- •4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары
- •4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары
- •2 Вариант
- •12. Созылмалы гепатит сатыларын неге сүйене отырып бөледі:
- •Атропин
- •Малигнизация
- •Фиброгастродуоденоскопия биопсиямен
- •4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары
- •3 Вариант
- •11. Созылмалы вирусты гепатиттерді емдеуде қолданылатын вирусқа қарсы заттарға қайсысы жатпайды:
4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары
2 Вариант
1. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
A) асқазан полипінің
B) Менетрие ауруының
C) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің
D) асқазан ойық жарасының
E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының
2. Өңештің төменгі сфинктерінің гипертонусы тән:
өңеш ахалазиясына, өңештің диффузды тарылуына
эзофагитке
склеродермияға
өңеш дивертикулына
фарингитке
3. Созылмалы дуоденумдiк жара қандай патологияда дамымайды?
APUD-жасушалық iсiкте
өкпенiң созылмалы шамасыздығында
Золлингер-Элиссон синдромында
күйiктер
бауыр циррозында
4. Асқазан жарасының малигнизациясының болу-болмауын дәлелдеу үшiн қай тәсiл тиiмдi?
асқазан секрециясын гистаминдiк сынамамен зерттеу
рентгенологиялық
эндоскопиялық
нәжiстi жасырын қанға тексеру
эндоскопиялық биопсия
5. Созылмалы хеликобактериялық гастритті кең таралған емдеу кестесі:
ацидин – пепсин, но-шпа, панзинорм
алмагель, ранитидин, церукал
денол, метронидазол, омепразол
фамотидин, церукал, валериана тұнбасы
церукал, омепразол
6. Жара ауруының дамуына мүмкіндік тудыратын агрессиялық факторлар:
бикарбонаттар
простагландиндер
тұз қышқылы мен пепсиннің көбеюі
гастромукопротеидтер
кілегейдің бөлінуі
7. 29 жастағы науқас толғақ тәрізді ауру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Емдеу шараларының жоспарына қосқан барынша тиімді:
креон+ де-нол
дицетел + дюфалак
дюфалак + имодиум
имодиум+ грандаксин
интетрикс + хилак-форте
8. Ремиссия сатысындағы созылмалы холециститі бар науқасқа тән:
аталғандардың ешқайсысы емес
диареяның іш қатумен алмасуы
оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы
майлы тағамды көтере алмау
қыжыл
9. Созылмалы холецистит кезінде науқастар шағымданады:
жүрек айну, аузына ащы дәм келу, майлы және қуырылған асты қорыта алмау
қышқылмен кекіру, қыжылдау, іш қату
оң жақ қабырға астының ауруы
іштің жоғарғы бөлімінің ауруы, арқаға берілуі, кезектесіп іш өту және іш қату
эпигастрии және пилородуоденалды аймақтың «аш қарында» ауырсынуы, қыжылдау, ол тамақ ішкеннен кейін басылады
10. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметінің бұзылуына тән барлық симптомдарды көрсетіңіз:
дене салмағының төмендеуі, креаторея, стеаторея
терінің құрғақ болуы
гипергликемия
іштің алдыңғы қабырғасы веналарының кеңеюі
бүйрек-бауыр жетіспеушілігі
11. Цитолиз синдромының индикаторлары:
АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтранс-феразаның жоғарылауы
сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы
альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцеллериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы
-глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі
аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы
