Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekh_keshen (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

Жоспары:

6.1 Деңгейлеп саралап оқытудың мақсаты.

6.2. Деңгейлік, шығармашылық тапсырмалар.

Жаңа технологиряларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Оқыту мен тәрбие ісін жүйеге келтіріп отыратын-мұғалім. Мұғалім дегеніміз-адамды адам етіп қалыптастыратын мамандықтың иесі. Бұл жерде қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек деген сұрақ туады. Белгілі ғалымдар мұғалім туралы көптеген асыл сөздер айтып, кеткен солардың бірі К.Д.Ушинский, Д.Дидро, Л.Н.Толстой.

Бүгінгі мұғалім ол кім?

Мұғалімнің жұмыс нәтижесі.

1.Шәкірттің өзін еркін сезінуімен.

2.Сабаққа қызығушылығымен.

3.Білімімен.

4.бағдарламаны меңгеруімен.

5.Адамгершілік қарым-қатынасымен.

6.Мәдениеттілігімен.

7.Рухани тазалығымен.

Осы бағандағы нәтиже арқылы мұғалімге қажетті қасиет шығады. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал, бүгінгі таңда мұғалімнің қасиеті, міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек қателесеміз. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс-қажет. Өз шеберлігін іс-тәжірибе арқылы балаға жеткізу, сезімін өткізу ояту керек. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. «Педагогикалық технологияға В.А.Беспалько – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба», деген анықтама береді. Ал, педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсат, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

В.М.Монахов – педагогикалық технологиялар – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі деген анықтама береді.

Ал, Б.Т. Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологияның – педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді. Педагогикалық технологияның философиясы – ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген. «Педагогикалық технология » дегеніміз не? Технология қарапайым тілмен айтқанда жүзеге асатын мақсаттарды алдын-ала ойластырылған нақты жобасы яғни белгілі педагогиканың жүйенің педагогикалық тәжірибесінде жүзеге асатын жобасы. Ал педагогикалық жүйе педагогикалық технология негізі. Қазіргі таңда жаңа технологиялардың бірнеше түрлері бар. Соларды атап айтсақ.

Сондықтан сабақ барысында, сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы 1998-1999 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты оқушыларды «қабілетті-қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? – деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды пәнге қызықтыра отырып деңгейлік тапсырма беру, рейтингі – ұпай жинау, әдісіне баулу арқылы жігерлендіруіміз керек.

Осы айтылған әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білген жөн. Қараевтың бұл технологиясының пайдасы, яғни жетістіктері аз емес. Сонымен қоса қиындық туғызатын жерлері де баршылық. Ең алдымен осы уақыт ішінде бұл технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсақ:

1.Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.

2.Оқушының жеке қабілеті айқындалады.

3.Іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынғанын риза боласыз.

4.Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады.

5.Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады.

6.Сынып оқушылары толық бағаланады және оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады.

(«I деңгей-» «3», «II-деңгей-» «4,» «III-деңгей» «5»)

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіншілігін дамытады. Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілеті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп, құрап, оқушының қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет. Міне, өз білімін осылайша толықтырып отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін.

Деңгейлік тапсырмалар:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]