
- •Күйіктік шок кезіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмі
- •Өмірлік маңызы бар функцияларды сақтауға бағытталған негізгі іс-шаралар
- •Химиялық күю кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету іс-әрекеттерінің алгоритмі
- •I және II дәрежелі жеңіл күйік кезіндегі көмек алгоритмі
- •III және IV дәрежелі ауыр күйік кезіндегі көмек алгоритмі
- •Лечение и профилактика анаэробной клостридиальной инфекции
Өмірлік маңызы бар функцияларды сақтауға бағытталған негізгі іс-шаралар
Күйген науқастарға алғашқы медициналық көмек оқиға орнына келіп жеткен медицина қызметкерлерімен немесе өзара көмек тәртібімен көрсетіледі. Ең алдымен, зақымдаушы фактордың әсерін тоқтату қажет. Отпен күю кезінде жанып жатқан киімді сөндіріп, зардап шегушіні қауіпті аймақтан көшіру қажет. Ыстық сұйықтықпен немесе агрессивті химиялық заттармен күю кезінде суланған киімді шешіп және химиялық күйік кезінде 10-15 минут ішінде күйген тері беткейін ағынды сумен шаю керек. Электрожарақат кезінде өз қауіпсіздігіңді қамтамасыз ете отырып, зардап шегушіні электр көзінен оқшаулау қажет.
Алғашқы дәрігерлік көмек: витальді функцияларды бағалау(естің болуы, ЖСЖ, АҚ, тынысалу жиілігі). Қажет болған жағдайда науқасқа шұғыл түрде өкпелік-жүрек реанимациясын жасау қажет: тынысалу жолдарының ауа өткізгіштігін қамтамасыз ету, көрсеткіштер бойынша жүрекке тікелей емес массаж жасау, «ауыздан-ауызға» өкпеге жасанды дем беру. Реанимация шектелген күйіктері бар науқастарға жасалады.
Жансыздандыру көктамырға қалыпты дозада наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерді енгізу арқылы жүргізіледі. 15%-дан жоғары күйік кезінде – инфузионды терапия. Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу күйіктің типіне байланысты. Термиялық күйік кезінде күйік бетін таза құрғақ жапқышпен жауып қойған жөн(мақталы-дәкелі повязка). Бұл ауамен жанасуды алдын алады және ауру сезімін басады.
Электротравма. Тіндер арқылы өтетін электр тогы терең зақымданулар туғызуы мүмкін. Беткейлік зақымдалу аймағы аз ғана болғанымен, терең жатқан тіндердің ауыр зақымдалуы әбден ықтимал.
Транспортировкалау. Күйіктік шок жағдайындағы науқастарға жедел түрде инфузионды терапия жүргізу қажет. Гемодинамиканың параметрлері (АҚ<90 мм.с.б., ЖСЖ>120 соққы/мин) кезінде 1,5-2,0 литр кристаллоидты ерітіндіні ағымды енгізу қажет.
Міндетті түрде оттектік терапия жүргізу керек. Шок жағдайындағы науқастар жақын маңайдағы емдік мекеменің реанимациялық бөліміне госпитализацияланады.
Арнайы медициналық көмек. Реанимациялық бөлімшеге госпитализациялау көрсеткіштері:
Зақымдалу аймағы 15 пайыздан жоғары барлық жастағы науқастар;
Зақымдалу аймағы 10 пайыздан жоғары 10 жасқа дейінгі балалар;
5 пайыздан жоғары терең күйіктері бар барлық жастағы науқастар;
ингаляциялы жарақаттары бар науқастар;
Зақымдалу аймағына тәуелсіз электр тогымен жарақаттанған науқастарды динамикалық бақылау мақсатымен;
Беттің, қол-аяқтың химиялық күйіктері кезінде;
Ауыр преморбитті фоны бар науқастар;
Конкурентті жарақаты бар пациенттер.
Стационарға госпитализациялаудың көрсеткіштері:
Күйік аймағына байланыссыз 1 жасқа дейінгі балалар;
Бет, білек, тобық, гениталий күйіктері бар науқастар;
Терең күйіктері бар барлық науқастар, ерте некроэктомия жайлы мәселені шешу үшін.
Барлық науқастарға сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізіледі.
НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Науқасты тасымалдау тек реаниматологтың қатысуында жүргізіледі. Тасымалдау барысында келесідей шарттар орындалуы қажет:
Адекватты респираторлық қолдау. Жоғарғы тыныс жолдары бос болу керек. 100%-тік оттектің мұрын катетерлері арқылы тағайындалуы міндетті түрде. Қажет болса, науқасты интубациялайды.
Гемодинамикалық қолдау. Инфузионды терапияны үздіксіз жүргізу. Несептік катетерді қою мен сағаттық диурезді бақылау міндетті шара болып есептеледі(үлкендерде сағатына 50мл-ден кем емес, балаларда - 2мл/кг сағатына).
Жансыздандыру. Адекватты респираторлық қолдау жағдайында наркотикалық анальгетиктерді міндетті түрде тағайындау.
Жараларға күтім жасау. Жаралар күйікке қарсы байламдармен таңылған болу қажет.
Документация.
КҮЙІКТІК ШОКТЫ ЕМДЕУ
Инфузионды терапия
Күйіктік шок кезеңіндегі инфузионды терапия мақсаты – қанның жалпы көлемін қалпына келтіру, перифериялық қанайналымды қалпына келтіру, метаболизмдік ацидозды ликвидациялау. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе – тіндердің шамадан тыс гипергидратациясын болдырмау. Зақымдалған және өлі тіндерде туындаған ісіну 2-тәулікте өзінің максимумына жетеді. Дегенмен, сапасы мен мөлшері жағынан дұрыс жасалған инфузионды терапия зақымдалған тіндерде ісінудің төмендеуімен және зәрмен бірге сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде экскрециясымен қатар жүреді.
