
Өсиеттің түрлері, нысаны
Өсиет– жазбаша түрде немесе ауызша айтылып, қалдырылған ақыл-кеңес, талап-тілек. Өсиетті көсем – ел-жұртына, ұстаз – шәкіртіне, әке – баласына қалдырады. Мұрагерлер өсиетті бұлжытпай орындауға тырысқан. Қазақтың әдеттік құқы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер марқұмның балалары, әйелі, аға-інілері, жақын туыстары, қала берді аталас ағайындары болған. Қазақ арасында әдеттік құқықтың күшті болуы салдарынан меншігіндегі мал-мүлкін Өсиет бойынша басқа бөтен адамға қалдыруға қақысы болмаған. Тіпті өлер алдында тікелей мұрагері болмағандықтан, мал-мүлкін түгелдей бөтен рудың біреуіне қалдырып, өсиет еткеннің өзінде марқұмның руластары бұл мәселені билер алдына қойған. Ал билер екі тарапты да риза етіп, әділ шешім шығарған. Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге ерікті болған. Мұндай өсиетті кезінде жақсылығы өткен сыйлас досына тіршілігінде қаруын қайтара алмай дүниеден өтетін адамдар “о дүниеде” қарыздар болмау үшін де жасайтын. Бұл өсиет мүлтіксіз орындалған.[1]
Өсиет, уасийа (көпше түрі - уасайа; түрікше - уасиет, парсыша - уасият) - 1 . Дүние салар алдында айтылатын ең соңғы тілек, аманат. Өсиет жөніндеҚұранда жазылған. Басқа да жарлық беру актілеріне байланысты шарттардың бұған да қатысы бар. Яғни, соңына мұра қалдырушының өзі бас тартқалы отырған мұраға иелік етіп, билік жүргізуге құқығы болуға тиіс. Өсиетке мүлікті барлық түрі: қатынас қағаздары, іс атқару тапсырмалары, туған-туысқандарға айтылатын өтініш тілектер, қысқасы, «ақтық сөзін айту» ұғымына кіретін басқа да көптеген мәселелер жатқызылады. Өсиет бойынша бүкіл мүлікті қоса есептегенде соның үштен біріне дейінгісінен бас тартуға болады. Ал мирасқорлар бөлісуге тиіс мұраның үштен екі бөлігінен кімге қанша тиесілі екені көрсетіледі. Бұл орайла мұра қалдырушы мирасқорларға нұқсан келмеуін ойластырады. Өсиет бойынша мүлік алу құқығынан айрылған адам ендігі жерде мұрагерліктен үміткер бола алмайды. Оқиға осылай өрбіғен жағдайда өсиет пен мұраға қалдырылған бұйымды басқа да мұрагерлердің келісімімен ғана алуға болады. Өсиет ауызша және жазбаша түрде жасалады. Бұл орайда іс басында екі куәгердің болғаны жөн. Өсиет мұра қалдырушының тірі кезінде жасалуы мүмкін және ол бұл жөніндегі өзінің шешімін өзгертуге немесе одан мүлдем бас тартуға құқылы. Егер Өсиет дұрыс түзілмесе немесе оның түзілуіне мирасқорлар риза болмаса, олар бұл ойларын қазының алдында білдіреді. Ал олар қағиданың бұзылуын түзеу қажет пе, жоқта, әлде Өсиетті тоқтатыл мұрагер бас артқан мүлікті мұралыққа қалдырылған дүниеге қосу-қоспау керектігін шешуге тиіс. Қазіргі кезде Өсиетті күні бұрын хат арқылы жасау кең етек алған. Мұндайда шариғатқа жүгіну сол бұрынғыдай басым күйінде қалып отыр. Алайда Өсиетті хатқа түсіру тәртібі, оның шарты, оған ілігетін адамдар, т.б. мәселелер жергілікті жердің әдет-ғұрпына байланысты түрленіп отырады. Демек, мұсылман қауымында бұл бағыттағы алшақтық әжептәуір болуы мүмкін.
2. Шииттік догматиканың түсіндіруі бойынша әл-уәсиә - имамның өзінің орнын басушыны «анық көрсететін» рухани өсиет ретінде айтатын сөзі. Омейя әулетіне қарсы жүргізілген насихат кезеңінде өсиет Пайғамбар (с.а.у.) берген және Әли әулетінен шыққан имам өсиет етіп қалдырған айрықша білім ұғымына ие болды. Асыл ойды, яғни өсиетті мұрагерлікпен жалғастыруға ие болған адам ғана шынайы имам ретінде мойындалды. Имамдықтан үміткер аббасшылдар мен олардың құпия өкілдерінің Әлидің немересі Әбу Талиб, Әбу Хашим б. әл-Ханафийа Аббастық Мұхаммед б. Әлиге Пайғамбардай (с.а.у.) мұра боп қалған асыл ойдың Әлилер әулетінде сақталғанын дәлелдейтін «сары ғақлияны» көлденең тарту түсінігі осыдан шыққан. Өсиет - ғылым және дін ілімі әдебиетіндегі жанр. Өсиетті өз қызметін қорытындылай отырып автордың өзі жазады немесе мұны тәлімгердің негізгі ойларын түзе отырып, оның ең жақын деген шәкірттері құрайды. Мәселен, Әбу Ханифаның өсиетті, ибн Синаның өсиетті, ибн Арабидің өсиетті, т.б.
Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің 540 бабына сәйкес, өсиетті орындау өсиетте тағайындалған мұрагерлерге немесе өсиет қалдырушы тағайындаған арнаулы жаққа, яғни өсиетті орындаушыға жүктеледі. Өсиетті орындаушы арнаулы жақ тағайындалған күнде оның өсиеттің өзіне жазылған немесе өсиетке қоса тіркелген жеке арыз арқылы білдірілген ризалығы қажет. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам, сондай-ақ өсиет қалдырушы ұшін қсиетке қол қойған адам өсиетті орындаушы бола алмайды.Сонымен қатар, Қазақ КСР-нің АК-нің 541 бабына сәйкес, өсиет орындаушының өсиетті орындау үшін барлық қажетті әрекеттерді жасауға құқы бар болған. Өсиетті орындаушы өсиетті орындау жөнінде жасалған әрекеттері үшін ақы алмайды, бірақ оның мұралық мүлікті қорғау және мүлікті сенімгерлікпен басқару бойынша кеткен қажетті шығындарын мұра есебінен өтеуге тиіс.Өсиетті орындаушы мұрагерлерге олардың талабы бойынша есеп беруге міндетті.Егер де салыстырмалы түрде бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сі мен ҚР-ның АК-дегі өсиеттің орындалуын қарастыратын болсақ, қазіргі кодексте өсиеттің орындалуына аса үлкен мән берілген.Біздің ойымызша өсиетті орындаушы мұрагерлік қатынастардың барлық қатысушылары үшін өсиет қалдырушының еркін орындайды. Өсиетті орындау мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.Көп жағдайда өсиет қалдырушы өсиет қалдырған кеде, заңды негізде түрлі себептермен жарамсыз болып табылады. Өсиет қалдырушының өзіне тиесілі мүлікке өз ықтиярымен билік етуі өсиетті құрумен жүзеге асады. Өсиет қалдырушының соңғы еркімен қалдырылған өсиеттің сапасын нығайту мақсатында және өсиеттің жарамсыз болу қауупімен өсиет қалдырушыға аудио немесе видео таратушыға өз ықтиярымен еркін білдіру қосымша құрал ретінде ұсынылады. Ол әсіресе толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтарға (дене кемістігіне, сауатсыздығына байланысты және т.б.) қатысты. Нотариус өз кезегінде өсиетті құру барысында қосымша ретіндегі таратушы заттар туралы жазып оны куәландыру керек. Және өсиетті құруда пайдаланған бұл қосымша құрал ретіндегі таратушы заттарды, егер заңда өзгеше көзделмесе өсиетті өз қолымен жазылған нысанға теңестірілу ұсынылады. Өсиеттің жарамсыз болып танылуына жол бермеу мақсатында (сонда да тәжірибеде мұндай жағдайлар жиі кездеседі), ҚР-ның АК-нің 1050 бабының 3 тармағының 1 азат жолындағы тұжарымдалған ой өзгертіліп, келесі түрде мазмұндалсын: «Өсиет қалдырушы өсиетті өз қолымен жазып және қол қоюы керек. Өсиет қалдырушы өсиетті құру барысында және оған қосымша ретінде өсиеттік билік етуді өз еркімен аудио немесе видео таратушыға жазып қоюына рұқсат етіледі (кассета, диск және т.б.). Бұл мәлімет таратушылар өсиетпен бірге нотариуста сақталуы қажет».Өсиетті тұлғаның жеке өзі жасауы тиіс. Дегенменде, ҚР-ның АК-сі мен «Неке және отбас» туралы ҚР-ның заңына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтық реттеудің ерекшеліктері ҚР-ның АК-не екі тұлғаның (ерлі-зайыптылар) өсиетті құру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі байқалады. Осы мақсатта ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 3 тармағын келесі түрде толықтыру ұсынылады: «Егер ерлі-зайыптылардың арасында өзара келіспеушілік болмаған жағдайда, ортақ бірлескен меншік болып табылатын мүлікке қатысты, егер заңда өзгеше көзделмесе, екеуі бірігіп өсиет қалдыра алады».Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған өсиетттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi. Нотариустың, өсиеттi куәландыратын басқа адамның, куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиеттің мазмұнына, оның жасалуына, күшi жойылуына немесе өзгертiлуiне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.
