Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМД силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
576.51 Кб
Скачать

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саси пәндер кафедрасы

5В050202 – Халықаралық қатынастар

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

ТМД елдерінің тарихы

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – ііі

Семестр –ІV

Кредит саны - 3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.)15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 3- сағат

СӨЖ – 30 сағат

Емтихан –VІ семестрде

Барлығы – 120 сағат Орал

2014 ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені «ТМД елдерінің тарихы» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Құрастырушы: оқытушы Арыстангалиева Ж.М.

Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды

02.09.2014 ж. №1 хаттама

Тарих, экономика және құқық факультетінің оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында бекітілді

04.09.2014Ж. №1 хаттама

Қазіргі заманғы әлемдік тарих көптеген оқиғалармен, оның ішінде КСРО-ның ыдырауымен сипатталады. Жаңадан пайда болған мемлекеттер көптеген мәселелерді шешуге мәжбүр болып отыр. Әсіресе, бұл мәселелер экономикалық және әлеуметтік салалардағы қиындықтарды жеңуге байланысты. Барлықпосткеңестік мемлекеттер басынан кешіп отырған экономикалық дағдарысты жағдайда бір-бірімен келісілген қимылдарының нәтижелі ынтымақтастығы мен өзара тиімді шешімдерінің жолдарын қарастырып отыр.

Курстың объекті ретінде КСРО мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тарихы, олардың пайда болуы мен дамуы, ішкі дамуының ерекшеліктері, сонымен бірге олардың қазіргі халықаралық қатынастарға қатысуы мен әсері қарастырылады.

Сондай-ақ КСРО тарихының орны мен маңызы, ТМД тарихының тарихнамасы, ТМД тарихының хронологиясы, ТМД тарихы бойынша деректер және олардың классификациясы типтік бағдарламада қарастырылады.

Курс мақсаты: Студенттерге таяу шетелдер туралы түсініктеме беру – курстың басты мақсаты болып табылады. Арнайы курстың қажеттілігі посткеңестік кеңістіктегі елдердің бірде бір жалпы және арнайы дәрістерінде қарастырылмайтындығымен түсіндіріледі. Бұл пәннің негізгі мақсаты студенттерді КСРО –ның ыдырып, тәуелсіздік мемлекеттердің пайда болуы мен дамуының негізгі заңдылықтарымен, жаңа тарихтың әр түрлі кезеңдерінде әлемнің алдыңғы қатарлы елдері мен аймақтарының даму үрдістерімен, жекелеген мемлекеттердің әлеуметтік – экономикалық және саяси даму ерекшеліктерімен таныстыру болып табылады. Халықаралық үрдістердің заңдылықтарын студенттерге жүйелі комплексті түрде елестетуді қалыптастыру, ұлттық мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатын талдауға үйрету, студенттерге аталмыш пән мәселелері бойынша отандық және шетелдік басылымдармен таныстыру.

Курс міндеті:

- Кеңес Одағының тарихы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы туралы нақты мәлімет беру;

- ТМД құрылымының және оның негізгі органдарының қалыптасу тарихына тереңірек тоқталу;

- ТМД-ның әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларындағы интеграция мәселелерімен таныстыру;

- ТМД-ның аймақтық иннтеграция түрлерін талқылау;

- ТМД және Балтық елдерінің ішкісаяси және экономикалық жағдайымен таныстыру;

- ТМД және Балтық елдерінің сыртқы саяси байланыстарын қарастыру.

Құзыреттілік:

  • халықаралық тарихи үрдістердің дамуының негізгі тенденциялары жөнінде білу;

  • пән бойынша деректер мен БАҚ материалдарымен жұмыс жасай білу;

  • қажетті ақпараттарды меңгеру ;

  • өзіндік талдау үшін алыңған әдістемелік дағдыны пайдалана алу;

  • дискуссиялық мәселелерде өз ойын жеткізе білу;

  • аймақтық мәселлелерді бағалай білу;

  • қалыптасқан жағдайды дұрыс сараптап және шешім қабылдай білу;

Пререквизиттер: Пән Европа және Америка елдерінің тарихы, Азия және Африка елдерінің тарихы, Әлемдік интеграциялық үрдістер сияқты курстамен пәнаралық байланыста болып келеді.

Постреквизиттер: Бұл пәнді меңгерту мұнан әры студенттерге Солтүстік Америка интеграциясы, қазіргі кездегі мәселелер, көпжаұты дипломатия т. б. пәндерді оқытуда негіз бола алады.

Оқыту әдістемесі: Сабақты оқыту дәріс және практикалық сабақ түрінде жүргізіледі.Дәрісте оқу материалының негізгі мазмұны беріліп,алыңған білім практикалық сабақта бекітіліп толықтырылады. Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, коллоквиум, жазбаша бақылау, микроемтихан қаблдау мен тест тапсырмаларын , жеке тапсырмаларды орындау және оларды қорғау арқылы жүзеге асырылады.