
- •1.Сст ғылым ретінде.Сст-дың объектісі және пәні
- •3.Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары
- •32.Салыстырмалы сст: оның шығу төркіні
- •20.Джефферсонның саяси идеялары:
- •19.Дж.Локк либерализмнің негізін салушы ретінде
- •7. Саяси ғылымның құрылымы.
- •8.Саясаттанудың негізгі парадигмалары.
- •9.Ежелгі шығыстағы саяси ойлар.
- •60.Ұлт мәселесі,оның құрылымы.
- •61.Ұлт аралық қарым-қатынас мәдениеті.
- •62.Ұлттар мәселесінің шешілу принциптері.
- •74. Саяси жүйенің әлеуметтік негіздері
- •67.Саяси жүйе
- •68.Основные теории политической системы г.Алмондты д.Истонның саяси жүйесіне қатысты негізгі теориялары
- •69.Саяси жүйенің құрылымы және бөліктері
- •35.Адам — саясаттын, субъектісі мен объектісі
- •36. Саясаттану
- •Европа елдеріндегі саяси ағымдар
1.Сст ғылым ретінде.Сст-дың объектісі және пәні
Саясаттанудың орыс тіліндегі аудармасы, яғни «Политология» сол уақыттың өзінде екі түсініктен тұрады: латын тілінен аударғанда «politica» - саясат және «logos» - ғылым, яғни «саясат туралы ғылым».«Саясат» термині Ежелгі Грецияда polis — қала-мемлекетті атауда пайдаланса, «politika» мемлекеттік және қоғамдық істер ретінде аударылып қолданысқа ие болды. Саясаттану – саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.Неміс сациологы М. Вебердің пайымдауынша, саясат – кең мағыналы бола отырып, адам өмірінің бүкіл аспектісін жеке дара бақылауға ықпалды болып табылады. Банктің ақша саясаты мен Империялық банктің дисконт саясатынан бастап, шерулердегі кәсіподақтардың саясаты, қала немесе ауылдық мектептерінің саясаты, корпорация басқаруындағы саясат болсын, ақылды әйелдің ер азаматын басқаруына дейін.Америкалық социолог Т. Парсонс саясатты бірегейлік пен келісімділікті сақтаудағы, қоғамды біріктірудегі, оның интеграциялық мүмкіндіктерін арттыру мен алдағы мақсаттарды Саясаттанудың зерттеу пәні болып саяси институттар, саяси процестер, саяси қатынастар, саяси идеология мен саяси мәдениет, саяси іс - әрекет сияқты саясаттың негізгі құрылымды элементтері табылады.жетудегі рөлін атап көрсетеді.
Саяси ғылымның негізгі зерттеу объектілері болып төмендігілерді есептеу шешілді:
саяси теория (тарихи-саяси ойларды қамти отырып);
саяси институттар (орталық және жергілікті басқару органдары, үкіметтік құрылымдар, осы институттар атқаратын функциялар, сонымен қатар саяси инстиуттар қалыптастыратын әлеуметік күштер);
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар
3.Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары
Саяси құбылыстар мен процестер түрлі әдіс-тәсілдер, амалдар көмегімен зерттеледі (грек сөзінен аударғанда rnethodos — зерттеу жолы деген мағына береді.).
Жалпы әдіс-тәсілдерге мыналар жатады: талдау құралдары, теорияны тексеру мен бағалау, анықтау.
Саяси зерттеулер әдіснамасының негізгі әдіс түрлері мен деңгейлері саяси ойдың тарихи даму нәтижесінде пайда болды. Саясаттануды зерттеудің әдіс-тәсілдеріне мыналар жатады:
Институционалды
Салыстырмалы
Бихевиористік
Институционалдырылған әдіс белгілі бір заңды нормаларды анықтаумен, конституциядан бастап қоғамның негізгі заңдарын талдаумен, олардың қоғамның өмір сүру мен тұрақты дамуындағы орнын анықтаумен тығыз байланысты. Негізгі мәселе саяси институттарға (парламент пен үкіметке, партия мен сайлау процедураларына, билік бөліну мен конституциялық құрылыс механизмдеріне) аударылады.
Салыстырмалы тәсіл (компаративті) Аристотель, Платон, Монтескье ойшылдарының заманынан бастап белгілі. Оның ерекшелігі екі (немесе одан да көп) саяси объектіні, параметрді салыстыруда жатыр. Салыстырмалы тәсіл саяси объектілердің ұқсас қасиеттерін анықтауға көмегін тигізеді. Салыстырмалы талдау саяси объектілердің бір-бірінен өзгешелейтін барлығы ортақ қасиеттерді анықтауға көмектеседі, яғни барлығына тән болатын ортақ тенденцияны анықтайды
- Салыстырмалы саясаттанулық зерттеулер (Г. Алмонд, С. Верба, С. Липсет). Негізгі мәселелердің қатарына экономика, саясат пен тұрақтылық, саяси мәдениет ерекшеліктері арасындағы тәуелділікті анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеулер жатады
Бихевиористік әдіс мемлекеттік-құқықтық және саяси институттар, олардың формалды құрылымы, іс-әрекетінің процедураларын зерттеу арқылы саяси өмір талданатын зерттеудің заң тәсіліне балама ретінде пайда болды. Бихевиористік әдіс саясаттануда саясат қоғамдық құбылыс, ол индивидуалды өлшенуді талап етуі қажет, сондықтан топтық байланыстармен біріккен іс-әректтің барлық формаларын индивидтің жүріс-тұрысын талдаудан бастау алу керек деген тұжырымға негізделеді. Бұл әдіс саясатқа қатысу мотивін психологиялық ориентацияның басым болуымен түсіндіреді. Бихевиористтер үшін саясат — бұл билікке араласумен байланысқан ұстанымдар мен мотивациялармен сипатталатын индивидтердің (топтардың) әлеуметтік жүріс-тұрысының түрі.Бихевиоризм саяси ғылымда ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдары пайда болып, белсенді дами бастады. Бихевиористтік әдістің негізін қалаушылар болып американ саясаттанушылар Ч. Мерриам мен Г. Лассуэлл табылады. Бұл әдістің зерттеу «бірлігі» ретінде түрлі саяси жағдайлардағы индивидтер мен топтардың жүріс-тұрысы саналады.