Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gastro (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

4 Курс гастроэнтерология циклынан тест сұрақтары

1 – вариант

1. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) кардия ахалазиясының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

2. 66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С, сипағанда өт қабы тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) жедел холециститтің

B) жедел аппендициттің

C) созылмалы дуодениттің өршуі

D) созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі

E) 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

3. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды:

  1. фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

  2. клиникалық көрінісі

  3. асқазан сөлін зерттеу

  4. ретгендік зерттеу

Е) рН метрия

4. Төмендегi дәрмектердiң қайсысы Н2-гистамин рецепторларын блоктайды?

  1. димедрол

  2. ранитидин

  3. метацин

  4. альмагель

  5. атропин

5. Көп жылдан берi асқазанның жара ауруымен сырқаттанатын науқаста арқаға берiлетiн тұрақты ауырсыну пайда болған. Қандай асқынудан күдiктену керек?

  1. ұйқы безiне пенетрация

  2. қалтқының стенозы

  3. малигнизация

  4. жараның жарылуы

  5. демпинг-синдромы

6. Менетрие ауруы – бұл:

  1. ригидтік гастрит

  2. гиганттық гипертрофиялық гастрит

  3. полипозды гастрит

  4. лимфоцитарлық гастрит

  5. кистоздық гастрит

7. Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне қайсысының жатуы барынша мүмкін:

  1. іш қату

  2. іш ауруы

  3. жиі сұйық дәрет

  4. іш қатудың іш өтумен кезектесуі

  5. депрессивті - қорқыныш синдромы

8. 29 жастағы науқас әйел ұзақ мерзім жыныс жолымен берілетін ауруға байланысты антибактериальды препараттарды қабылдаған. Нәжістің бактериальды анализін жүргізгенде Candida туқымды саңырауқұлақтар анықталған. Емдеу шаралары жоспарының қайсысы тиімді:

  1. имодиум креон смекта

  2. клацид линекс бактисубтил

  3. амоксиклав дицетел смекта

  4. флуканазол хилак форте энтерол

  5. линекс лактулоза бифидумбактерии

9. Өт жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде нені қолдануға болмайды:

  1. жылу процедураларын

  2. спазмолитиктерді

  3. холецистокинетиктерді

  4. холинолитиктерді

  5. седативтік дәрілерді

10. Ұйқы безінің секрециясын басу үшін қолданылмайды:

  1. антикоагулянттар

  2. аштық

  3. эпигастрий ацмағына салқын басу

  4. Н2- гистаминорецепторлардың блокаторлары

  5. антиферменттік препараттар

11. Созылмалы панкреатитпен сырқат науқастарда метеоризм дамуы байланысты:

  1. ұйқы безінің ферменттік жетіспеушілігімен

  2. ісінген ұйқы безі басының 12-елі ішекті басуы

  3. тоқтаусыз жиі құсумен

  4. панкреаздық гормондар тапшығымен

  5. ұйқы безінің инкреторлық қызметінің төмендеуімен

12. Шунт синдромының индикаторлары:

  1. аммиак, фенол, амин қышқылдарының жоғарылауы

  2. АлАТ, АсАТ, альдолаза, ГлДГ, ЛДГ, 4,5-орнитинкарбамилтрансфера-заның жоғарылауы

  3. сілтілі фосфатаза, 5-нуклеотидаза, ГГТП, билирубин, өт қышқылдары, холестерин, -липопротеидтер, фосфолипидтердің жоғарылауы

  4. альбуминдер, холинестераза, протромбин, проконвертин, проакцел-лериннің төмендеуі, бромсульфалеин бөлінуінің азаюы

  5. -глобулин, IgA, IgM, IgG артуы, нуклеолаға, митохондрийге, тегіс салалы бұлшық еттерге қарсы антиденелердің, бауыр-бүйректің микросомаларының антигендеріне антиденелердің жоғарылауы, тимол сынамасының жоғарылауы, ал сулема сынамасының төмендеуі

13. Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен айырмашылығы:

  1. портокавальді және кава-кавальді анастомоздардың болуы

  2. холестаз синдромы

  3. цитолиздік синдромы

  4. холемия синдромы

  5. паренхималық сарғаю

14. Бауырдың біріншілік билиарлы циррозының ерте белгісіне жатады:

А) спленомегалия

В) диспепсиялық өзгерістер

С) терінің қышуы

D) оң қабырға астындағы ауыру сезімі

Е) геморрагиялық синдром

15. Бауыр циррозы бар 40 жастағы науқаста асқазан – ішек жолдарынан қан кету эпизоды дамыды. Медикаментозды гемостатикалық терапия жүргізіле бастады. Осы жағдайда келесі дәрігердің жүргізу тактикасы:

А) назогастральды аспирация

В) шұғыл эндоскопия

С) седация

D) ультрасонографиия

Е) асқазанның рентгенографиясы

16. Баррет өңеші анықталған науқаста малигнизация қаупін төмендету үшін қандай препараттарды тағайындаған тиімді:

A) реглан, квамателды

B) де-нол, ранитидинді

C) маалокс, фамотидинді

D) омепразол, мотилиумды

E) гастроципин, церукалды

17. 28 жастағы әйел, оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауыру сезімі, ауыздағы қышқыл дәм, жалпы әлсіздік, аздаған сарғаюға шағымданып түсті. Емдәмді бұзғаннан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамаларының мазалағанына 10 жыл болған. Көк тамырішілік холангиографияда: жалпы өт жолы аздап ұлғайған. Өт қабы ұлғайған, төмен орналасқан, қатпар түзбей толады, түбінде үлкен тас бар. Төмендегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін деп ойлайсыз?

