I. Кім жылдам?
I.деңгей: Әр студентке он сұрақтан қойылады. Бір минут ішінде жауап беруі тиіс.
II.Сөз тапқыр.
II деңгей: Әр студентке бір парақтан қағаз таратылады. Қағазда өсімдіктер, жануарлар, құстар деп жазылған және солардың астында әріптер берілген. Сол берілген әріптер бойынша кім қанша өсімдік, жануар, құстар жайлы жазғанын тексереміз және есептейміз.
III. Әңгіме құрастыру.
III деңгей: Бұл деңгейде «Көк байрағымыздағы қыран құс бейнесі нені білдіреді?» деген сөз берілген. Осы сөзге байланысты шағын мағыналы әңгіме құрастырыңдар.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.
Білім беру мазмұны үрдістік білектермен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен ерекшеленеді.
Ақпараттық ауызша және жазбаша түрлері – телефон, радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын бөлуде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуге, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына зор көңіл бөлінуде.
Қоғамның білім мен пара-пар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән беріліп береді.
Сөйтіп, оқытудың жаңа технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегінше сипатталады:
-Есте сақтауға негізделген, оқып, білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамытатын оқуға көшу;
- Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламаға өту.
Қазіргі кезде Республикамызда бастауыштан бастап мектептегі оқыту мазмұны жаңартылады. Мұғалімдерге жаңа әдістерді, тәсілдерді қолдану қатаң талап етіліп отыр. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімнің инновациялық, іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Мұғалім алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, 2-ден меңгереді, 3-ден жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қуанады, 4-ден оны дамытып нәтижесін теңгереді.
XXI ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек?
Үшінші мың жылдықтардың педагогтары қандай болмақ, мектеп қандай ағымда жұмыс істеу керек? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны да, толғандыратыны да анық. Қазақ халқы әр қашан да парасаттылықты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Өз өмірін – ғұмырын ағартушылық арманға арнаған алаш арыстарының бірі ұлтымыздың ұлы ұстазы А. Байтұрсынның ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз-білімнің жеткілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы.
XXI ғасырда Қазақстан халқының алдында тұрған өзекті мәселенің бірі- «XXI ғасырдағы орта білім» қандай болмақ? Бұл күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселеге айналып отырғанын барлық мұғалімдер қауымы мойындайды. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Ұлт болашағын біліммен қамтамассыз ету - әр бір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы. Сонымен, XXI ғасырдың мұғалімі қандай болуы керек? Сауалнамаға назар аударайық.
Осы қасиеттерді меңгерген мұғалімнің түпкі мұраты баланың рухани өсуіне басшылық жасай алуы болып саналады.
Слайд.
Түпкі мұратты орындаған мұғалімнің еңбегі сараланып шығады. «Ұлылық басында ұстаз тұрар, Парасатты өскен жан соны ұғар»-қорыта келгенде XXI ғасыр – Адам ғасыры болмақ. Сондықтан да еліміздің болашағы жарқын болуы үшін ең алдымен балаға сапалы – білім мен саналы тәрбие беру керек.
7-лекция. Тақырыбы: Іскерлік ойындар технологиясы
Жоспары: 7.1 Іскерлік ойынның іс-әрекеттілік қызметі.
7.2. Іскелік ойындарды дайындау барысындағы психологиялық-педагогикалық принциптер.
7.3 Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындар.
Іскерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін модельдеу, елестету.
Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды:
Коңіл көтеруші: (бұл ойынның ең негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);
Коммуникативтік: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
Өзіндік жузеге асыру;
Ойында-терапевтикалық: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;
Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын процесінде (ережеге сай мінез-құлықтың ауытқушылықтарының пайда болуы);
Коррекция қызметі: тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;
Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлеуметтіу-мәдени құндылықтарды меңгеру;
Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қлғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту.
