- •1.Сст ғылым ретінде.Сст-дың объектісі және пәні
- •3.Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары
- •32.Салыстырмалы сст: оның шығу төркіні
- •20.Джефферсонның саяси идеялары:
- •19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде
- •7. Саяси ғылымның құрылымы.
- •8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •9.Ежелгі шығыстағы саяси ойлар.
- •60.Ұлт мәселесі,оның құрылымы.
- •61.Ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті.
- •62.Ұлттар мәселесінің шешілу принциптері.
- •74. Саяси жүйенің әлеуметтік негіздері
- •67.Саяси жүйе
- •68.Основные теории политической системы г.Алмондты д.Истонның саяси жүйесіне қатысты негізгі теориялары
- •69.Саяси жүйенің құрылымы және бөліктері
- •35.Адам — саясаттын, субъектісі мен объектісі
- •36. Саясаттану
- •Европа елдеріндегі саяси ағымдар
7. Саяси ғылымның құрылымы.
Саясаттану дегеніміз- саясат туралы саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым- қатынастары туралы жинақталған ғылым. Саясатитану 2 негізгі құрылымға бөлінеді:
1.ТЕОРИЯЛЫҚ (ғылыми мәселелерді, саяси ғылым міндеттерін саяси мақсат қоя отырып, саяси даму процестерді саяси әдіс арқылы зерттейді.)
2.ТӘЖІРИБЕЛІК (саяси принциптер, технологиялар жатады.)
Саясат ұғымы:
Түрік сөзі “яса“- “жаса” деген мағына
Ғылыми техника “politika”- саяси тәртіп, азамат құқығы, билік ұғым қалыптастыру, ‘’логос”-білім. Жалпы саясат грек тілінде мемлекет және қоғам деген мағынаны білдіреді.
Саясаттану әдістері:
САЛЫСТЫРМАЛЫ ӘДІС- әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
ЖҮЙЕЛЕУ ӘДІС- саяси құбылыстардан басқа күнделікті құрылымының бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтің әлеуметтік орнын, қызметін, айналадағы орта мен басқа құбылыстармен байланыстырып зерттейді.
СОЦЯЛОГИЯЛЫҚ ӘДІС- саясат пен қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым мәдениеті және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
ТАРИХИ ӘДІС- саяси құбылыс мерзімі жағынан заманына қарай бұрыніы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады.
НОРМАТИВТІК ӘДІС- XIX ғ. дейін жиі пайдаланылған қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құбылыстың түрін іздейді.
Саясаттанудың қызыметтері:
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ- саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
БАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІ- ол саяси құбылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға бередіі.
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҚЫЗМЕТІ- азаматтықты, халықтық демократиялық саяси міндеттіілігін қалыптастырады.
РЕТТЕУШІЛІК, БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІ- оның ерекшелігі- қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысты. Ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне әсер етеді.
ЖЕТІЛДІРУ ҚЫЗМЕТІ- заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтың жарғылар мен саяси басқарушылық шешімдер алдын-ала сарапқа салынып зерттелген.
БОЛЖАУ ҚЫЗМЕТІ- саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін бейнелеумен, озық өзгерістер жасауға бағытталған қылым негізделген болжауларды аныққтайдй.
8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
ПАРАДИГМА (гректің paradeiqma-теория, үлгі деген сөзінен)- зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория.
Саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
“ПАРАДИГМА” ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі- Г.КУН. Кунның ойынша, паралигма саясатты зерттеуге бағыт береді.
Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді- сыни деп жүйелеуге болады.Енді қысқаша соларға тоқталайық.
ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМА. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді.
НАТУРАЛИСТІК ПАРАДИГМА. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, биологилық және психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.
ӘЛЕУМЕТТІК ПАРАДИГМА. Саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
ТИІМДІ( РАЦИОНАЛДЫ)- СЫНИ ПАРАДИГМА. Ол саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиетттермен, элементтермен түсіндіреді.
