Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_Fin_pr_Yu-3k.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
218 Кб
Скачать

Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқау

Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.

Оқу пәннің студенттерге берілуі қаржы құқығының негізгі институттарын: қаржылық бақылау, бюджет құқығы мен үрдісі, банкілік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негіздері, валюталық реттеу және бюджеттен тыс ақша қорларын қалыптастыру және қолдану сияқты мәселелермен таныстыруды негізге алады.

Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты болғандықтан оқу бағдарламасына студенттердің қаржы құқығының негізгі өзекті мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан енгізіліп, оқып үйрету оқу пәннің міндеті ретінде бекітіліп отыр.

Экономикада орныққан нарықтық қатынастар жағдайында, оның дамуының негізгі факторларының бірі – қаржы тетігін белсенді түрде пайдалану болып табылады. Қаржылық тұтқалар арқылы мемлекет елдің экономикалық өркендеуіне едәуір ықпал етеді. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы үшін қаржылық қатынастарды реттеудің зор маңызы бар. Қаржылық құқық нормаларын терең оқып-үйрену, оның тетіктері әрекетін түсіну қазіргі уақыттың талабы екендігі даусыз. Кейінгі жылдары қаржылық қатынастарды реттейтін заңнамалық негіз белсенді түрде қалыптасу үстінде. Қаржылық құқыққа деген мүдделік пен қызығушылық басқару құрылымдары тарапынан ұдайы өсіп, бұл ғылыммен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және азаматтар, әсіресе кәсіпкерлер тығыз айналысу қажеттігін түсініп отыр.

Қаржылық құқықты оқыту мақсаты – студенттерді қаржылық құқықтың өзекті мәселелерімен таныстыру, оларды көптеген нормативтік-құқықтық материалдарды ажырата білуге, сондай-ақ қаржылық – құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құжаттарды дұрыс қолдануға үйрету

«ҚР қаржы құқығы» пәнің оқып-үйренуге байланысты студенттерге келесі міндеттер қойылады: жаңа қаржы заңдылықтарын білу; нақты құқықтық жағдайда нормативтік актілерді қолдана білу; қаржылық құқықтық қатынастарды біліп, субъектілердің қаржылық-құқықтық жауапкершілігінің шегін білулері қажет.

Сабақтарды өткізу нысандары: дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ, СӨЖ. Дәрістік сабақтар оқу курсы бойынша қарастырылған тақырыптарды теориялық жағынан игеруге және талдауға бағытталған. Практикалық сабақтар ауызша және жазбаша нысандарында өткізіледі. Олар дәрістік материалдарды неғұрлым терең игеруге және бекітуге бағытталған. Студенттердің өзіндік жұмыстары аудиториядан тыс өткізіледі және алдын ала берілген тапсырмалар бойынша нормативтік, оқу және ғылыми қайнар көздермен танысуға және тапсырмалар орындауға бағытталған.

Білімді тексеру нысандары: екі аралық бақылау, емтихан. Білімді тексеру студенттердің осы арнайы курсты игергендігін кешенді тексеруге бағытталған және студенттердің қойылған сұрақтарға жауап беруі, нақты тәжірбиелік есептерді шешуі нысанында жүргізіледі. Межелі бақылау тестілеу түрінде жүргізіледі.

Студент дәріс сабақтарында жазған, түсінген білімдерін және семинар сабағына берілген тапсырмалар бойынша толық дайындалуы керек. Семинар сабағы бойынша білімді тексерудің келесідей нысандары қолданылуы мүмкін: ауызша және жазбаша (тесттік сұрау, бақылау жұмыстары, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, ақпараттар, рефераттар, үй тапсырмалары және т.б.)

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. Бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен аспауы керек.

Реферат оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Реферат міндетті түрде бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қайнар көздерге сілтемелер, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Реферат тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

Реферат құрылымы қысқаша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған қайнар көздердің тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті негізделеді.

Негізгі бөлімде мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Қорытындыда рефераттың мақсаты мен міндетіне сай, тақырыпты зерттеудің негізгі қорытындылары, авторлық тұжырымдар мен практикалық нұсқамалары көрсетіледі. Реферат көлемі 12-15 беттен аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]