Ойындардың көбісінде өздеріне сай мынадай 4 басты қырлары болады (С.А.Шмаков бойынша);
Еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік процессінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);
Шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»);
Эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, конкуренттілік,аттракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);
Түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның процесі ретінде жатқызылады:
А) ойнаушының өзіне алған ролі;
Б) осы рольдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті;
В) пәндерді ойын түрінде пайдалану;
Г) ойыншылар арасындағы шынайды қарым-қатынас;
Д) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы».
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық-педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасын, кәсіби қызметтің, іс-әрекеттің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
- оқушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән проблемалық ахуалдарды жасау принципі;
ойында көрсетілетін өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызметі принципі;
оқу тапсырмаларын шешуде, келісімді шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің (партнерлар) іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші роль атқаруы принципі;
оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызда міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби біліктіліктерді (компетенциялар) игереді.
Бірақ, бұл маңызда іс-әрекет ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға интеллектуалдық, эмоциялық және творчестволық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден – қайта жасауға, одар әрі негізгі мақсат – шығармашылық – ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынды қолдана отырып оқыту технологиясының мақсаты да – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдын-ала болжай білуге ұйрету.
Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б.
Барлық ойынды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың бәріне тән.
Іскерлік ойындарды дайындау барысындағы психологиялық, педагогикалық принцптер.
Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі көзқарас қалыптасады. Біршшіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды, яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым - қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез ұғынылады сондай-ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.
Білім алу процесі, оны толықтыру, негізін түсіну екі кезеңнен өтеді:
ойын барысында: образ арасындағы қарым - қатынас кезеңі;
- қорытындылау кезінде: пікір талас кезеңі;
Ойын шартында ойыншыларға таныс жайттар көп кездессе және олар образға толық кіре алса ойын қызықты да мағыналы болып өтеді.
Іскерлік ойындар бала-бақшадағы педагогикалық процестің кез келген жағын модельдеуге себеп болады. Сонымен қатар педагогикалық тұрғыдан ғана емес бала көзімен түсінуді де қарастырады. Бұл педагогикалық процесті жан-жақты талдауды, біржақты тәрбиелеуден аулақ ұстауды көздейді және тәрбиелік-білімдік жұмыстың жаңа тиімді жолдарын іздеуге мүмкіндік береді. Іскерлік ойыны сонымен қатар педагогиканың игерілмеген тың теориялық сұрақтарына практикалық жолмен іздейді және іскерлік пен дағдыны өндіруді мүмкіндік береді.
Іскерлік ойындар мағыналық, қатынас құрылымы, іске асырылу формасы жағынан ерекшеленетін төрт түрлі ойындарды қарастырады. Бұл ойындар негізінен мектепке дейінгі педагогиканың барлық бөлімдерінде теориялық курсты логикалық қорытындылау немесе тақырыптарға практикалық толықтырулар ретінде қолданылады. Сондай-ақ бала-бақша тәрбиешісінің кәсіби сапасын негізін көтеруде мол септігі тиеді.
Әрбір ойын мағынасына қарай өзіне тән құрылымы, рөлі, сюжеті болады және мұғалімнің басқарып, жүргізуіне байланысты ерекшеленеді. Ойынның ойдағыдай өтуі жүргізушінің атқаратын жұмысы толық қарастырылған жағдайда ғана болады. Ол әрбір ойыншының өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктерін, олардың ойынға тез енуін ойындық ситуацияға кіруін сюжетті ары қарай дамыту дәрежесін білгенде ойын сәтті өтеді. Әрбір топ ойынды өзінше дамытып, жаңа көзқарастар туғызып, жаңа нәтижелер шығара алады.
Жүргізуші ойыншыларды ойынға дайындап, ұйымдастырып, ойынды өткізіп, соңында қорытынды жасап, ойынға қатысушыларды бағалайды. Ойын алдында бірнеше күн бұрын жүргізуші ойынға қатысушыларды ойынның мақсатымен, мағынасымен, құрылымымен, ойынның сюжетімен, рөлімен таныстырып, үй тапсырмаларын беріп, орындалғанын қадағалап, ролдерді бөлуге көмектеседі. Рөлдердің орындалуы мен сюжеттін дамуына қатаң шарт қою ойынға қызығушылықты және ойыншылардың сюжетті дамытуына кері әсерін тигізеді. Қатаң ережемен ұсынылатын ойын біркелкі жаттығуларға ұқсап, қызығушылықты жоғалтады. Ойын басында жүргізуші ойыншылардың бірқалыпты эмоциялық тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, психологиялық түрғыдан образға кіруге жағдай жасайды. Бұл іскерлік ойынды жүргізуге 45 - 90 минут кетеді. Ойынның ең маңызды кезеңі - қорытынды жасап, пікір таласу. Қорытынды жасау ойынға кететін уақыттың тең жартысын алады.