A) өт қабы ісігінің

B) созылмалы дуодениттің өршуі

C) өт қабы дискинезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

E) созылмалы калькулезды холециститтің, өршу фазасы

18. Атрофиялық гастриттi анықтайтын маңызды әдiс:

  1. гастроскопия биопсиямен

  2. хеликобактерді анықтау

  3. рентгенологиялық зерттеу

  4. асқазан сөлiн зерттеу

  5. тыстаушы жасушаларға антиденелердiң болуын

19. Асқазанның секрециялық-қышқыл түзу қызметiнiң төмендеуi қандай ауруда байқалады?

  1. Золлингер-Эллисон синдромы

  2. созылмалы антрум-гастрит

  3. созылмалы гипертрофиялық гастрит

  4. созылмалы атрофиялық гастрит

  5. аталғандардың барлығында

20. Омепразол қандай препараттар тобына жатады:

  1. гистамин Н2-рецепторларының блокаторлары

  2. адреноблокатор

  3. М-холиноблокатор

  4. гистамин Н1-рецепторларының блокаторлары

  5. протондық насостың блокаторлары

21. Асқазан жара ауруына тән ауырсыну:

  1. түнгі

  2. кеш

  3. аш қарында

  4. ерте

  5. тұрақты

22. 42 жастағы науқас тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 2-3 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:

  1. Крон ауруы

  2. жуан ішектің қатерлі ісігі

  3. іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы

  4. іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы

  5. шамадан тыс микробты контаминация синдромы

23. Креаторея кезінде нәжісте ненің мөлшері көбейеді:

  1. бейтарап майлардың

  2. май қышқылдарының

  3. бұлшық ет талшықтарының

  4. стеркобилиннің

  5. крахмалдың

24. НР 12 елі ішектің жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

  1. омепразолвисмут субцитрат(де-нол)

  2. домперидон(мотилиум)рабепрозол(париет)

  3. маалоксфамотидин

  4. омепразоламоксициллинкларитромицин

  5. омепразолтрихополтетрациклин

25. Науқас 15 жыл бойы созылмалы панкреатитпен сырқаттанады. Ұйқы безінің кальцинозын қандай қарапайым әдіспен анықтауға болады:

  1. құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

  2. лапаротомия

  3. лапароскопия

  4. ирригоскопия

  5. холангиография

26. Созылмалы вирусты, жоғары белсендiлiктi гепатит емiнiң ең тиiмдi схемасын таңдаңыз:

  1. интерферон, нуклеозидер аналогтары, гепатопротекторлар

  2. азатиоприн

  3. декарис және интерферон

  4. делагил және В тобының витаминдерi

  5. глютамин қышқылы және декарис

27. Регенерация және ісіктік өсу синдромын дәлелдейтін көрсеткіш:

  1. Α-фетопротеиндер құрамының жоғарылауы

  2. қан сары суындағы альбуминдер деңгейінің жоғарылауы

  3. қандағы Т-хелперлер құрамының жоғарылауы

  4. сары судағы ХЭ белсенділігінің төмендеуі

  5. қандағы Т-супрессор құрамының жоғарылауы

28. 74 жастағы ер адам, қуырылған, майлы тамақ жегеннен кейін пайда болатын және оң жақ жауырын астына берілетін тұрақты емес, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, басының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған, сипағанда өт қабы тұсындағы ауырсыну. Ортнер, Френикус, Мюсси симптомдары – оң. Дене қызуы 370 С. Қан анализінде – нейтрофильді лейкоцитоз. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) жедел аппендециттің

B) созылмалы дуодениттің, өршу сатысы

C) өт қабы дискенезиясының гипотониялық түрі

D) созылмалы калькулезды емес холециститтің өршуі

E) созылмалы токсикалық гепатиттің минимальді белсенділік дәрежесі

29. В, С, Д вирусты гепатиттер, улы заттардың әсері, алкогольді ішімдіктерді қолдану, созылмалы жүрек жетіспеушілігі және бауырдың веноздық ағысының обструкциясы төмендегі аурулардың қайсысының этиологиялық себебі болуы мүмкін:

A) бауыр цирроздарының

B) созылмалы гепатиттердің

C) бауырдың майлы дистрофиясының

D) гепатоцелюлярлы карциноманың

E) біріншілік склероздаушы холангиттің

30. 47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Адекватты емду кестесін таңдаңыз:

А) прокинетиктер + гелдік антацидтер

В) протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер+ мукоцитопротекторлар

С) прокинетиктер+ цитостатиктер

D) хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)

Е) қыжыл кезінде гелдік антацидтер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]