Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саяс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.8 Кб
Скачать

74. Саяси жүйенің әлеуметтік негіздері

Саяси жүйе экономикалық қатынастар мен құрылымдардан бастап рухани адамгершілік сферадан аяқтап қоғамның ахуалын бейнелсйді. Ол арқылы әлеуметтік мүдделер анықталынады, кейіннен саясатта бекітілетін әлеуметтік басымдылықтар құрылады. Саяси жүйеде барлық, әлеуметтік өмірдің «өзегі» өтеді, өйткені онда жалаң түрде және тікелей көзқараспен қол жететіндей формада қайшылықтар болады, мұнда олар рұқсат алады. Осы мағынада саяси жүйе әлсуметтік өмірдің бейнесі бола отырып, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ететін саяси биліктік шешімдер қабылдау жолымен қоғамдық күштер мүдделерінің қақтығысы да, келісуі де өтетін сфера болып табылады. Осындай жолмен саяси жүйелер құрылымына саяси қатынастар да енеді.Мемлекеттің әлсіреуі, өз функцииларын алуы адам құмарлықтарының стихиясының шешілуі мен әлеуметтік-саяси «тығырыққа» тірейді, бұқаралық талап етулерді рсттсу тетіктерінің қажсттілігі айқын бола бастайды. Саяси жүйе оларды өз қорында ұстап отыруға тиіс, тек осындай жағдайда ғана дамыған демократияны да қиратуга кабілетті «талап сту рснолюциясы» дсп аталатын қысымға бере алады. Саяси ииституттар қызметі мен олардың арасындағы өзара әрекет норматитік ұлттық жүйе жиынтығында болатын белгілі бір принциптср мен нормалардың нәгізінде жүзеге асады.Саяси жүйенің негізінде жатқан және оны анықтаушы құндылықтар проблемасы мүдделермен тығыз байланысты, себебі маңыздылық пен құндылық дәуір мүдделерімен анықталынады.Әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделері сәйкес болмайды, сондықтан да құндылыққа деген көзқарастар, құндылықтық пайымдар әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар бірқатар ортақ мүдделер де болады. Әлеуметтік келісім мен саяси тұрақтылық — барлық әлеуметтік топтардың, тұтастай қоғамның мүдделері. Сол себептен де саяси мәдениетте ортақ мүдделерден шығатын құндылықтарды және қандай да бір әлеуметтік топтың мүдделерінен шығатын құндылықтық пайымдарды айырып алу қажет. Олардың арақатынасы әрқилы болуы мүмкін. Бірақ антагонизм, үстемдік пен бағыну жағдайында саяси жүйе құндылықтарды үстемдік етуші таптың мүдделеріне сай өлшемде ескереді.Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар: 1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелерді бөліп көрсетеді. Формациялық төсіл шекарасы туралы мәселе ашық болып қалса да қарастырылып отырған типология барынша ғылыми. Әлеуметтік топтар мүдделерінің келісімі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық қатынастардың сипатымен, үстем таптың мүдделерімен анықталынады. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін фориациялық тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бұл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дөуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.2) Мұндай тәсілдің негізін М.Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легатимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді. Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден — мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.