Бұл оқу - әдістемелік құралда педагогикалық институт мұғалімдеріне, мектепке дейінгі қызметкерлерді қайта дайындау курсының басқармасына, бала-бакша бастығымен әдіскерлеріне көмекші кұрал ретінде оқу материалдары берілген. Іскерлік ойындарда: кіріспе, іскерлік ойындардың өтілуі әдістемесі және көрнекі құралдары сипатталады. Кіріспе бөлімінде іскерлік ойындардың педагогтарды оқыту жолындағы мағынасы жайлы сөз етіледі. Іскерлік ойындардың өтілу шарттары мен өтілу әдістемесі көрсетіледі және іскерлік ойын материалдары қарастырылады
Баланың танымдық белсенділігін, интелектісін дамытатын ойындар.
Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен қажеттілер – қызық жолмен беріледі;
Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не істер едім, егер ..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын бедгілеуді талап етеді.
Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Ал, "Балабақшадағы тәрбие бағдарламасы" ойын түрлерін мазмұнына қарай былай бөледі:
Сюжетті рольді ойындар.
2. Құрылыс материалдарымен ойнау.
3. Қимылды ойындар.
4. Дидактикалық ойындар.
5. Драмалық ойындар.
6. Музыкалық-дидактикалық ойындар.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар.
Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағыттаған ойындар.
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
1-ші топ – заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды т.б. зерттеп таниды.
2-ші топ – шығармашылық, сюжеттік-рольдік ойындар. Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы.
-Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады,күнделіктер жүргізеді хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың оқушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3-ші топ – дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы - пәнді білуді талап етеді.
4 – ші топ – еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5-ші топ – баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одап әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар оқушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқытудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау, Оқушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамытушы ойындарды да атап кеткен жөн: кроссворттар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б.
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелілігіне; екіншіден, ойын бағдарламаларының мақсаттылығына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес – оқушының білуге, білімге деген құштарлығыг ояту.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді.
Сюжеттік - рөлдік ойындар.
Жаттығу ойындар.
Драмалық ойындар.
Шығармашылық ойындар.
Әдеби- музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Білімдендіретін (білім беретін) ойындар.
Тәрбиелейтін ойындар.
Дамытатын ойындар.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының да мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Сюжеттік-рөлдік ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші балаларда ойындық іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол бірігіп ойынға балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде керсетеді.
Қалалардың төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер қалыптасады, бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды пайдалануға көмектеседі.
Педагогтың алдында келесідей міндет тұрады. Ол балалардың шығармашылық белсенділігіи теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу; әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды, ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі жәнешын өмірдегі персонаждарды қосады. Мысалы, педагог (балабақшада тербиеші) полиция қызметкерін, от сөндіруші және жалмауыз кемпірді, Тазша баланы, дәрігерді қосады. Жалпы сюжетке мұндай рөлдерді қосу балалардың бейнесін белсендіреді, оларда жаңа күтпеген жағдайларды ойлауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар тәрбиеші балалардың ойындық қызығушылығын ескереді, яғни күнделікті ойында олар қалыптаспайды. Педагог балалармен бірігіп ойында сюжетті байланыспайтындай рөлдермен байланыстырып көрсетуі керек. Ол ойын жоспарына жаңа жағдайлар және, оқиға мен тұлғалар енгізетін балаларды марапаттауы керек, өйткені бұл баланың шығармашылық белсенділігін және ойынның еркін меңгерілуінің көрсеткіші болып табылады. Сюжетті - рөлді ойындарға жағдай жасау немесе жетпей жатқан құралдарды сюжет барысында көрсетуге көмектеседі, анық айтқанда ойынның мәні мен оның қатысушыларын байланыстырады. Әдетте бұл мақсатқа дайын ойыншықтарды құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Бұл жағдайда айнала ойынға қолайлы ғана емес, сонымен қатар, шындыққа ұқсауы қажет. Өйткені, оны балалар таза символды түрде қабылдауы мүмкін. Әсіресе бұл ойындық топтарға, онда барлық қатысушыларға ойынның жағдайын, мәнін түсінуге байланысты.
