп, бар уақытын, күш жігерін жұмсауға тиіс.
Қазіргі кездегі қолданып жүрген жаңа технологиялардың ішіндегі М. М. Жанпейісованың ұстанымдары басшылыққа алынғандықтан, осы технологияның элементтерін сабақта қолданған тиімді, жақсы нәтиже байқатады.Ойын технологияларында қолданған дұрыс. Осы аталған теънологиялар бірін бірі жоққа шығармайды, өзара ұқсастықтары бар. Бұл инновациялық интерактивті оқыту технологиялары жеке тұлғаның белсенділігін, талабын және өз бетінше дербестігін оқу процесінде мейлінше жүзеге асыруға, қолдануға бағытталады.
Сабақта диалогтік бөлімнің оқу модуліндегі қазіргі кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері «Қарлы кесек», «Брейн ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт» т. б. ойындар оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Мысалы: «Табиғат», «Еңбек», т. б. тақырыптарына «Даналық ағашы» ойынын жиі қолданса, «Тазалық», «Денсаулық» тақырыптарына «Аквариум техникасы» деген ойынды өткізу тиімді. Себебі үш топқа бөлінген сыныптың «делегаттары» өз көзқарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы «Өзім» деген седімін, қабілетін қалыптастырады.
Жеке топтық жұмыс түрлерін сабақта қолдану тиімді. Себебі олар деңгейлік тапсырмаларды орындауға негізделген.
Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда «Қатесін тап» ойыны қолданады. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер тақырыпқа байланысты әр түрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой пікірін ортаға салып, өз көзқарасын қорғайды.
Мәтінмен жұмыс «КВН» ойыны, «Сиқырлы сандық», Шеңбер бойынша мәтіннің мазмұнын айт», «Сурет арқылы мәтін құрастыр», «Мені дұрыс түсін», «Сөз тіркесінен ситуатция құра», «Даналық ағашы» ойындары арқылы өтеді.
Бұл ойындардың барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады.
Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары. Топтардың нөмірлері, жетондар,т.б. ойынға керекті заттар түрлі түсті қағаздан дайындалады.
Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойынға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ол оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Бұл жағдайда мектеп басшылығынан мұғалімдерге көмек қажет, компъютер, техникалық құралдар, үлестірмелі материалдар болуы тиіс.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму барысында жан - жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан,жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып,тұлғаны қалыптастыруға болады.
Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта- ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін дамыттырады. Міне сондықтанда ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі,қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық оңай жолмен, қажеттілер қызық жолмен беріледі.
Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін - заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
Ойын - болжамдар.Бұл ойындар «Не болар еді?», «Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуатцияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
Ойын -жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұжымның қызыметтері ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Ойын әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым қатынасына негізделеді. Бұл қарым қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы олар эмоционалъдық түрде белсендіреді, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс- әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
Қайта жаңғырту іс- әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
Қайта жасау іс- әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
Оқушылардың іс- әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Ізденіс іс- әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
Сюжеттік- рөлдік ойындар .
Жаттығу ойындар.
Драммалық ойындар.
Шығармашылық ойындар.
Әдеби - музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Білім беретін ойындар.
Тәрбиелейтін ойындар.
Дамытатын ойындар.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
Диагностикалық ойындар.
Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.Ойын мазмұны мен түріне қарай:мазмұнды -бейнелі,қимыл -қозғалыс,дидактикалық,құрылыс,кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.
Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады,оған қажетті құрал жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс- әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс- әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым -қатынасын реттеп,олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп,қимылын,дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады,көркемдік сабақтардан алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдейлейді,қағаздан жасалған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды -бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.
Құрылыс ойынында - бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларын бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриясы орналастырып оларды көлемі, биіктігі бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістер дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеугеіәр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек - бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалардың ептілігі, қимылдық әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті,уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Білім бастауыш мектептен басталады. Тәрбиелікке оқыту үшін осы мектепке арналған бағдарламаны басшылыққа алу керек.
Бағдарламаға сүйене отырып, баланың психикалық дамуы, өмірге көзқарасы, оқушылардың бір бірімен қарым қатынасы, оқуға ынтасы, өз өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Ойын - балалардың негізгі іс әрекетінің бір түрі. Бала өмірі ойынмен байланысты. Бала ойынсыз өсе алмайды. Бұл өмір заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы: Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақта ойын арқылы білімін шыңдап, ой- өрісін кеңейтеді. Ал, ойынның мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттарға ерекшеліктері болады. Сол ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Баланың жас ерекшеліктеріне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, ерік- жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Белгілі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады дейді. Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Баланың өмірі қоршаған ортаны танып білуі, еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын барысында еркін сезінеді, ойын түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастыруды қажет етеді.
