Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соз жане ком-я.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.23 Кб
Скачать

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Бекітілді»

Кеңес төрағасы .

Факультет кеңесінің

« 20 » маусым 2013 жыл № 10 хаттамасы

Силлабус

Тілдік қатынас негіздері_пәні

Мамандығы________5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»____

5В012100 «Қазақ тілінде оқытп. мектептердегі қазақ_

тілі мен әдебиеті»_________________________________

Оқу түрі_______ күндізгі ______ __________________

Кредит саны_______________2_____________________________

Оқу түрі

Күндізгі

Күндізгі қысқартылған

Сырттай

Сырттай қысқартылған

Жеделдетілген

ОПЖБ бойынша барлық сағат

Соның ішінде

90/90

Дәріс

15\15

Практикалық (семинар)

15\15

Зертханалық

СОӨЖ

30\30

СӨЖ

30\30

Емтихан (семестр)

3\3

Абай атындағы ҚҰПУ қазақ филологиясы факультетінің кеңесі ұсынған, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2006 жылы бекіткен типтік оқу бағдарламасы

_________________________________________________________негізінде

_Шошақова Жанар Қарасынқызы, магистр, аға оқытушы

(Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми дәрежесі)

____________________________________ пәннің силлабусын құрастырды

Кафедра отырысында қаралды және ұсынылды

« 19 » маусым 2013 жыл № 10 хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Исова Э.А.

(Қолы) (Т. А. Ә.)

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданды

« 18 » маусым 2013 жыл № 6 хаттама

Төраға ____________ Арсаева С.Б.

(Қолы) (Т. А. Ә.)

Қайта бекітілгені туралы мәлімет

Оқу жылы

Силлабустағы өзгерістер туралы мәлімет

Қайта бекітілген күні

кафедра хаттамасының №

Кафедра меңгерушісінің қолы

1 Пән бойынша мәліметтер

Курс атауы мен коды: КП - 4 Тілдік қатынас негіздері.

Кредит саны: негізгі және қысқартылған бағдарлама бойынша - 2 кредит .

Сабақтың өткізілу уақыты мен орны: бекітілген кесте бойынша оқу ғимаратында өткізіледі.

Консультациялық сағаттар: оқытушының жетекшілік етуімен СОӨЖ кестесіне және кеңес кестесі бойынша кафедрада өткізіледі.

  1. Оқытушы туралы мәлімет:

Лектор:

Шошақова Жанар Қарасынқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

1995-1999 жылдар аралығында А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін оқып бітіріп, 1999-2004 жылдар аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде, 2004-2013 жылдар аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы. Жалпы еңбек өтілі 13 жыл.

Оқытушының аты-жөні

Өткізілу уақыты мен орны

Хабарласу телефоны

Дәріс

СОӨЖ

(қосымша 129)

Шошақова Жанар Қарасынқызы

Кесте бойынша

Кесте бойынша

e-mail

503 кабинет Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы (кіріспе):

Тіл адамзаттың ойлау, пайымдау процесімен бірлікте іс жүзіне аса отырып, тілдік қатынастың негізі, басты құралы болып табылады. Осы қарым-қатынас құралы болып табылатын тілді ғалымдар әрқилы ерекшеліктеріне қарай жан-жақты зерттеп келеді.

Тілдің қарым-қатынас құралы қызметін атқаратыны туралы көзқарастар ертеректе пайда болғанмен, тілдік қатынастың тіл білімінің жеке мәселесі ретінде зерттелуі соңғы жылдардың үлесіне тиеді. Бүгінгі танда коммуникативтік лингвистика — әр түрлі бағытта терең де жан-жақты дамып келе жатқан ғылым саласы. Сондықтан тілдік қатынас филолог мамандардың әлемдегі өркениет пен білім жүйесіне сәйкес студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыратын, ой-пікірін дұрыс, сауатты жеткізуге ықпал ететін, адам мен адамның түсінісуіне мүмкіндік беретін сала ретінде оқу жүйесіне енгізілді.

Тілдік қатынас негіздері курсының мақсаты:

Студенттерді тілдік қатынас (языковая коммуникация) мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра келіп, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.

Аталмыш пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастырады. Тілдік қатынас негіздері жеке пән ретінде ұсыныла отырып, студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігін қалыптастырады.

Оқу міндеттілігі:

Тілдік қатынасқа байланысты құбылыстардың теориялық негіздерін анықтау; айтылған, берілген, жазылған хабарды қабылдаудың әдіс – тәсілдерін айқындау; сол сияқты қарым – қатынас құралдары мен тұлғаларын, олардың қолданылу жолдарын белгілеу. .

Студент курс соңында білуі тиіс:

тілдік қатынастың құбылысын зерттеу

тілді әсерлі етіп жұмсау

сөзді мағынасына сай жұмсау

сөйлесім әрекетінің түрлерін анықтау