Жоспары:
4.1.Оқытудың дәстүрлі технологиялары, олардың түрлері және ерекшеліктері.
4.2.Бағадарламалап оқыту технологиясы: пиринциптері және тиімді жақтары
Оқытудың дәстүрлі технологиялары, олардың түрлері және ерекшеліктері.
Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:
Оқытудың түсіндірмелі – көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т.б. жатады. Студенттің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту) – оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т.б.
Бұл екі әдістің де мәні – белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру процесі, Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:
- Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;
- Студенттер игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай, орташа;
- Студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;
- Студенттің жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды;
- Зейінді төмендетуге әкеліп соғатын сөз әдістерінің басым болуы;
- Студенттің жадына күш түсүі.
Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т.б.) Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.
Бағдарламалап оқыту технологиясы : принциптері және тиімді жақтары.
Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология ХХ-ғ. 60-шы жылдары педагогика, психилогия, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш ұғым -
1) оқыту – басқару процесі ретінде;
2) ақпараттық процесс;
3)жекелендірілген процесс ретінде алынған.
Бағдармалап оқыту – оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада
1) оқу материалының өзі;
2) оны меңгерудегі оқушының-әрекеті;
3)меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студент бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Бағдармалап оқытудың негізін салушы АҚШ ғылымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған.
1.жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;
2.педагогикалық жүйегі оқушының өз бетімен білім алуына бейімдеу.
Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.
Келесі әдістің авторы да – американдық ғалым Краудер. Әдіс –көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже біреу – студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.
Үшінші әдіс – бейімдендірілген (адаптациялық ) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдынғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделілік деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.
Бағдарламалап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:
1.оқу материалының мөлшерленіп берілуі;
2.студенттердің өздігінен белсенді жұмыстануы;
3.студенттердің материалды меңгеру деңгейінің үнемі бақылауда болуы;
4.оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;
оқытудың автоматтандырылған техникалық жүйелерін қолдану мүмкіндігі.
Бағдарламалап оқытудың шығуы оқытуда техникалық құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсеге жағдай жасады. Бағдарламалап оқытудың басты міндеті – автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.
5-лекция. Тақырыбы: Проблемалық оқытудың мәні
