Жоспары:
5.1. Проблемалық оқытудың ерекшелігі.
5.2 .Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары.
5.3 Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері және проблемалық оқыту
Қазіргі заманғы білім берудің басты мақсаты – мамандарды әлемді шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің жолы ретінде проблемалық оқыту жүйесі ұсынылуы заңды құбылыс.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі – мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. Бұл технологиялық әдістегі ең маңызды мәселе – жаңа білім жаттау немесе есте сақтау үшін емес, проблеманы немесе бірнеше проблемаларды шешу үшін беріледі. Проблемалық оқыту педагогикада жаңа құбылыс емес, тарихта белгілі адамдардың (Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский т.б.) есімдерімен байланысты.
Проблемалық оқыту кезінде жүретін психологиялық процестер механизмі төмендегідей: белгісіз, түсініксіз жаңа проблемамен жолыққан адамда таңғалу, дағдарыс пайда болады да «оның мәні неде?» деген сұрақ туындайды. Әрі қарай ойлау процесі белгілі схемамен жүреді, яғни – болжам тастау, оны негіздеу және тексеру. Содан соң студент не өз бетімен ойша іздестіру жүргізеді, немесе оқытушыныңь көмегіне сүйенеді. Шығармашылық ойлаудың белсенділігі – проблеманы ұжымдық түрдегі шешу схемасы: «субъект – объект - субъект» қарым-қатынастарына түседі.
Проблемалық оқыту – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Сабақтың проблемалық құрылымы олардың ерекше ұйымдастырылуын талап етеді, ал, мұның өзі оқытудың таңдалынған әдіс-тәсілдерінен көрініс табады. Мұның бәрі оқытудың құрылымына әсер етеді. Сондықтан да, проблемалық оқытуды өзінің ерекше технологиямы бар жаңа дидактикалық жүйе деп санауға әбден болады.
Бұл дидактикалық жүйенің технологиялық негізгі ұғымдары – «проблемалық жағдай», «оқу проблемасы», «проблемалық міндет» т.б.
Проблемалық жағдай – субъектіден жаңа білімді, іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Оны оқыту процесінің кез-келген кезеңдерінде (түсіндіру, бекіту және бақылау) құруға болады.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру;
кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығушың жолдарын өздеріне қалдырады;
біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
нақты сұрақтар қояды;
проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы
проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс:
проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
болжамдары теориялық және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
қорытынды жасау;
шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сонымен, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден өтеді. Оның негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай. Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы да қиын, бірақ оқушылар шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра отрып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
проблеманың мазмұныныа қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
педагогтың оқушымен диалогының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін атап өтуге тиіспіз. Бұл технологияның артықшылығына – оқушының шығармашылық іс-әрекеті негізінде білімді өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері, соның нәтижесінде оқу еңбегіне деген жоғары қызығушылығыгың, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал, кемшін жағына – кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ілсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс көп шығындалуын атап көрсетуге болады.
Проблемалық оқыту үлгісін М.И. Махмутов жасаған болатын. Проблемалық оқыту дидактикалық жүйе сияқты мына ұстанымдарға: оқытудың ғылымилығы мен жүйелілігі; оқушылардың оқудағы белсендігі мен ізденімпаздығы; білім мен тәрбие берудің және дамудың бірлігі; теорияның практикамен байланысы; проблемалылығы; оқу мен еңбектің үйлесімі; қиындық пен ұғынықтылық; қосарлылық; сөз бен көрнекіліктің бірлігі; оқытудағы саралаушылық пен даралаушылық; кәсіпке бағыттаушылық.
Проблемалық оқытуды енгізу ең алдымен, оқытудың мазмұнын арнаулы түрде ұйымдастыруды талап етеді. «Проблемалық, әдетте, ұғымдарды теориялық қорытындылаудың әлде бір деңгейі бар жерде болады; ол неғұрлым жоғары болса, әдетте, мазмұнның (оқу материалдарының) проблемалық деңгейі соғұрлым жоғары болмақ», - дейді Махмутов. Сондықтан проблемалық негізде құрылған курс жетекші идеялардың барынша аз болуына негізделуге, олардың генезисін ашуға, ғылымның проблемаларымен таныстыруға, кәсіпке бағыттаушылық болуға тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда пәндік сабақ беру әдістемесі курсы әдістемелік жүйе ретінде пәнді оқытудың іргелі тұжырымдамасына негізделуі тиіс, оның негізгі компоненттері мыналар болып табылады:
а) пәнді оқыту мақсаты; ә) мазмұны; б) нысаны; в) әдістер; г) құралдары.
Курстың мазмұнына кәсіптік қабілет жүйесін енгізу керек, оларды қалыптастыру практикалық және лабораториялық сабақтарда, сондай-ақ жеке дара, топтық ізденімпаздық жұмыс процесінде маңызды орын алуы тиіс.
Проблемалық жағдайлар мынадай формада берілуі мүмкін: ауызша ақпаратпен, талдау арқылы, сызба, кесте және шартты белгілер; физикалық құбылысты көрсету арқылы; мәтінді ақпарат; тапсырмалар.
Проблемалық жағдайларды шешу мынадай жолмен жүзеге асырылады:
өз бетімен (жеке)
оқытушымен бірлесе отырып, жеке кезеңдерді талқылау (лекцияда);
топпен (практикалық және семинар сабақтарда);
3-4 адамнан тұратын кішігірім ұжымда (лабораториялық, практикалық сабақтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстар).