Ойын үстінде қуанып, еркін сезініп ойнайтын бала
Ренжіп, ынтасыз өзіне өзі сенімсіз ойнайтын бала
Шаттанып, ерекше түсініп тапқырлық көрсететін бала
Сондықтан ойын баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болуы керек. Оқушылардың беленділігін саналы ойлана біліуін, ой өрісінің дамуын, қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің міндеті. Ойын арқылы оқушылардың салт дәстүрі, әдет ғұрыпқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір- біріне деген сыйластық қажеттіліктермен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойының басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір -біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық. рольдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екендігін байқап көреді. Ал, ақыл -ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерінде дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын- сабақ, ойын- жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан- жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта -ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.
ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру.
б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету.
в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету.
г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдылармен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін дамытуда әсіресе кейінгі үш бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық, музыкалык, ұйымдастырушылық т. б. қасиеттері дамиды.
Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
-еркін дамытушы іс әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес, баланың қанағаттануына байланысты
-әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын алуы
-ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер мына сұрақтарға жауап іздедік: Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ? Оқушылардың белсенділігін арттыру үщін ойынды қалай пайдалану керек? Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қалай қолдану қажет? Сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап іздеу барысында біздер әр түрлі бастапқыларға талдау жасауды мақсат көздедік.
Ұлы Абайдың «ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев т.б. өз еңбектерінде айтып кеткен.
Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны сүйгіш келеді.Сондықтан мұғалім сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана отырса, оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді.Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Төменгі сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.
Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып,бірте бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.
Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса,мұғалімнің міндеті - сол ойын түрлерін пайдалана отырып,оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге,ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану - бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда,білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығының белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ойынның бала өміріндегі рөлі
2. Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлерін ата?
Танымдық іс- әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері?
4. Құрылымы бойынша ойындарды қандай түрлерге жіктейді?
5. Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жіктемелерді ата?
2-Лекцияның тақырыбы: Ұлттық ойындар және оның әдістемесі
Жұмыстың мақсаты: Іскерлік ойындардың түрлерімен танысу. Оларды ұйымдастыра білуге және жүргізу әдістемесін меңгеру.
Жоспары:
Ұлттық ойындарды дене шынықтыру сабағында қолдану
Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
2. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей киргизов, правилах и власти родителей» (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
Жалпы ойындар;
Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
Ашық алаңқайдағы ойындар;
Қыс мезгіліндегі ойындар;
Демалыс ойындары;
Ат үстіндегі ойындар;
Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Баланың ойлау
қабілетін, сөйлеу, білім-білік дағдыларын
дамыту
Бүлдіршіндердің
ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту
Мазмұнды-бейнелі
Құрылыс
Дидактикалық
Қимыл-қозғалыс
Кейіптендіру
М
ектепке
дейінгі мекемелерде адамгершілік
тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру
үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы
жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр
түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне
деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді
тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған
ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен
таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында
өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық
сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын- балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерешеліктері дамиды, өмір сүру барсында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы үлкендер өздеріне тән үстінде, ойын үстінде көрсетеді.
Ойын- балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы білімін шыңдап, ой көрісін кеңейте алады. Ал осының өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерлешеліктері болады. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, психологиалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерешеліктеріне, зейініне сай, әдейлеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқы ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Ұлттық ойын ойнату арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады.
Бәйге алу- ойыны. Ойынды ойнамас бұрын сұрақ беріледі.
а) Қандай ұлттық ойындар бар?
б) Атпен ойналатын ойындар?
в)Біздің еліміз қалай аталады?
г)Ел рәміздерін ата?
Осындай сұрақтардан кейін есептер оқылып, карточка беріледі. Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады межеде еліміздің туы бар. Дұрыс әрі тез шығарған оқушы туды алып жеңіске жетеді.
Қыз қуу ойын. Алдымен сұрақтар беріледі. Содан кейін есеп оқылады. Ойын шарты түсіндіріледі. Атам қазақ қыздың жолы-жеңішке демекші алдымен қыз бала тапсырманы бірінші мысалын мысалын орындайды содан кейін екінші карточкамен ер бала дұрыс шығарып бұрын болса, онда ұстап алған балып есептеледі. Қыз бірінші болса онда ер балаға жеткізбей жеңіске жеткен болады.
Хан талапай. Асықпен ойналатын ойын. Бұл ойынға нөміріленген
асық алынады. Нөмірге байланысты карточка алынады. Асық жерге шашылады, ал балалар талапайлап асық алады. Номерлі бойынша карточкадағы есепті шығарады. Кім тез әрі дұрыс шығарса, сол жеңіске жетеді.
Теңге алу. Бұл ойынды салыстыру, ерекшелігн табу,айырмашылығын
Табуға байланысты есептерде ойнатамын. Алдымен сұрақ беріледі. Есептің бірнешеуі оқып тандалады. Ұлттық теңгеміздің суретті ілулі тұрады. Екі оқушының қайсысы есепті дұрыс орындаса, сол төл теңгемізді алады.
