Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.8 Кб
Скачать

36. Саясаттану

дегеніміз — саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынасы туралы ғылым. Ол саяси биліктің калыптаусы мен даму заңдылықтарын,оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен тәсілдерін зерттейді. Саяттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мәнін түсініп-білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Оларға салыстирмалы, социологиялық, бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Социологиялық әдіске саяси өмір фактілерін жинап, талдауға бағытталған нақтылы социологиялық зерттеулердің әдіс-тәсілдер жиынтығы жатады. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс әрекстін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Нормативтік әдіс коғам- дық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді. Ал бұрынғы Кеңес кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамды және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға болмайды. Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдістер бар. Осы- лардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар алуға тырысады. Сондықтан қазіргі демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді пайдаланадыҚай ғылым болмасын белгілі бір міндеттерді атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) міндеттер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Саясаттану бағалау (аксеологиялық) міндетін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.Саясаттану реттеушілік міндеттерін атқарады. Ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси білімдер, сипаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алынады.Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттармен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауға теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе онық жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқасы келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

34.

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және"логос" деген сөздерінен шыққан, саясат деген мағынаны білдіреді.Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық ,яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.

Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге қүдайдың қүдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері. түжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік жөне саяси қүрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оньің еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда үлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады.Бұдан келіп саяси теориялар туды.

біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер –Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыстыра қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол ез заманында лицей ашып. сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.

Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты. Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейеді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрділігне түсті.Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді.Бұл ретте Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье,Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн,И.Кант, Гегел сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану ХІХ ғ. ІІ жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты.Оған бұл кезде бихевиорситік, тәжірибелік (эмперикалық) әдістердің кеңінен пайдалана бастауы зор ықпалын тигізді.1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты.Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды.АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады.ХХ ғ. басында сасатану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты.Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациасы зор рөл атқарды, және қазірге дейін атқаруда.

44.Билік ұғымы және оның қажеттілігі

45.Билік тұжырымдамалары

Билік - саясаттанудағы негізгі түсініктердің бірі. Оны саяси құрылым саяси қозғалыс және саясаттың өзін түсінудің кілті деуге болады. Билік түсінігінің анықтамасы, оның мәні мен сипаты мемлекет пен саясаттың табиғатын танудың маңызды шарты. Сонымен бірге оның бүкіл қоғамдық қатынастардың ішінен саясатпен саяси қатынастарды бөліп қарастыруға мүмкіндік беретінін айту керек.

Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады. Мәселен, фәлсафашылар ол туралы қоғамдық биліктің объективті заңдылығы, социологтар әлеуметтік билік, экономистер-шаруашылық билік, саясаттанушылар саяси билік, жаратылыстанушылар табиғатқа деген билік, психологтар-адамның өзіне деген билігі, ата-аналар отбасы билігі, діндарлар тәңірі билігі туралы айтуға бейім тұрады. Сонымен қатар құқық, атқарушы, қазы биліктері туралы түсінік бар. Сонымен билік дегеніміз не? Қазіргі ғылыми әдебиетте биліктің бес анықтамасы бар:

  1. Бихевиористік анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі болып табылады.

  2. Телеогиялық анықтама бойынша, билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.

  3. Инструменталистік билік анықтамасы бойынша билік белгілі шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.

  4. Структуралистік билік анықтамасы бойынша билік:билік жүргізушілер мен бағынушылар арасындағы айрықша бір қатынастың көрінісі ретінде түсіндіріледі. Яғни ол біреулердің екінші біреулерге ықпал жасауы.

  5. Конфликтілік билік анықтамасы бойынша иеліктерді даулы жағыдайларда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.

Жалпы алғанда билік дегеніміз тап, әлеуметтік топ мемлекет, жеке адам т.б тарапынан өзіндік ерік жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету деп түсіндіруге болады. Бұл анықтама биліктің мәнін қайсыбір субъектінің өз мүмкіндіктері арқылы өзінің ерік-жігерін түрлі саяси әлеуметтік қатынастардағы алатын қасиеттері негізінде ашатын билік жөніндегі Вебердің белгілі анықтамасына өте жуық.

Ғылыми әдебиетте кеңінен белгілі американ саясаттанушысы Г. Саймонның пікірі де осыған саяды. Ол билікті былай деп түсіндіреді: Егер В-ның мінез-құлқын А өз талаптарына бағындыра білсе В-ның үстінен А билік жүргізеді . Яғни билік оның барлық анықтамасында өз ерік-жігерін әртүрлі(бедел, заң, күштеу) құралдары ароқылы іске асыру тәсілі мен мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Билікті жіктеудің негізгі белгілері төмендегідей:

  1. Қызметі саласы жөнінен (саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық т.б.)

  2. Құдіретілігінің көлемі жөнінен (мемлекеттік, халықаралық т.б.)

  3. Билік субъектісі жөнінен (таптық, партиялық халықтық және бастық мәселен президенттік, әке билігі, ұстаз билігі т.б.)

  4. Құрылымдық – формальдық белгілері бойынша – институттық, институттық емес, жеке билік жүргізу, екі жақты немесе көп жақты жүргізу

  5. Жүзеге асыру тәсілі бойынша – үстемдік, күштеу, мәжбүр ету, сендіру.

  6. Билік жүргізушінің билік ету шеңбері бойынша-жеке билік жүргізу, коллегиялық топтық басқару;

  7. Басқару тәртібі бойынша – қаталдық, беделдік, демократиялық, бюрократиялық.

46.

47.

Әңгіме биліктің жіктелуі болып отырғандықтан 20 ғасырдың ірі ойшылы М.Вебер жасаған биліктің типологиясын қарастырудың жөні бар. Бірден айтарымыз М.Вебер биліктің жүзеге асырылуын оның маңызды бөлшегі санаған. Ол биліктің кең түрдегі түсінігін жеке субъекті белгілі бір қарсылықтартың бар екеніне қарамастан әлеуметтік қатынастардың аясында өз еркіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі деп есептеген. Оны нақтылай келе үстемдікпен ауыстыруға болады екен. Үстемдік дегеніміз белгілі бір топты арнаулы мағынадағы нұсқауларға бағындыру мүмкіндігі.

М.Вебер үстемдікті жіктеуді заңдылық негізі бойынша алады да үш түрін айқындайды

  1. Ашық, жария үстемдік. Оның негізгі қабылданған немесе күштеп енгізілген заңдарға деген сенім. Бұл түрдегі үстемдікте биліктің белгісі – ұтымды заңға бейімделу.

  2. Дәстүрлік үстемдік. Ол дәстүрдің киелілігіне деген сенімге негізделеді.

  3. Харизматикалық үстемдік. Ол қауымдастық мүшелерінің өз көсемдерінің шамадан тыс қабілетіне деген сенімге негізделген.

Биліктің жария, ашық ұйымдастырылуы жалпыға бірдей қабылданған нормаларға сәйкес іске асырылады және оның ақылға қонымды, парасатты негізі болады. Осыған орай саяси көсемдер билік басына сайлау немесе заңда көрсетілген басқадай тәртіптер бойынша келеді.

Дәстүрлі билік әдетте жеке адамның қолында болады. Мәселен жоғарғы дәрежелі әмірші, мұрагерлікпен хан т.б.

Саяси биліктің харизматикалық түрі халық бұқарасының соқыр сеніміне негізделген биліктің мейілінше ерекшелігін, қайталанбайтындығын мойындауға негізделген. Мұның өзі дәстүрлі биліктен ұтымды билікке өту кезеңіне сай келеді.

49

50.

51

52

53

Биліктің құрылымдық бөлшектеріне не жатады? Оған:

1.Үстемдік мүдде. 2.Оны танытатын ерік (заңдар, саяси шешімдер т.б.) 3. мүддені іске асырудағы қамтамасыз ететін құралдар (материалдық- моральды-психологиялық).

Билік көзі-адамдар жағыдайының біркелкі еместігі, олардың міндет-қызметінің бөлінісі.

Адамдар ролінің әркелкілігінен пайда бола отырып, өзін танытуға кейбір қосымша еркіндік және біреулерге екінші біреулердің үстемдік жүргізетін билік артықшылық жүйесінен келіп билік туады. Билік жүргізушілер биліктің субъектілік және объектілік симметриялы еместігін күшейте түсетін позивтивтік (ерікті бағынуда қалыптастыратын)және негативті (мәжбүр ету арқылы іске асыралатын) тұжырымдарды пайдаланады.Мұндай бөлу билік жағыдайында қалыпты нәрсе, бірақ оның нақты шегі болуы керек. Бұл билік қызметінің өкілеттілігінің атап өту болмайтын шегімен анықталады.

Билік адамдарға тікелей немесе жанамалай әсер ету жолы арқылы оларды біріктіру және алшақтату мақсатын көздейді:

  1. құрылымның бұзылуына, дағдарысқа, құлдырауға қарсы шығу, жанжалжар мен ушықтыруды бейтараптау;

  2. қоғамның жоғары тұрақтылығына ұмтылу, оның жетілуіне, нығаюына және прогресіне жағыдай туғызу. Мәселен қазір Қазақсатн Республикасы нарықтық қатынастарға шығудың өтпелі кезеңінде тұр.

53

54

биліктің негізгі принциптерін көрсетудің маңызы зор.

Сақтау принципі. Бұл принциптің негізінде билікке басымдылық, басты құндылық деп қарау жатыр. Сондықтан да осы принцип биліктін кез келген қайта құру, өзгеру қарсылыққа тұрақтылық бейнелейді. Бұл жердегі негізгі мақсат билікті кез келген әдіс-тәсілдерімен ұстап тұру, өсіру. Тәжірибеде көрсетіліп отырғандай билікті өз қолымен беріп одан ешкіммен ешкім де ажырамайды. Мұны ағылшынның ұлы ойшылы Гоббст айтқан.

Әрекеттілік принцип. Билеуші жағдайымен танысып, оны талдап қана қоймай, оның шешімін де таба білуге тиіс. Саясатшыға құрғақ сөз емес іс қажет. Биліктін кешірмейтін атауы – бос сөзділік. Егер билік иесі сөзден іске көшпесе тәуекелге келер білмесе ол биліктен айырылады. Мәселе бұрынға КСРО-ның М.С. Горбачев бастаған басшылығы қайта құруды жариялап бірақ оны іске асыруға кірісе алмағандықтан құлатылып тынды.

Легитимділік (заңдылық) принципі. Бұл бірінші принциптін іске асуын қамсамасыз етеді. Билікті уыстан шығармаудың ең ұтымды тәсілі – заңға, заң шығарушылыққа сүйену. Заң әр уақытта биліктен де күшті. Билеушімен заңның қайшылықтары мынадай жолмен шешіледі: 1) билеушінің биліктен ету арқылы; 2) негізгі заңға өзгерістер еңгізу немесе жаңа заң (еңгізу) және құқық нормасын еңгізу арқылы; 3) заңды аяқ асты ету. Мысалы АҚШ президенті Р. Никсоннің «ирангейт» деп аталған саяси даудың нәтижесінде өз қызметінен кетуге мәжбүр болды. Біздің елімізде демократияландыру және аралас әлеуметтік бағыттағы экономика еңгізуге байланысты жаңа саяси институт – президенттік басқару орнықты.

Саяси жүйе мынадай институттардардан тұрады:

  1. Мемлекет пен оның ұйымдары: мемлекеттік өкіметті бейнелейтін және мемлекет басқаруды іске асыратын ұйымдар.

  2. Мемлекеттік емес топтасқан ұйымдар құрылымы: саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар (кәсіподақ, жастар, экологиялық т.б.)

  3. Әртүрлі әлеуметтік құрылымдар негізінде іске асырылатын саяси қарым-қатынастар. (Кооперативтік ұйымдар, әлеуметтік топтар, т.б.)

Саяси жүйенің негізгі белгісі- осы жүйедегі саяси тәртіп болып табылады, яғни билік түрі. Саяси биліктің негізгі екі түрін атап көрсетуге болады: демократиялық және антидемократиялық.Саяси билікті танытатын объективтік факторлар мыналар:

  1. Өкілетті мекемелерді қалыптастыру әдісі және тәртібі.

  2. Заң шығару және атқару органдарының, орталық және жергілікті органдардың қарым-қатынасы: (билікті бөлу және бөлісу, парламентаралық, министрлік).

  3. Саяси партиялар мен ауқымды қозғалыстар қызметінің мәні мен шарттары.

  4. Жеке адамның құқық статусы, құқықтың іске асу кепілдігі.

  5. Жазалау және құқық қорғау органдарының қызмет істеу тәртібі.

  6. Рұқсат ету және етпеу мазмұны (заң жүзінде)

  7. Саяси қоғамның тұрақтылығы.

Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі (дифференциясы) және нақты түрі (модификациясы) бар.

Демократиялық режим дегеніміз – мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құралым болып табылады. Сондай-ақ барлық азаматтардың заң алдында тең провалы фактілеріне сүйенеді.

56.

в) рационалды жария үстемдік, биліктің міндетті орнатылуы мен бұл процессті тәртіпке келтіретін заңдарға сәйкес оны иелену принциптеріне негізделген.

Заңдылықтың жоғарында келтірілген түрлерін классикалық деп есептеу қабылданған, бірақ саяси ғылымда Вебер зерттеп дайындағаннан жақсы, заңдылық түрлерінің басқасы да бар. Одан басқа, қазіргі әлемде заңдылықтың таза түрлері өте аз, олардың араласқан қисындылары жиі кездеседі.

рационалды-жария заңдылықтың сипатты белгісі болып табылатыны күмән келтірмейтін факт, оны мемлекет пен қоғамның эволюциялық дамуының ұзақ процесі алдын алған. Бұл осы билік пен элита мүдделері мен мақсаттарының көп жағдайда сәйкес келетін жағдайы. Себебі, нағыз демократиялық мемлекетте биліктің мақсаты-ашық азаматтық қоғамның гүлденуі мен прогресі, тұрақты дамуды сақтау, дағдарыс және әлеуметтік қақтығыстарды тоқтату. Осы игілікті мақсаттарға қоғамның элитасы да, оның ең белсенді бөлігі ретінде қызмет етуге шақырылады.

12.

13.

14.