Проблемалық жағдайдың бірнеше түрі бар. Бірінші түрінде студенттер проблеманы шешуге қажетті білім жүйесін таңдайды, оның көптігінен қателікке ұрынады. Екінші түрінде білімнің жеткіліксіздігінен проблеманы шешудің мүмкіндігі жоқ екендігін сезінеді. Проблемалық жағдайдың үшінші түрінде студент білімді практикамен ұштастыруға кезігеді. Төртінші түрінде теориялық білімнің жетіспеушілігінен практикалық қайшылықтарға тап болады.
Сабақ өту барасында әртүрлі проблемалық жағдайлар тууы мүмкін. Мәселен, оқытушы тақырыптың өзінен-ақ сұрақ-жауап алу арқылы студенттерді қызықтыра түседі. Проблемалық жағдайды тақырып мазмұнын түсіндіріп тұрғанда да жасауға болады.
Проблемалық оқыту айрықша құрылымға ие. Оның ең бастысы – студенттің проблеманы шешуде оқытушының басшылығымен немесе өз бетінше жұмыс жасауы. Құрылымның негізгі элементі – игерілген білімнің өзектілігі.
Проблемалық оқытудың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ қатып қалған қағида жоқ, сабақты ұйымдастыру оның нақты мазмұны мен мақсатына тікелей қатысты. Сондықтан оны проблемалық оқытудың талабына жауап беретіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Проблемалық оқытудың жөн-жобасын толық меңгерген тәжірибелі ұстаздар сабағы мына кезеңдерден тұрады:
1-кезең. Проблеманы қою және проблемалық жағдайларды талдауға мыналар кіреді: студенттерден шешімін күткен проблеманы айқындау; проблеманы шешуге студенттің қызығуы мен талпынысы; проблемалық жағдайды талдау.
Оқытушының жалпы проблеманы қоюын эксперимент, эвристикалық сұхбат арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл кезеңде проблемалық жағдайларға талдау жүргізіп, оқытушы қалдырған қиын жәйттан студент шығуға әрекет етеді. Талдау процесінде белгілі мен белгісіздің арақатынасы айқындалып, студент «нені білу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Сонымен, жағдайды талдау нәтижесінде студент проблеманы сезініп, көп нәрсені айқындай түседі.
2-кезең. Оқу проблемаларын шешуге мыналар кіреді: шешу жолдарын құрастыру; гипотеза және оның негіздері. Жоспар жасаудың мәні мынада: студент өз бойына бұрыннан жинаған тәжірибесі арқылы белгілі мен белгісіздіктің арасындағы байланысты орнатуға әрекет жасайды. Осының негізінде шешімдерді табу барысында олар гипотезаға айналады.
3-кезең. Проблеманы шешуде тексеруге мыналар жатады: бақылау жұмыстарын орындау; қатені түзету мен орындау нәтижелерін тексеру және тақырыпты бекіту ол практика негізінде белгілі мақсатты жолмен тапсырма талаптарын мүлтіксіз орындату, сондай-ақ бақылау жұмыстарын жаздыру арқылы жүзеге асырылады.
Проблемалық жағдайларға қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:
ақпарттағы қайшылықтар немесе шындықты танудың диалектикалық және жағдайда емес, қайшылықтарды түрінде көрінуі;
студенттердің танымдық әрекетімен дербестікті дамытуға бағытталуы;
оқу ақпаратына сәйкестілігі;
проблеманың күрделі болуы;
жаңа жағдайды талдауда қайшылықтардың кездесуі;
студенттерге түсініксіз сөздердің болмауы оқытудың дидактикалық ұстанымдары негіздеріне үйрену (ғылымилық, ..... және тағы басқалар)
Сабақ – семинар – оқушылардың ұжымдық, топтық,әрекеттері барысында өздерінің жеке білімі көріп жасауға мүмкіндік беретін оқу түрі. Семинарлар оқудың басқа түрлеріне оқушылардың жоғары белсенділігін мен дербестілігін, ... олардың қызмет ұйымдастырулық тұлғаның қасиеттерін көрсетумен ерекшеленеді.
Семинарларда – оқушылардың шығармашылық жұмыстары, шығармашылық суреттер, техникалық шығарма өнімдері, зерттеуші барысында баяндамалар сыналып талқыланады. Онда оқылған лекциялардың негізгі жағдайлары талқыланады, оқушылар оның негізгі идеясы бойынша тұжырымдарын білдіреді. Оқушылар мәселені тереңірек талқылау үшін газет, радио, теле-хабарлар, ғылыми журналдар, ғылыми көпшілік кітаптар қолданған жағдайд, семинар шығармашылық сипатқа ие болады.
Семинарлық сабақтар оқушылардың алдын ала өз бетінше жұмысты және талқылау барысында ойлау белсенділігін талап ететіндіктен, білімнің, дағдының, сенімнің, берік игерілуіне жағдай жасайды. Ол ойлау, есте сақтау, сөз сөйлеу сияқты психикалық процестерді жеделдетеді дамытады және әр алуан тәсілдері мен операцияларын қолданып кеңінен жол ашады.
6-лекция. Тақырыбы: Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы
