
- •1.Сст ғылым ретінде.Сст-дың объектісі және пәні
- •3.Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары
- •32.Салыстырмалы сст: оның шығу төркіні
- •20.Джефферсонның саяси идеялары:
- •19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде
- •7. Саяси ғылымның құрылымы.
- •8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •9.Ежелгі шығыстағы саяси ойлар.
- •60.Ұлт мәселесі,оның құрылымы.
- •61.Ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті.
- •62.Ұлттар мәселесінің шешілу принциптері.
- •74. Саяси жүйенің әлеуметтік негіздері
- •67.Саяси жүйе
- •68.Основные теории политической системы г.Алмондты д.Истонның саяси жүйесіне қатысты негізгі теориялары
- •69.Саяси жүйенің құрылымы және бөліктері
- •35.Адам — саясаттын, субъектісі мен объектісі
- •36. Саясаттану
- •Европа елдеріндегі саяси ағымдар
69.Саяси жүйенің құрылымы және бөліктері
Саяси жүйелердің жіктелуі - саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған тгрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмүны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді; 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Г.Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланган саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты барЗерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлгін атайды: 1) саяси инстутутартар 2) саяси қатынастар 3) саяси ережелер 4) саяси мәдениет. Соларға қысқаша сиапттама берелік. Саяси институттарға мемлекет саяси партиялар кәсіподақтар кооперативтік жастар әйелдер т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық топтық ұлттық жыныстық кәсіби жас мөлшееріне қарай және т.с.с байланыстцы пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп қорғау үшін құрылады. Саяси жүйенің үшінші бөлігі болып саяси ережелер есептеледі. Олар саяси жүйесі институттардың өзара бірлесіп әреккет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Консти/я мен соған сүйенетін заңдар мен басқа нормптивтік актілер жатады. Олға арналған белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін мем/т тарапынан шаралар қолданылады. Сонымен қатар саяси қызметті атқару үшін қоғамдық ұйымдар жасаған және ережеердің де маңызы зор. Олар ең алдымен сол ұйымдардың жарғылық ережелері жатады.Саяси жүйенің төртінші белгісі- саяси мәдениат. Ол саяси сана мен іс-әрекетте саяси көзқарастарда идеяларда теорияларда саяси тұғырнамаларда, бағдарламаларда шешімдерде саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің реттеушілік қызметі адамдардың іс-әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді.
35.Адам — саясаттын, субъектісі мен объектісі
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы-тарихи жағдайлары калыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект (латынның негізінде жату деген сөзінен шыққан, деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен шықкан) деп субъектің -танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект — зерттелетін зат. Сонда саясаттынудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс- әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т. б. қоғамның ңақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.Адамдарды саяси жұмыска итермелейтін негізігі себеп - мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыкқа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т. с. с. мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол — мүддеге айналады.Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзінде өмір жағдайы мен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптық, топтық және т. б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан- жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шыкпауына әсер етеді.Саясатпен кәсіби айналыспайтын "орташа" адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы кайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білуі керек. Сонымен қатар ол саяси "ойындардың" ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек. Бұл "ойында" оның қандай орында болғысы келеді және оған қандай мүмкіншілігі бар, қандай мақсат қойып, оны қандай әдіспен жүзеге асыруға болатынын білуі тиіс.Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады:
а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі;
ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат;
б) саяси ұйымдардың (партияның және т. б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам;
в) қоғамдық, әсіресе саяси кайраткер;
г) саяси қызметтін, арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсібі саясатшы;
ғ) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не биресми, абырой, бедел, ең "соңғы саты" болып саналатын саяси басшы, көсем.