Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Eko.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
284.67 Кб
Скачать

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін реформалау барысындағы басты мақсат қоғамымыздағы, барлық сферадағы дамып келе жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды - нарықтық қатынас жағдайына бейімдеу болып табылады.Бұл денсаулық сақтау жүйесінде қазіргі жаңа әдістермен басқаруды және жүріп жатқан реформаны тездетуге бағытталған жаңа технологиялар мен ақпараттық құралдарды ендіру мен өңдеуді қажет етеді. Ақырғы он жылдықта шет мемлекеттерде кәсіпорындардың өндірісін өткізу туралы басқару ілімі қалыптасты - ол маркетинг (ағыл. cөзі – market - нарық). 

Сондықтан бірінші қызығушылықты кәсіпорындар мен өндірістік мекемелер халықаралық нарық жүйесіне шығу үшін көрсетті. Маркетинг жүйесін ең соңынан меңгере бастағандар өндіріс шығармайтын кәсіпорындар болды, соның ішінде медициналық мекемелер. Денсаулық сақтау жүйесіне маркетингтің концепциясын ендіру адамдардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік туғызып отыр. Себебі жеке медициналық клиникалар, сақтандыру медицинасының қалыптасуы және т.б. нарықтық қатынас элементтерінің қалыптасуына жағдай жасауда. 

Медициналық қызмет көрсетуде маркетингтің алғы мақсаты болып мыналар саналады: - жаңа шаруашылық механизмінің даму барысында медициналық мекемелерді қаржыландару әдісін енгізу;- комерциялық медициналық мекемелердің дамуы, қызмет істеу барысында пайда табу;

- мемлекетке тәуелсіз сақтандыру компаниясы сияқты жаңа қаржыландыру көзін табу;

- жаңа емдеу әдістері мен технологиялық жабдықтарды қолдану;

- медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыруға қойылатын талапты жоғарылату (күшейту). Осыған байланысты медициналық қызметтің қажеттілігінің құрылымы мен көлемін оңтайландыру (оптимазациялау) қажет. 

Сондықтан маркетингтің көмегімен науқасқа қандай медициналық көмек қажет екені,  медициналық көмектің нақты түрі мен сапасы туралы ақпарат ала аламыз. Маркетинг теориясы экономикалық ғылым жүйесінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Маркетингті тереңдетіп зерттеу тек нарық, айырбас, тауар, сұраныс, қажеттілік сияқты экономикалық категориялардың мәнін түсіну негізінде ғана болуы мүмкін. Бұл түсініктер маркетингтің прагматикалық теориясының даму негізі болып табылады. 

Маркетинг жүйесінде нарық - нақты және әлеуметті (потенциалды) тұтынушылардың жиынтығы. Нарықты тауарды сатып алу мүмкіндігі және қажеттіліктері бар тұтынушылар құрайды. Сондықтан маркетингтің басты міндеті тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін айқындау және қанағаттандыру болып табылады. Медициналық қызметтеріндегі нарық - бұл өте қажетті нарық, себебі адамдарға қажетті салауаттылықты қанағаттандыратын және сапалы деңгейде, қажетті көлемде медициналық көмек алуға кепілдік берді. Мұндай нарықтық жүйенің - қызмет етуді қамтамсыз ететін өзіндік инфрақұрылымдығы бар: емдеу-профилактикалық мекемелер, жоғарғы оқу орындары, медициналық ассоциациялар, медициналық сақтандыру компаниялары және т.б. медициналық орталықтар. 

Медицинада нарық жүйесі мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі болып саналады. Сонымен  қатар медициналық техникалардың нарық жүйесі, фармакологиялық өнімдердің нарық жүйесі, санитарлық-гигиеналық қызмет көрсетуге арналған ақпараттық жабдықтардың нарық жүйесі және т.б. болуы мүмкін. Әрбір нарық жүйелері менеджерлер мен сатушылардың тұтынушыларға сататын нарықтық сегменттеуге бөлінеді. Коммерциялық емес маркетинг - бұл қоғам мүддесін немесе идеяларды дамыту мақсатында жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғалардың іс-әрекеті. Коммерциялық емес маркетинг пайда табу мақсатын көздемейді. 

