Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Күйіктік шок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.81 Кб
Скачать

Күйіктік шок кезіндегі алғашқы көмек көрсету алгоритмі

Күйіктік шок – түп негізінде терінің және терең жатқан тіндердің гемодинамикасының ауыр бұзылыстарына алып келетін ауқымды термиялық күйіктер жататын патологиялық процесс. Күйіктік шок дененің терең күйіктері 10 пайызға немесе беткейлік күйік кезінде дене беткейінің 30 пайыздан астам бөлігі зақымданғанда пайда болады. Күйіктік шоктың екінші критерийі болып сағаттық диурездің сағатына 30мл-ден кем болуы есептеледі.

Клиникалық көріністерінің ауырлығына байланысты күйіктік шоктың 3 деңгейін ажыратады:

Бірінші деңгейлі күйіктік шок терең күйік аумағының дене беткейінің 20%-ына жуық шаманы қамтығанда туындайды. Тері қабаты солғын тартқан, кейде қатты шөлдеу сезімі байқалады. Есі сақталған. Пульс жиілігі минутына 100 соққы, АҚ лабильді. Зәрдің қалыпты тәуліктік мөлшерінде қысқа уақыттық сағаттық диурездің азаюы байқалады. Шоктың ұзақтығы 24-36 сағаттан аспайды. Дер кезінде басталған ем кезінде болжамы жағымды.

Екінші деңгейлі күйіктік шок терең күйік аймағы дене беткейінің 21-40%-н қамтығанда дамиды. Алғашқы сағаттарда қозу мен қимыл-қозғалыс бұзылыстары байқалады, кейін ол тежелумен алмасады. Жүрек айнуы, құсу, есі сақталған. Зақымдалмаған тері құрғақ, мұздаған. Тахикардия минутына 120-130 соққы. Алғашқы 9-12 сағатта сағаттық диурездің мөлшері 400-600 мл-ге дейін төмендеген. Бірқатар жағдайларда макрогемоглобинурия байқалады. Қан анализінде – гемоконцентрация, айқын метаболизмдік ацидоз, азотемия. Дене температурасы қалыпты немесе төмендеген. Шоктың ұзақтығы - 48-72 сағат. Дер кезіндегі және адекватты ем кезінде науқастардың көпшілігі ауыр шок жағдайынан айығуы мүмкін.

Үшінші деңгейлі күйіктік шок күйік аймағы тері беткейінің 40%-дан астам бөлігі зақымдалғанда дамиды. Барлық жүйелер мен мүшелердің функцияларының ауыр бұзылыстарымен сипатталады. Зақымдалушыларда қатты шөлдеу, қайталамалы құсулар. Жарақаттан кейін бірден туындайтын қозу кейін терең тежелуге ұласады. Тері солғын, құрғақ, топырақ түсті, мұздаған. Пульс – 130-150 соққы/мин. Ентікпе, айқын олигурия кейін ануриямен жалғасады. Зәр түсі қара-қызылдан күйген иісі бар қара түске ұқсас болуы мүмкін. Қанда – азотемия, декомпенсирленген метаболизмдік ацидоз, айқын гемоконцентрация, лейкоцитоз, гипопротеинемия, гиперкалиемия. Қатты ауыр шок кезіндегі летальды нәтиже көрсеткіші 80%-ды құрайды. Тірі қалғандарда шок ұзақтығы – 60-72 сағат.

Жарақаттық шокпен салыстырғанда күйіктік шоктың критерийлері келесідей:

  1. Күйік аумағы;

  2. Диурездің төмендеуі.

Күйіктік шоктың ауырлық дәрежесінің соңғы әрі нақты диагностикасы үшін науқас жағдайын 12-24 сағат бойы бақылау қажет.

Шок ағымының ауырлық деңгейін анықтау мен диагностикалау

Шокты диагностикалау үшін зақымдалу аймағын, тереңдігін анықтау, клиникалық белгілерін дұрыс бағалау қажет. Шоктың клиникалық белгілері бірден туындамайтынын, оның гиповолемияның күшеюіне байланысты көрінетіндігін есте сақтаған жөн. Шоктың эректильді фазасы 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін, науқастар қозған күйде, эйфория, артериалды қысымы жоғарылаған.

Торпидті фаза кезінде тері беткейлері бозғылт, цианозды, «ақшыл дақ» симптомы оң. Дене температурасы төмендейді. Балаларда ұстамалы гипертермия, менингизм байқалуы мүмкін. Тахикардия, ентікпе, құсу, лоқсу, бұлшықеттік діріл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]