Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9-Зейін.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.03 Кб
Скачать

4.3Ейіннің қасиеттері.

Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады.

Осы қасиеттердің байқалу және көріну дәрежесіне қарай жекелеген адамдардың зейінінің белгілі бір жағымды және жағымсыз сапалары анықталады.

Зейіннің ауыспалылығыбұл зейіннің бір нысанадан екінші нысанаға, бір іс-әрекеттің түрінен екінші іс-әрекеттің түріне ауысуы. Мәселен, кітап оқудан шәкірт өз зейінін, суреттерді көруге, одан өз ойын айтып беруге көшуі мүмкін. Шәкірттер өз зейінін бір пәнді оқудан, екінші пәнді оқуға, онымен жұмыс істеуге ауыстыруы мүмкін. Тарихтан-математикаға, әдебиеттен-қазақ тіліне және т.с.с. Зейіннің ауысуы ерікті және еріксіз іске асады. Зейіннің ауысуының жүйкелік-физиологиялық негізі бас ми қыртысының негізінен екінші сигнал жүйесінің шақыруымен қозудың оптимикалық орталығының ауысуы болып табылады.

Зейіннің ауысуы кей жағдайларда қиыншылықтарға байланысты: кейде бұрынғы нысанадан жаңа іс-әрекетке кірісу қиыңдық туғызады. Зейіннің ауысуының қиындығы мен жеңілдігі әртүрлі себептерге байланысты. Осындай себептерге жататындары бұрынғы және кейінгі іс-әрекеттің мазмұнының арасындағы байланыстың болуы мен болмауы. Осы байланыс болған жағдайда зейін жеңіл, тез ауысады. Зейіннің ауысының жеңілдігі мен қиындығының себебі сонымен қатар адамның қатынасы, зейін нысанына қызығудың болуы мен болмауы жатады. Егер де адам бұрынғы нысанына өте қызыға зейін салса, кейінгі нысанына қызығуы әлсіз болса, ондай жағдайда бұрынғы нысанының зейінді аударуы қиынырақ болады және зейіннің ауысу үрдісі жай іске асады. Керісінше, егер де кейінгі нысаны бұрынғыға қарағанда өте қызықты, тартымды болса, онда зейіннің ауысуы ешқандай қиындықсыз іске асады. Тез ауысуға қабілетті зейін бағалы болып есептеледі. Зейіннің бұл сапасының арқасында адам қоршаған жағдайды тез бағдарлай алады, өзгерген жағдайда әртүрлі элементтердің мәнін тез ескере және анықтай алады.

Іс-әрекет үрдісінде зейін тек бір ғана нысанаға бағытталып қана қоймайды, сонымен қатар екі немесе үш нысананы қамтиды. Біздің зейініміз жекелеген іс-әрекет түрлерінде орналаса алады.

Бір ғана нысанаға бағытталған зейінді зейіннің шоғырлануы дейді. Мәселен, біздің зейініміздің шоғырлануына инені жіппен сабақтау, қолмен тігін тігу, математикалық есептерді шығару, студенттің лекцияны тыңдауы мысал бола алады.

Зейіннің орналасуы дегеніміз адам зейінінің белгілі бір күрделі жұмыс үрдісінде бірнеше нысанаға (екі, үш) бағытталуын айтады. Мәселен, трамвай жүргізушісі өз жұмысының барысында зейінін дұрыс орналастыра білуі керек, бір уақытта жол жүрушілердің, автомобилдердің және басқа трамвайлардың қозғалысын, сонымен қатар мотордың дыбысын және кондуктордың сигналын байқап отыруы керек. Сол сияқты жүргізуші де өзінің зейінін осылай орналастыруы қажет. Мұғалімге де сабақты түсіндіру кезіңде шәкірттердің мінез-құлқына, тәртібіне, көрнекі құралдарды көрсетуге, тақтаны дұрыс пайдалануға өз зейінін орналастыра білуі керек.

Шоғырлану және орналасу кез-келген зейіннің қасиеті болып табылады. Сонымен, зейіннің орналасуын тез арада зейіннің бір нысаннан екінші нысанға тез ауысуы деп түсінуіміз керек. Юлий Цезарь туралы мынадай әңгіме сақталған. Ол біруақытта бірнеше күрделі жұмысты орындай білген: жаза, оқи, тыңдай білген және сөйлей білген. Психологиялық тұрғыдан мұндай құбылыс мүмкін емес. Юлий Цезарь тез арада зейінін бір нысаннан екінші нысанға ауыстыру қабілетін меңгере білген талантты ғұламалардың бірі болды. Өз талантының арқасыңда ол өз зейін біруақытта іс-әрекеттің төрт түрлі түріне шоғырландыра білді.

Мынадай да жағдай әркімге белгілі: адам тындайды (дәріс баяндама) сонымен қатар белгілі бір басқа құбылыстар туралы қиялдайды, ойлайды, кітап оқиды. Бұл жағдайда зейін тез арада бір нысаннан екінші нысанға ауысады (лекция тындаудан кітап оқуға).

