Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gastro (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

12. Созылмалы гепатит сатыларын неге сүйене отырып бөледі:

  1. фиброз дәрежесіне

  2. гистологиялық индекс белсенділігіне

  3. бауырлық жетіспеушіліктің ауырлығына

  4. асқынулардың болуына

  5. бауыр паренхимасындағы «сатылық» және «көпір тәріздес» некроз-дардың болуына байланысты

13. 49 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, өт аралас құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына 18 жыл болған. Объективті: тәбеті жоғары, склерасы субиктериялы, оң жақ қабырға астында ауысыну, Ортнер симптомы оң. Қанда: лейкоциттер - 12 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Өтті зерттеу – барлық үш порцияда - шырыш, лейкоциттер, IV порцияда- лямблиялар. Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған тиімді?

A) цефазолинді

B) гентамицинді

C) левомицетинді

D) эритромицинді

E) метронидазолды

14. Oң қабырға астындағы ауру сезімі, бұралған кезде және еңкею кезіндегі күшеюі, оң қолының қатты қозғалысы кезінде де ауыру сезімінің күшеюі симптомдары созылмалы холециститтің қандай асқынуына тән?

A) перихолециститке

B) реактивті гепатитке

C) созылмалы дуоденитке

D) реактивті панкреатитке

E) созылмалы дуоденальды іркіліске

15. HВeAg-позитивтік созылмалы гепатитке қан сары суындағы тән емес көрсеткіш:

  1. HВeAg

  2. HBV-ДНК > 200 нг/л

  3. ДНК-полимераза

  4. анти-НВе

  5. HbsAbIgM

16. 56 жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналу, қаратүсті нәжіске шағымданады. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) асқазан ойық жарасының перфорациясының

B) асқазан ойық жарасы, өршу фазасының

C) созылмалы атрофиялық гастриттің, өршу сатысы

D) созылмалы атрофиялық емес гастриттің, өршу сатысы

E) 12- елі ішектің жара ауруының, өршу сатысы, қан кету

17. Он екі елi ішектiң жара ауруы 2 жыл бойы ремиссияда жүрген науқаста аурудың рецидивi пайда болды. Жараның рецидивi фиброгастродуоденоскопия бойынша дәлелдендi. Iшiнiң қатты ауырсынуына, қышқылмен құсуына байланысты науқасқа жедел көмек көрсету керек. Диетамен, тәртiппен бiрге науқасқа мына дәрмектiң қайсысын бірінші бересiз?

  1. промедол

  2. Атропин

  3. церукал

  4. анальгин

  5. морфин

18. Келесі белгілер жараның асқазанның жоғарғы бөлігінде орналасқанын көрсетеді:

  1. тамақтанудан кейін бірден пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну

  2. төс артындағы ауырсыну

  3. тамақтанудан 30 мин кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну

  4. тамақтануға байланыссыз ауырсыну

  5. оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы

19. Асқазан жара ауруымен сырқаттанған науқас аурудың соңғы өршуiнде “шiрiген жұмыртқа” иiстi кекiруiне кеше жеген тамақпен құсуына шағымданады. Тұжырымыңыз?

  1. перфорация

  2. пенетрация

  3. қалтқы стенозы

  4. қан кету

  5. Малигнизация

20. Науқас ашқарында және тамақтан 1,5-2 сағаттан кейiн эпигастрий аймағының ауырсынуына шағымданды. Бұл симптом қай аурудан күдiктендiредi?

  1. он екі елi ішектiң жара ауруынан

  2. созылмалы гастриттен

  3. асқазан жара ауруынан

  4. холециститтен

  5. панкреатиттен

21. Жара ауруының малигнизациясын анықтауда ең тиімді әдіс:

  1. асқазан секрециясын зерттеу

  2. рентгеноскопия

  3. фиброгастродуоденоскопия

  4. Фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

  5. іш қуысы мүшелерін ультрадыбыстық зерттеу

22. Үлкен дәретке барғысы келгендей сезім болуы - бұл:

  1. іш кебуі

  2. мелена

  3. тенезмдер

  4. полифекалия

  5. креаторея

23. Калькулездi холециститтi анықтайтын әдiстердiң ең тиiмдiсi:

  1. ультрадыбысты зерттеу және холецистография

  2. дуоденальдiк зондылау

  3. асқазан рентгеноскопиясы

  4. ретроградты панкреато-холангиография

  5. ЭКГ

24. Созылмалы тассыз холециститтің өршу сатысына тән синдромды таңда:

  1. тамақ тәртібін бұзуға байланысты ауырсыну синдром

  2. геморрагиялық

  3. лимфоденопатия

  4. астено-вегетативтік

  5. ішектік диспепсия

25. Жедел панкреатиттің дамуындағы басты себеп:

  1. аутоферменттік агрессия

  2. микробты флора

  3. микроциркуляторлық бұзылыстар

  4. веноздық іркіліс

  5. құрттармен зақымдану

26. Холестаз синдромының индикаторлары:

  1. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  4. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

  5. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

27. Созылмалы гепатитті анықтаудағы ең мәліметті тексеру әдісі:

  1. пункциялық биопсия

  2. индикаторлық ферменттер белсенділігінің өзгеруі

  3. гепатодепрессия индикаторлары белсенділігінің өзгеруі

  4. бауырды ультрадыбысты зерттеу

  5. компьютерлік томография.

28. Семіздікпен ауыратын 50 жастағы әйелде, оң бұғана үстіне берілетін кенеттен оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болды. Әйел мазасыз, төсекте тынышсыз. Қарағанда: терісінің түсі қалыпты, сипағанда өт қабы нүктесінде ауырсыну, Ортнер симптомы оң, дене қызуы қалыпты, қан анализі қалыпты. Қандай зерттеу әдісін бірінші кезекте жүргізу қажет?

A) ирригоскопия

B) холецистография

C) эзофагогастродуоденоскопия

D) құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеу

E) көзделген бипсиямен лапароскопия

29. 18 жастағы қыз бала, антацид қабылдағаннан кейін басылатын аш қарындағы және түнгі кезеңдегі эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Эпигастрий аймағын сипағанда ауырады. Рентген: асқазаннан контрасты заттың жылдам өтуі. Эндоскопия жасағанда патология анықталмады. Helicobacter pylori анықталынған жоқ. Жоғарыдағы жағдай төмендегі функциональды жарасыз диспепсия варианттарының қайсысына тән болуы мүмкін?

A) моторлық түріне

B) дискинетикалық түріне

C) жара тәрізді түріне

D) бейспецификалық түріне

E) рефлюкс тәрізді түріне

30. Созылмалы гепатиттің циррозға айналуының ең маңызды белгісі болып табылатын синдром:

А) сарғаю

В) портальды гипертензия

С) астеновегетативті

D) артериальды гипертензия

Е) қан айналымының жеткіліксіздігі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]