Нотариус, өсиеттi орындаушы немесе сот өсиетке түсiнiк берген кезде ондағы сөздер мен тiркестердiң дәлме-дәл мәнi назарға алынады. өсиеттiң қандай да болсын ережесiнiң дәлме-дәл мағынасы түсiнiксiз болған кезде ол осы ереженi басқа ережелермен және өсиеттiң тұтас мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің 540 бабына сәйкес, өсиетті орындау өсиетте тағайындалған мұрагерлерге немесе өсиет қалдырушы тағайындаған арнаулы жаққа, яғни өсиетті орындаушыға жүктеледі. Өсиетті орындаушы арнаулы жақ тағайындалған күнде оның өсиеттің өзіне жазылған немесе өсиетке қоса тіркелген жеке арыз арқылы білдірілген ризалығы қажет. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам, сондай-ақ өсиет қалдырушы ұшін қсиетке қол қойған адам өсиетті орындаушы бола алмайды.Сонымен қатар, Қазақ КСР-нің АК-нің 541 бабына сәйкес, өсиет орындаушының өсиетті орындау үшін барлық қажетті әрекеттерді жасауға құқы бар болған. Өсиетті орындаушы өсиетті орындау жөнінде жасалған әрекеттері үшін ақы алмайды, бірақ оның мұралық мүлікті қорғау және мүлікті сенімгерлікпен басқару бойынша кеткен қажетті шығындарын мұра есебінен өтеуге тиіс.Өсиетті орындаушы мұрагерлерге олардың талабы бойынша есеп беруге міндетті.Егер де салыстырмалы түрде бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-сі мен ҚР-ның АК-дегі өсиеттің орындалуын қарастыратын болсақ, қазіргі кодексте өсиеттің орындалуына аса үлкен мән берілген.Біздің ойымызша өсиетті орындаушы мұрагерлік қатынастардың барлық қатысушылары үшін өсиет қалдырушының еркін орындайды. Өсиетті орындау мұрагер болып табылмайтын адамға жүктелуі мүмкін. Бұл жағдайда осы адамның өз қолымен жазылған өсиеттің өзінде, не өтінішке қоса берілген өтінішінде білдірілген келісімі қажет.Көп жағдайда өсиет қалдырушы өсиет қалдырған кеде, заңды негізде түрлі себептермен жарамсыз болып табылады. Өсиет қалдырушының өзіне тиесілі мүлікке өз ықтиярымен билік етуі өсиетті құрумен жүзеге асады. Өсиет қалдырушының соңғы еркімен қалдырылған өсиеттің сапасын нығайту мақсатында және өсиеттің жарамсыз болу қауупімен өсиет қалдырушыға аудио немесе видео таратушыға өз ықтиярымен еркін білдіру қосымша құрал ретінде ұсынылады. Ол әсіресе толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтарға (дене кемістігіне, сауатсыздығына байланысты және т.б.) қатысты. Нотариус өз кезегінде өсиетті құру барысында қосымша ретіндегі таратушы заттар туралы жазып оны куәландыру керек. Және өсиетті құруда пайдаланған бұл қосымша құрал ретіндегі таратушы заттарды, егер заңда өзгеше көзделмесе өсиетті өз қолымен жазылған нысанға теңестірілу ұсынылады. Өсиеттің жарамсыз болып танылуына жол бермеу мақсатында (сонда да тәжірибеде мұндай жағдайлар жиі кездеседі), ҚР-ның АК-нің 1050 бабының 3 тармағының 1 азат жолындағы тұжарымдалған ой өзгертіліп, келесі түрде мазмұндалсын: «Өсиет қалдырушы өсиетті өз қолымен жазып және қол қоюы керек. Өсиет қалдырушы өсиетті құру барысында және оған қосымша ретінде өсиеттік билік етуді өз еркімен аудио немесе видео таратушыға жазып қоюына рұқсат етіледі (кассета, диск және т.б.). Бұл мәлімет таратушылар өсиетпен бірге нотариуста сақталуы қажет».
Өсиетті тұлғаның жеке өзі жасауы тиіс. Дегенменде, ҚР-ның АК-сі мен «Неке және отбас» туралы ҚР-ның заңына сәйкес, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтық реттеудің ерекшеліктері ҚР-ның АК-не екі тұлғаның (ерлі-зайыптылар) өсиетті құру мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі байқалады. Осы мақсатта ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 3 тармағын келесі түрде толықтыру ұсынылады: «Егер ерлі-зайыптылардың арасында өзара келіспеушілік болмаған жағдайда, ортақ бірлескен меншік болып табылатын мүлікке қатысты, егер заңда өзгеше көзделмесе, екеуі бірігіп өсиет қалдыра алады».