Зейіннің көлемі өте шектеулі уақыттың ішіңде зейіннің қамтыған нысандарының санымен сипатталады. Адам зейінінің көлемі бірдей бола бермейді. Кейбір адамның зейінінің көлемі кең болса, кейбіреулердікі өте тар болады. Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде бірнеше нысанды қабылдай алуға байланысты. :

Көлеміне қарай зейін тар немесе кең болуы мүмкін. Эксперимент жағдайында зерттелушіге бір уақытта қабылдау үшін әртүрлі әріптерді, сөздерді, заттарды, фигураларды ұсыну арқылы зейіннің көлемі анықталады.

Зерттеуші неғұрлым көп нысанды қамтыса, соғұрлым сол сәтте оның зейіні кең келеді. Зейіннің көлемін анықтау үшін тахистоскоп деп аталатын ерекше аспап қолданылады. Осы аспаптың көмегімен көру арқылы қабылданатын нысаңдарды тез арада экран арқылы көрсетуге болады және аз уақыт өткеннен кейін экран жабылып қалуы мүмкін. Тахистоскоп арқылы жүргізілген тәжірибенің нәтижелері көрсеткендей, ересек адам біруақытта зейіні арқылы үштен алтыға дейін бір-бірімен өзара байланыссыз нысандарды қамти алады.

Бірақ қабылданатын нысандар мағынасы жағынан байланысты, егер бұл нысандар тұтастық элементі болса, онда олар сан жағынан көп көлемде зейін арқылы қамтылуы мүмкін. Мәселен, егер тахистоскопта бөлшектелген әріптер емес, ал 3-4 әріптен тұратын сөздер көрсетілетін болса,онда сауатты адам 3-4 сөзді қабылдайды, демек, 9-дан 16-ға дейін әріпті, сондықтан сауатты адамдар жекелеген әріпті оқып қоймайды, ол бірден тұтас сөздерді оқиды. Эксперименттік зерттеулерде зейіннің көлемі тахистоскоп арқылы және зейіннің кейбір дара ерекшеліктері анықталған. Зейіннің көлемінің кеңдігі, қабылдаудың дәлдігі мен бірігуі жағымды қасиет болып табылады. Зейіннің кеңдігі, мәселен, педагогке сабақ кезінде қажет: педагог өзінің көзінің қырында сыныптағы барлық шәкірттерді ұстауы қажет.

Зейіннің ерекше негізгі қасиеттеріне оның күші мен тұрақтылығы жатады. Зейіннің әртүрлі дәрежеде күші болады, күшті және әлсіз болуы мүмкін, зейін неғұрлым күшті олса, соғұрлым нысанаға көп шоғырланған болады. Тахистоскоп — грек сөзі қазақша тез, жылдам қарапайым мағынасында қолданылады. Сырттай қарағанда, зейіннің күші туралы негізінен зейіннің бөліну дәрежесіне қарай бағалауға болады. Мәселен, егер шәкірт әртүрлі, тіпті әлсіз, таныс емес тітіркендіргіштерге жауап беріп отырады (бұрылып қарайды), карандаштың жерге түскенін, көршінің әңгімесін, дәліздегі дыбыс және т.б. бұл оның зейінінің сол сәттегі әлсіздігін білдіреді. Егер де шәкірт осы бөтен тіркендіргіштерді ескермесе, толықтай белгілі бір жұмысқа зейінін шоғырландырса, шәкірттің зейіні күшті деп есептейміз.

Өте әлсіз зейінді алаңғасарлық деп атайды. Алаңғасар адам белгілі бір нысанға зейіннің шоғырлануына қабілеті болмауымен сипатталады. Алаңғасар адамның зейіні еріксіз нысаннан екінші нысанға ауысып отырады, олардың бірде-біріне тұрақтамайды. Алаңғасарлық жағдайды мектеп оқушыларының өмірінен байқауға болады. Алаңғасарлық үлкен адамдарда да кездеседі, мәселен, шаршағанда, жүйке ауруларымен ауырғанда байқалады. Мектепте алаңғасар шәкірттер кездеседі. Олар әр уақытта бір орнында отыра алмайды, бірде-бір нысанға зейінін жинақтай алмайды.

Зейіннің тұрақтылығы. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс-әрекет үрдісінде зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды. Шәкірттің зейінін тұрақты деп сол уақытта айта аламыз, егер ол бүкіл сабақтың бойына зейінін сабаққа аударып, ешқандай алаңдамай, мұғалімнің барлық айтқанын тыңдап отырған жағдайда.

Егер шәкірт оқытушының түсіндіргенін зейін қойып, тыңдайды, бірақ 10-15 минуттан кейін басқа іспен айналысады немесе бірдеңе туралы ойлайды. Осыңдай зейінді тұрақсыз зейін деп атаймыз. Зейіннің тұрақтылығы оның қандай түрі еріксіз және ерікті болуына байланысты, сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен сипатына байланысты зейін әртүрлі бағаланады.

Зейіннің күші мен тұрақтылығы әртүрлі жағдайларға байланысты: зейіннің нысанының мазмұндылығына, іс-әрекетке, жұмыс жасалып жатқан жағдайға, сезімдерге, адамның ерік-жігеріне және оның қызығуына байланысты.