5. Арқан тартыс ойнында алдымен ойынға байланысты сұрақ беріледі. Тарқант суреті ілінеді. Көбейту кестесі бойынша берілген тапсырмаларды кім көп орындаса, сол топтың жеңіске жететіндігін айтылады.
Міне, осы ойындарды ойнатқанда оқушылада әрекет пайда болады , әрі пәге деген қызығушылығы артады, дүние танымын кеңейтеді, сөздік қоры дамиды, білімі, сауаттылығы күшейеді.
Сөйтіп оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.
Әрбір оқушы өз денесін жан-жақты жетілдіру үшін қажетті қимыл-қозғалыста болуы керек. Ол үшін әрбір тұлға бос уақытында дене шынықтырумен айналысу қажет екнін өмір көрсетіп отыр. Дене тәрбиесі арқылы қажетті қимыл-қозғалыс жасу тәсілдерін үйреніп, оларды сабақтан тыс уақытта өз беттеріменжасайтын дәрежеге жету үшін үнемі спорт жаттығулармен таныс болуы, соның ішіндегі бастауыш сыныптағы балалар дене шықтыру сабақтарында қажетті қимыл-қозғалыс түрлерін, гимнастика, акробатика, көркем гимнастика жаттығуларының түрлері мен әдіс-тәсілдерін үйренеді. Дене шықтыру сабағынан басқа бос уақытында қазақ халқының ұлттық оынындарын пайдалану арқылы да өзінің денесін шынықтыруға барлық мүмкіндік жасауға болады. Мектеп қабырғасында жүріп дене шықтыру сабағына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Себебі дене шынықтыру жаттығуларын жай ғана үйреніп қою жеткіліксіз. Олардың пайдалы екенін түсініп, бос уақытта өздері қалған спорт түрімен айналысуға бағыт-бағдар беріліп отыратын пән мұғалімі және ата-ана болып табылады. Сондықтан мектеп қабырғасында жүрген оқушылар спорт түрлерінің жүйелі түрде айналысу қажет екенін түсіндіре отырып педагогтың алдына қойған ең басты мақсаты. Спортпен үзбей шұғылданған бала күшті де батыл,икемді де төзімді, сымбатты да сұлу болып өседі. Болашақта елдің намысын қорғайтын әлемге атын шығаратын спортшыда мектеп балаларының арасынан шығады. Дене тәрбиесі оқушыларды жан-жақты жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүсінің сұлулығын қалыптастыруға, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды. Бастауыш сыныптарда жүргізілетін дене шынықтыру тәрбиесі сабағының алдына қоятын мынандай міндеттері бар:
денсаулықтарын нығайтып, денесін шынықтыру;
жатығулармен ойындар туралы түсінік алып, олармен шұғылдану үшін керекті гигеналық талаптарды білу;
негізгі қимылдарды жасау техникасының дұрыс негізін қалап, балалардың жалпы икемділігін арттыру;
қимыл сапаларын жетілдіріп, дене құрлысын дұрыс қалыптастыру;
өз денелерін дұрыс ұстап, жаттығуларды тез, әдемі, тиімді жасауға үйрету;
сабақтан тыс уақытта жаттығуларды ынталанып жасауға, спорт түрлеріне қызығушылығын арттыру.
Бұл мақсаттарға жетуде жеке дене тәрбиесі жүйесінің барлық түрлері қолданылады. Олардың ең негізгі дене шынықтыру сабақтары және сабақтан тыс уақытта ойындарды қолдану болып табылады. Дене шықтыру сабақтарында оқушылар өмірге керекті дағдыларды игереді. Өз беттерімен жаттығып, ұйымдасып шығынуға машықтанады. Бұл сабақта оқушылар әр түрлі қимылдар жасап, денесіне көп ауырлықты түсіріп, епті, күшті, шепшаң, төзімді болуға жаттығады. Денсаулық сақтау, білім беру, тәрбиелеу сабақтан тыс уақытта да ұлттық ойындар ойнату барсында іске асырылады. Сабақтан тыс уақытта ойналатын ойын түрлері оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып отыр. Ол-санадағы ғасырлар бойыұрпақтын керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек денесі ғана емес, ойды жатықтырушы да болып табылады. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжетегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, қазақтың ұлттық ойындарын бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол сабақтын сапасын көтеріп, тиімділігін артырады, сабақтан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жандандыратүседі. Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарын пайдалану мұғалімнің күнбе-күнгі сабағына әзірленуі кезінде белгіленіп, сабақ жоспарында көрсетіледі. Мектептің табалдырығын жаңа ғана атап отырған балалар үшін денешықтыру сабағын бірден бастап кету муғалім үшін де, оқушылар үшін де қиындық көрсетеді.