Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Күйіктік шок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.81 Кб
Скачать

Химиялық күю кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету іс-әрекеттерінің алгоритмі

  1. Бір мезетке тоқтап, мұқият қарап, жағдайды дұрыс бағалау.

  2. Өз іс-әрекеттеріңізді алдын ала жоспарлау.

  3. Іс-әрекетке көшіңіз. Латексті перчаткалар мен басқа да қорғаныш заттарын қолдану арқылы өзіңізді және зардап шегушіні мүмкін болатын инфекцияланудан қорғау.

  4. Зардап шегушінің сіздің бұйрықтарыңызға жауап беруін тексеру және жедел медициналық жәрдем қызметін шақырту.

  5. Біріншілік бағалау жүргізіп, науқастың өмірлік маңызды функцияларын дұрыс жұмыс істеу-істемеуін бақылау.

  6. Егер науқас активацияға жауап қайтарса, күйіктің деңгейі мен зақымдалу ауданын анықтау үшін екіншілік бағалау жүргізу.

  7. Егер химикаттар сұйық болса, мүмкіндігінше тез 20 минут ішінде күйген жерді салқын ағынды сумен көлемді түрде шаю.

  8. Қышқылмен күю кезінде күйік орнын ас содасымен, сілтімен күю кезінде лимон қышқылының әлсіз ерітіндісімен шаю.

  9. Жансыздандыру мақсатымен зардап шегушіге анальгин(пенталгин, темпалгин, седалгин) береді. Үлкен күйіктер кезінде 2-3 таблетка аспирин мен бір таблетка димедрол береді.

  10. Дәрігер келгенше науқасқа ыстық шай, кофе немесе сілтілі минералды су берген жөн(500-2000мл).

  11. Күйік бетіне 70% спирт ерітіндісімен немесе арақпен өңдегеннен кейін асептикалық байлам қойыңыз. Күйік орнын құрғақ стерильді таңғышпен немесе таза матамен жабуға болады.

  12. Ауқымды термиялық күю кезінде науқасты таза жапқышпен жауып, дереу ауруханаға жеткізеді.

  13. Егер жедел медициналық жәрдем шақырылмаған болса, науқасқа дәрігерге көрінуге кеңес беріңіз.

I және II дәрежелі жеңіл күйік кезіндегі көмек алгоритмі

  1. Латексті перчаткалар мен басқа да қорғаныш заттарын қолдану арқылы өзіңізді және зардап шегушіні мүмкін болатын инфекцияланудан қорғау.

  2. Күйік орнын салқын сумен шайып тұру қажет.

  3. Күйік орнын марганцовканың әлсіз ерітіндісімен өңдеу.

  4. Зақымдалған аймақты стерильді таңғышпен жабу.

  5. Зақымдалу ауданы үлкен болған кезде күйікке қарсы мазь немесе аэрозольмен өңдеу. Дәріханадан «Алазол» немесе «Пантенол» аэрозольдерін қолдануға болады.

  6. Теріге арналған лосьондар тітіркенуді басып, теріні құрғаудан сақтайды.

  7. Ауру басатын заттар ауыру сезімі мен қабынуды басуға қабілетті.

  8. Күйік орнын күнделікті инфекциялану қаупіне тексеріп тұрыңыз.

III және IV дәрежелі ауыр күйік кезіндегі көмек алгоритмі

  1. Бір мезетке тоқтап, мұқият қарап, жағдайды дұрыс бағалау.

  2. Өз іс-әрекеттеріңізді алдын ала жоспарлау.

  3. Іс-әрекетке көшіңіз. Латексті перчаткалар мен басқа да қорғаныш заттарын қолдану арқылы өзіңізді және зардап шегушіні мүмкін болатын инфекцияланудан қорғау.

  4. Науқастың жауап қайтаруын тексеріп, жедел медициналық жәрдем қызметін шақырту қажет.

  5. Біріншілік бағалау жүргізіп, науқастың өмірлік маңызды функцияларын дұрыс жұмыс істеу-істемеуін бақылау.

  6. Егер науқас активацияға жауап қайтарса, күйіктің деңгейі мен зақымдалу ауданын анықтау үшін екіншілік бағалау жүргізу.

  7. Науқасты киімінен босату қажет. Егер мата бөлшектері денеге жабысып қалса, оларды жұлмау керек.

  8. Терінің ашық аймақтарын таза, жылы, жұмсақ матамен жабу науқастың жылу жоғалтуын алдын алады, бұл өз кезегінде ауыр асқынулардың туындамауына септеседі.

  9. Мұндай күйіктік жарақаттар қатты ауыру сезімін тудырады. Сондықтан біздің міндетіміз ауырсынулық шоктың алдын алуы болып табылады. Осы мақсатпен науқасқа күшті анальгетиктер береміз.

  10. Науқасқа ыстық шай немесе сілтілі минералды су берген жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]