Театрлық ойындар. Театрлық ойындар сюжетті-рөлді ойындарға қарағанда нақты көрермендер ұсынады (кішкентай балалар, ата-аналар, баланың қатарлары). Бұл процесте балаларда авторлық мәтін мен көркемдік шығармашылық идеяларды қайта тудыру құралдарын (интонация, мимика) ойлап шығару қалыптасады. Бұл қиын әрекет міндетті түрде үлкендердің қатысуын талап етеді, әсіресе бұл дайындық кезеңінде. Театрлық ойындар шынымен қызықты, балаларды тек қана көріністі орындау ғана емсс, сонымен қатар оларда көрініске орын дайындауды қалыптастыру қажет. Мұның барлығы мектеп жасына дейінгі балаларға оңай міндет емес.
Дидактикалық ойындар. Тәрбиеші орташа топтарда сабақ үстінде дидактикалық ойындар өткізгендей, сабақтан тыс жерде балалар жаттығуларын, олардың түрлерін, көлемін, түсін, кеңістігін, дыбысын білуі тиіс. Дидактикалық ойындар кемегімен балалар құралдарды сыртқы пішіні секілді, олардың белгілері бойынша салыстыруға және топтауға, есептерді шешуге оларда дайындық қалыптасады.
Музыкалық-дидактикалық ойындар. Музыкалық-дидактикалық ойындар балалармен бірте-бірте игеріледі. Жаңа ойынмен танысу негізінен музыканың сабақтар кезінде жүзеге асады. Педагог балаларды ойын ержесімен таныстырады және олардың алдына анық дидактикалық міндеттер қояды. Бастапқыда педагог (тәрбиеші, сынып мұғалімі) топтағы ойынды өткізуде бастаушы болады. Соңында балалар өздері педагогтың көмегінсіз ойынды ойнай алады, яғни араларынан бастаушыны таңдау арқылы. Музыкалық-дидактикалық ойындарды үйрену процесінде балалардың алған білімдері оларға әртүрлі музыкалық іс-әркеттерге байланысты міндеттерді орындауға көмектеседі.
Іскерлік ойынының жүргізілу технологиясы (М.Валиевтің құрастыруы бойынша):
Дайындық кезеңі.
1.Ойынды дайындау:
-Сценариін дайындау;
-Жоспар құру;
-Жалпы сипаттау;
-Мазмұнын меңгеру;
-Материалмен қамтамасыз ету.
2.Ойынға кіріспе:
-Проблемалық мақсат қою;
-Шарттарын білу;
-Топ құру;
-Рольдерді бөлісу;
-Регламент белгілеу;
-Жалпы түсінің беру;
-Тиістң консультация беру.
Ойынды жүргізу кезеңі.
1.Топтық жұмыс.
-әдебиеттермен жұмыс:
- тренинг;
-ойлану;
-ойыншылармен жұмыс.
2.топ аралық жұмыс, пікірталас:
-топтардың жұмысты баяндауы;
-нәтижені қорғау;
-пікірталас туғызу.
Талдау және қорытындылау кезеңі.
-Ойынға қорытынды жасау;
-Талдау, рефлексия;
-Баға және өзіндік баға;
-Қорытындылау, жинақтау;
-Ұсыныстар беру.
8-лекция: Тақырыбы: Қазіргі педагогикалық технология
Жоспары:
Қазіргі педагогикалық технологиялардың шеруі.
Қорытынды сабақ
