- •Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер Мұрагерлік түсінігі және мазмұны
- •Мұрагерлік құқық түсінігі
- •Мұрагерліктің маңызы
- •Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері Мұра мирасқорлығы
- •Мұрагерліктің негіздері
- •Мұраның құрамы
- •Мұраның ашылу орны және уақыты
- •Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік Заңды мұрагерлік
- •Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк
- •Өсиет бойынша мұрагерлік
- •Өсиеттің нысаны
- •Талап қойылған өсиет
- •Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
- •Нотариатта куәландырылған өсиет
- •Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
- •Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
- •Өсиеттiң құпиясы
- •Өсиетке түсiнiк беру
- •Өсиеттiң жарамсыздығы
- •Өсиеттiк бас тарту (легат)
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттердің тізімі
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге: 1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi; 4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасауа уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi. Жоғарыда бірінші тізімде келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi. Өсиеттiң нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1051-бабының ережелерi қолданылады.
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Өсиеттiң күшi: 1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн. Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру; бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
Өсиеттiң құпиясы
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Өсиетке түсiнiк беру
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