Коммерциялық емес ұйымдардың маркетингі коммерциялық маркетингке қарағанда басқа факторлармен анықталады. Кейде коммерциялық емес маркетингті институционалды деп атайды. Өйткені, емханалар, мектептер, әскери ұйымдар, театрлар, мұражайлар, мешіттер, университеттер, сондай-ақ әр түрлі қоғамдьқ  ұйымдар сияқты институцияларды қамтиды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі маркетингтің ерекшеліктері.Маркетингтің мақсаттары айтарлықтай қиын, оларды санмен өлшеу мүмкін емес. Денсаулық сақтау ұйымдары шылым шегумен, нашақорлықпен, ішімдікке тыйым салу арқылы адам ағзасына қатер төндіретін жағымсыз факторлармен күресуді мақсат етеді. Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары табиғатты аялауды, экологиялық білім мен тәрбиені, салауатты өмір салтын насихаттайды. Денсаулық сақтау ұйымдары көбінесе мемлекеттік органдардың ықпалында болады. 

Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы.Ақпараттардың негізгі көздері: Еңбек кодексі, ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері.

Зерттеу тәсілдері.Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, факторлы талдаулар, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жүргізу арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

- денсаулық сақтау саласының өзіндік ерекшеліктерін айқындай отырып, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар мен реформалардың қажеттіліктері нақтыланды;

-Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі таңдағы жағдайына талдау жасай отырып, дәрігерлер мен медбикелердің орташа жалақысының деңгейі анықталды;

- Еңбекке ақы төлеуде оған әсер етуші көрсеткіштердің деңгейі,яғни жұмыс уақыты қоры, еңбеккерлер саны, жұмыс күні, жұмыс күнінің ұзақтығы есепке алынды;

- дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін жоғарылату шаралары айқындалды;

- денсаулық сақтау саласында еңбеккерлердің, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын жоғарылату шаралары қарастырылды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеудің теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылды;

- дәрігерлерге төленетін жалақы мөлшерін есепке ала отырып, мамандардың қызмет етудегі ерекшеліктері назарға алу керектігі нақтыланды;

- денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын бағалау өлшемдері, төмендету және көтеру ерекшеліктері қарастырылды;

- денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мақсатында еңбеккерлердің біліктілігін арттыру арқылы еңбек ақыны жоғарылату және сапасын жақсарту шаралары ұсынылды.

Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған денсаулық сақтау саласының негізгі ұйымдастыру-экономикалық тетіктерін қалыптастырудың стратегиялық бағыттары мен қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Еңбекке ақы төлеу», «Әлеуметтік сала экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,3 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облыстық медициналық орталықта қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 87 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

1 Бюджеттік мекемелерде еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

Еңбекақы шығынының құрамына немесе ЕАҚ-на кәсіпорынның еңбекке жұмсалған барлық шығындары кіреді. Жұмысшылардың ЕАҚ құрылымы сурет 1 берілген.

Группа 105

Кәсіпорындар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық – құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Кәсіпорынның бірқатар шығындары не болмаса ЕАҚ-на, немесе әлеуметтік сипаттағы төлемдер қатарына жатпайды: іссапар шығындары, жұмысшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, кәсіби дайындық шығындары, мемлекеттік әлеуметтік қорларға міндетті төлемдер және т.б.

Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы, кәсіпорынның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді.

Біздің елімізде еңбекақы екі түрлі қызмет атқарады: бір жағынан, жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады.

Қоғамдық өндірістің әртүрлі фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста және тұтынуда жалақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі (Кесте 1).

Кесте 1- Жалақының атқаратын қызметтері

Қызметтердің атауы

Қызметтердің мазмұны

Ұдайы өндірістік

Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамьамасыз ету, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне ықпалын тигізетін еңбекақының минималды деңгейін бекіту.

Ынталандыру

Өндірістің дамуына ынтаны арттыру, жұмысшының қосқан еңбек үлесіне сәйкес жалақы деңгейін қою.

Өндірістік - есептік

Өнім бағасының құрылу үдерісінде тірі еңбектің қатысу өлшемін сипаттайды, оның жиынтық өндіріс шығындарындағы үлесін көрсетеді.

Реттеушілік

Жұмысшының тауарлар мен қызметтерді, ал жұмыс берушілердің өндіріс құрал – жабдықтарын сатып алу қабілетін қалыптастырады, яғни тауар ұсынысы мен сұранысы арасындағы пропорцияның қалыптасуына ықпал етеді.

Әлеуметтік

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады. Әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мотивациялық

Еңбекте шығармашылық пен моральдық-өнегелі жағдайды дамытады, жұмысшының адамгершілік қасиетін және оның еңбек моралін қалыптастырады.

Ескерту –Әдебиеттер негізінде [6.]

Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 – 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай сұрақтар реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.

Жалақы мөлшерінің төмен болуы, мемлекеттің экономикасының дамуына теріс ықпалын тигізеді. Жоғары сапалы, ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдерге сұранысты азайтады. Жұмыс күші арзан болған жағдайда, жаңа техника мен технологияларды қолдану, кадрлардың біліктілігін көтеру, техникалық қайта құру қажеттілігі болмайды. Өнеркәсіптің жеке салаларында жұмысшылардың мамандық-біліктілік топтарында жалақының дифференциациялануында үлкен айырмашылықтар пайда болды, олар жұмыстың маңызы мен объективті сипаттамаларын толық қамти алмайды.

2 Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеу деңгейіне талдау. Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады.

Сонымен, жалақы экономикалық категория ретінде, жұмыс күшін ұдайы өндіру және еңбекті ынталандыру қызметтерін аз орындай бастады. Еңбек ақыдағы мұндай жағдай, қоғамның әлеуметтік жіктелуіне және әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Қазіргі уақытта 10 % ең жоғары табысты және ең төменгі табысты топтардың арасындағы айырмашылық 13 есеге жеткен. Бұл жағдайдан шығудың бірден –бір жолы – мемлекеттің реттеуші ролін күшейту, жалақының негізгі, ұдайы - өндірістік, ынталандыру және реттеуші қызметтерін қалпына келтіру.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және медицина қызметкерлерінің қол жеткен нәтижелерінің жұмысы үшін көтермелеу мақсатында        Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, бюджет және ақылы медициналық қызмет қаражатын үнемдеу есебінен халыққа медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында;       Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тарифіне қосымша компонентке республикалық бюджеттен қаржы бөлу есебінен бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында бекітілсін.

2. Жалақыны индекстеу: Жалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіреді. Жұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.

Орталықта 135 жоғарғы білімді (оның 78-і жоғары санатты) дәрігер, 355 медбикелер қызмет істеуде.

Дәрігерлер орта есеппен 80-120000 теңге жалақы алатын болса, арасындағы 200-350 мың теңге еңбекақы алатын дәрігерлер — осы жоғарыда аталған оташылыр, қосымша түнгі кезекшілік кестесі бойынша еңбек ететіндер.

G-9. Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлерүшін еңбек ақы төленеді.

G-10-11. Біліктілігі орташа деңгейдегі аға маман: акушерка, тәрбиеші, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы мұғалімдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

Медицина қызметкерлеріне төленетін жалақының көбеюі жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа  сәйкес төленуде.

Дәрігердің айлығын есеу үшін категориясы G-9 (еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса коэф 2,68 базалық лазымдық еңбек ақы 17697

17697 * 2,68 = 47427,96 бұл оклад болады

47427,96 * 30% = 14228,39 бул 30% экологиялық төлем ақы

47427,96 + 14228,39 = 61656,35 бұл есептелген еңбек ақы

Медсестраның айлығын есептеу үшін G-11 (еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса коэф 2,45 базалық лаазымдық еңбек ақы 17697)

17697*2,68 =43357,65

43357,65*30%=13007,30

43357,65+13007,30=56364,95 бұл есептелген еңбек ақы

Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу

Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді. Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға болмайды.

Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы шамалы. Жұмыс берушінің өкімінсіз қызметкердің өз ұйғарымы бойынша жасалған уақыттан тыс жұмыс үшін ақы төленбейтіні ақиқат.

Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу

Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді.

Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу

Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері көрсетіліп отыр. Заңда тараптарға экономиканың салаларын және өндірістің өзге де жағдайларын ескере отырып, жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда көтеріңкі ақы белгілеуге құқық берілген (мысалы, өнеркәсіптің кейбір салаларында, үздіксіз өндіріс жағдайында қосымша ақы төлеу және басқалары).

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіздер бойынша: туберкулез емдеу-алдын алу мекемелердегі, палаталардағы, бөлімшелердегі, интернат-үйлеріндегі медицина және өзге де персоналына - БЛЖ-дан 220% мөлшерінде, мамандандырылған емдеу алдын алу, ұйымдарындағы (маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу палаталарындағы, бөлімшелеріндегі) БЛЖ-дан 40 % мөлшерінде, 20 %-дан 22 %-ке дейін қосымша ақы көзделетін басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі - БЛЖ-дан 23 % мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.

Медицина қызметкерлеріне кезекшілікте болғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.

Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары жүйесінің, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің, Қорғаныс министрлігі жүйесінің, Республикалық ұланның мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]