- •1.Экономиканың мазмұны, мәні, даму кезеңдері
- •4. Нарықтың мәні, қызметтері, үлгілері, субъектілері
- •5. Кәсіпкерлік түсінігі, түрлері. Қр денсаулық саласындағы кәсіпкерлік
- •6. Инвестиция: түрлері, түсінігі
- •7.Тауар, мәні, қызметтері. Еңбек құн теориясы
- •8. Өндірістің атқаратын қызметі, түрлері, факторлары
- •9. Тауар өндірісінің пайда болу себептері
- •10. Ұсыныс заңы, қисығы, әсер ететін фактор
- •11. Сұраныс заңы, қисығы, факторлар
- •12. Денсаулық сақтау саласындағы экономикасы, бәсекелестік
- •13. Нарықтық тепе теңдік, тепе теңдік қисығы
- •14. Бәсеке мәні, атқаратын қызметтері, түрлері
- •15. Меншік түсінігі, түрлері, қр меншіктің қалыптасуы
- •16. Монополия. Қарсы саясат
- •17. Эк.Қ жүйе түсінігі, типтері
- •18. Капитал: түсінігі, түрлері, амортизация
- •19. Өндіріс шығындары
- •20. Натуралды шаруашылық
6. Инвестиция: түрлері, түсінігі
«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Батыс елдер экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсіндірген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты - табыс, пайда немесе пайдалылық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларына жұмсалған шығындар да жатады.
Инвестицияның қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатып, өндіріс қуаттарын өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақ-саттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты бәсекеге жарамдылығы.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.
Венчурлік инвестиция - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік инвестиция жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.Тікелей инвестициялау — шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындагы жалға капиталға жұмсауы болып табылады. Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі. Аннуритеттік- тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
7.Тауар, мәні, қызметтері. Еңбек құн теориясы
Экономикада адам қызметінің нәтижесі бола алатын өнім, айырбас үшін не сатуға, сатып алуға бағытталған өнім. Қызметі: қандай да бір адамның сұраным қанағаттандыруы; зат бола отырып, басқа затқа айырбасталу қабілеттілігі.
Еңбек құны теориясы тұтыну құнын жасайтын еңбек; адамның жұмыс күші шығындары, жалпы еңбегі; ад.ң еңбек ету кезіндегі жұмсаған энергиясы, ойлауы жатады.
