Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мрагерлік ы (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.24 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1

Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер 2

Мұрагерлік түсінігі және мазмұны 2

Мұрагерлік құқық түсінігі 3

Мұрагерліктің маңызы 3

Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері 3

Мұра мирасқорлығы 3

Мұрагерліктің негіздері 4

Мұраның құрамы 5

Мұраның ашылу орны және уақыты 5

Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік 7

Заңды мұрагерлік 7

Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлiк 8

Өсиет бойынша мұрагерлік 10

Өсиеттің нысаны 10

Талап қойылған өсиет 11

Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк 11

     Нотариатта куәландырылған өсиет 11

Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер 12

Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту 13

Өсиеттiң құпиясы 13

Өсиетке түсiнiк беру 13

Өсиеттiң жарамсыздығы 13

Өсиеттiк бас тарту (легат) 13

     Жүктеу 14

15

15

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің Мұрагерлік құқық атты бөлімінде бірнеше жаңа ережелер қабылданды. Мұрагерлік қатынастар Азаматтық Кодекстің 1038-1083 баптарымен реттеледі (ерекше бөлім). 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (ерекше бөлім) қол қойып, Кодекс сол күні күшіне енді. Ал 1 шілдеге дейін Қазақстанда 1994 жылы қабылданған Азаматтық Кодекстің жалпы бөлімі күшінде болды, 1999 жылы 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі толықтай қолданысқа өтті. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодекстің ерекше бөлімінің болмауы республикадағы экономикалық қатынастарды реттеуді қиындатты. 1963 жылы қабылданған Қазақ ССР Азаматтық Кодекстің нормалары нарықтық экономика принциптеріне қайшы келсе де, іс жүзінде қолданылды. Мұрагерлік құқық қандай болу керек деген сұрақта ғалымдар әртүрлі пікір ұстанады. Бірақ оның бәрі - жеке мүлік ұрпақтан ұрпаққа ауысатынын жақтайды.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.

Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер Мұрагерлік түсінігі және мазмұны

Мұрагерлік-қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға)-мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.

Мұрагерлік түсінігін анықтаған кезде келесі жағдайларды ескеру керек:

  1. құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы арқылы өтеді;

  2. азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;

  3. мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған кездегі заңмен реттеледі.

Мұрагерлік құқық түсінігі

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі «Мұрагерлік құқық» деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде «мұралық» термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында «мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді» делінген.

Мұрагерліктің маңызы

Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?

  1. Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді

  2. Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.

  3. Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын білмейтін еді.

Адам бүкіл өмірі бойына жұмыс істеп, өз мүлкін жақын адамдарына қалдыруға мүдделі.

Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері Мұра мирасқорлығы

Әдебиеттерде мұрагерлік туралы бірнеше пікір бар:

  1. Заң белгілеген ережелер бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) мүліктік құқықтары және міндеттерінің басқа адамға (адамдарға) мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Бірақ бұл мүлік емес құқықтар мен міндеттерге қатысты. Сондықтан мұраның құрамына үй емес үйге құқық, автомобиль емес автомобильге құқық кіреді.

  2. Н. Д. Егоров бойынша мұрагерлік бұл құқықтардың өтуі емес, объектілердің өтуі. Бірақ құқық бойынша тек мүлік емес құқықтар мен міндеттер де өтеді. Осы пікірді кеңес әдебиеттерінде В. И. Серебровскийдің еңбектерінде кездестіруге болады.

  3. Ю. Н. Власовтың пікірінше мұрагерлік қайтыс болған азамат мүлкінің мұрагерге немесе мұрагерлерге өтуі. Мұрагерге барлық құқықтар мен міндеттер өтуі тиіс.

Мұрагерліктің негіздері

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сәйкес мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.

Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тәртібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене және қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет:

  • біріншіден, мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді.

  • екіншіден, мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде иеленген құқықтар ғана өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие болмаған, ол қайтыс болған кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына енбейді. Мысалы өз жанұясының пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты. Бұл мұрагерлік мирасқорлығы емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер мұра қалдырушы иеленбеген құқықтарға ие болады.

  • үшіншіден, мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің құрамына жеке сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл алименттік құқықтар мен міндеттер, пәтерді пайдалану құқы, қоғамдық мекемеде және т. б. мүшелік құқы.

  • төртіншіден, мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң бойынша өтпеуі мүмкін.

  • бесіншіден, мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны бар құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу құқығы, авторлық құқық өтпейді.