Шамадан тыс сұйықтықтық ауыртпалық ісінудің күшеюіне және тіндердің ишемизациясының жалғасуына әкеліп соғады. Күйіктік жарақаттан кейін ұлғайған қантамырлық өткізгіштік мөлшері мен сапасы жағынан дұрыс жүргізілген инфузионды терапия фонында азая бастайды. Ауыр күйікпен зақымдалғандарды емдеу кезінде «үш катетер ережесі» міндетті түрде жүзеге асырылуы керек:
Орталық венаға катетер – тұрақты түрдегі гемодинамикалық мониторинг үшін;
Қуыққа катетер – сағаттық диурезді есептеу үшін;
Назогастральды зонд – асқазан-ішек трактісінің жоғарғы бөлімдерінен ауыртпалықты азайту үшін.
Шұғыл түрде жасалатын маңызды емдеу іс-шараларының қатарына некротомия (циркулярлы терең күйіктер кезінде магистральды қантамырлар мен нервтердің қысылып қалуын алдын алу үшін, кеуде қуысының экскурсиясын жақсарту үшін) жатады.
Қабылдау кезіндегі емдеу тактикасының бақылау парағы:
Адекватты вентиляцияны қамтамасыз ету;
Міндетті мониторинг (ЭКГ, АД, ЧСС, пульсоксиметрия);
Ұзартылған инфузия;
Жансыздандыру;
Жалпы жансыздандыру кезінде жараны хирургиялық өңдеу;
Көрсеткіштері бойынша некротомия және фасциотомия жасау.
Емдеудің алғашқы күндеріндегі терапевтикалық мақсаттар:
Систолиялық АҚ 100 мм.с.б. жоғары;
Жүрек соғу жиілігі минутына 120 соққыдан кем;
Диурез сағатына 50мл-ден кем емес;
Гематокрит 45%-дан көп емес;
Натриемия 135-150ммоль/л.
Инфузионды терапияның есептеулері
ИТ көлемі дене салмағына, жасқа, зақымдалған аймақтың ауданына байланысты. Есептеуді Паркланд формуласы бойынша жүргізеді:
ИТ көлемі = 2-4 мл* дене салмағы(кг)*күйік ауданы.
Алғашқы күндердегі инфузионды терапия. Алғашқы 0-8 сағаттарда есептелген инфузияның жартысын енгізу керек. Бұл периодта физиологиялық ең тиімді болып Рингер Лактат немесе 0,9% натрий хлориді мен 5% глюкоза ерітіндісін 1:1 қатынасында қолдану саналады. Қантамырлардың өткізгіштігінің жоғары болуы интерстициальды кеңістіктің дренажды функциясының бұзылуына байланысты коллоидтарды қолдану кеңес етілмейді. Жарақаттан кейінгі 8-24 сағатта адекватты инфузиядан кейін ҚСҚ(қышқыл-сілтілік құрам) көрсеткіштері қалыпқа келгеннен кейін, нативті коллоидтарды тағайындауға болады.
Бірқатар науқастарда ауыр күйіктік жарақат кезінде, әсіресе қарттарда жүрек қызметінің декомпенсациясы дамиды. Ол ОВҚ өсуімен, ЖСЖ артуымен, АҚ төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдайда тікелей кардиотониктерді (дофамин, добутрекс, допмин) тағайындау қажет.
Күйіктік шокты бастан кешіретін барлық науқастарда метаболизмдік ацидоз туындайды. Өз бетімен соданы енгізу арқылы ацидозды ликвидациялауға тырысудың қажеті жоқ Адекватты ИТ және респираторлық қолдау аэробты гликолизді қалпына келтіруге септеседі, бүйрек функцияларының қалпына келуін(бүйректік буфер іске қосылуы) іске асады. pH-тың 7,2-ге дейін төмендеуін коррекциялау натрий бикарбонатын енгізу арқылы жүргізіледі.
Жансыздандыру, жылыту, седация. Шокқа қарсы айтарлықтай әсерге жансыздандыру, жылыту, седацияға бағытталған іс-шаралар ие. Оптималды термалды жағдай – 26 градус Цельсий бойынша.
Тұтыну коагулопатиясының дамуы мен микротромб түзілу генерализацияланған қабынудың негізгі көріністерінің бірі болып есептеледі. ДВС-синдромның алдын алу үшін науқастарға 4 сағат сайын 5 мың ЕД гепарин тағайындалады. Сонымен қатар дезагреганттар ретінде эуфиллин 0,5 мг/кг/сағ, никотин қышқылын қолданады. Аурудың бірінші тәулігіндегі ИТ протоколы:
Алғашқы 8 сағатта 2-4 мл* дене салмағы(кг)*күйік ауданы(%)
Алғашқы 12 сағатта инфузия барлық көлемнің 50%-н құрайды.
50% - Рингер-лактат ерітіндісі
50% - глюкоза ерітіндісі 5%
Шоктан шығу критерийлері
Дене температурасының жоғарылауы;
Орталық гемодинамиканың көрсеткіштерінің қалыпқа келуі;
Гемоглобин, гематокрит, эритроцит деңгейлерінің қалыпты көрсеткіштері;
ҚСҚ және қанның газдық құрамының көрсеткіштерінің нормализациясы;
Диурез>50мл/кг/сағ
Күйіктік шок ұзақтығы орташа есеппен 1 тәуліктен 3 тәулікке дейін