Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ERDOKRINOLOGIYa_4_KURS_TEST.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.74 Кб
Скачать

«Бүйрек үсті безінің зақымдалу синдромы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары

  1. Біріншілік созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің дамуы немен сипатталады:

А) гипофизде АКТГ төмендеуі

Б) кортикотропин-рилизинг-гормон секрециясының төмендеуі

В) +бүйрек үсті безінің қыртысты затында кортизолдың төмендеуі

Г) альдостеронның төмендеуі

Д) натрий деңгейінің төмендеуі

  1. Біріншілік созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің басты клиникалық белгісі болып табылады:

А) +гиперпигментация

Б) артериялық гипертония

В) дене салмағының төмендеуі

Г) дене салмағының жоғарылауы

Д) гипергликемия

  1. Кортизол қайда синтезделеді:

А) бүйрек үсті безінің торлы аймағында

Б) бүйрек үсті безінің шумақты аймағында

В) +бүйрек үсті безінің шоғырлы аймағында

Г) бүйрек үсті безінің милы затында

Д) гипофиздің алдынғы бөлігінде

  1. Екіншілік бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің дамуы немен сипатталады:

А) +АКТГ төмендеуі

Б) кортикотропин-рилизинг-гормон секрециясының төмендеуі

В) кортизолдың төмендеуі

Г) гипонатриемия

Д) альдостеронның төмендеуі

  1. Созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігімен сырқаттанған науқастарда аддисондық криздің дамуы немен сипатталады:

А) +емдік шаралардың тоқтауымен

Б) адекватты орынбасушы гормональді терапия

В) жоғары мөлшерде преднизолонды қабылдау

Г) гипергликемия

Д) зәр айдағыш дәрілерді қабылдау

  1. Аддисон кризінің жедел терапиясы:

А) +глюкокортикоидтар

Б) зәр айдағыш дәрілік заттар

В) гипотензивті дәрілік заттар

Г) калий препараттары

Д) қысқа әсерлі инсулин

  1. Уотерхаус-Фридериксен синдромының (бүйрек үсті безінің инфаркті) клиникасы сипатталады:

А) біртіндеп, баяу дамиды

Б)+ жедел, найзағай тәріздес дамиды

В) артериялық қан қысымы жоғарылайды

Г) гипергликемия

Д) гипокалиемия

  1. Жедел бүйрек үсті безі диагнозы неге негізделіп қойылады:

А) жағдайының біртіндеп нашарлауына

Б) гипотермияға

В) артериялық гипертонияға

Г) +гипотония, коллапсқа

Д) полиурия және полидепсияға

жетіспеушілігі

  1. Созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігі кезінде қолданылатын орынбасушы гормональді терапияның құрамына кіреді:

А) +глюкокортикоидтар

Б) гипотензивті дәрілер

В) калий дәрілік заттары

Г) кальций дәрілік заттары

Д) 10% натрий хлориді ерітіндісі

  1. Бүйрек үсті безінің қыртысты қабаты құрамына кірмейді:

А) капсула

Б) шумақты аймақ

В) шоғырлы аймақ

Г) торлы аймақ

Д) +милық қабат

  1. Кортизол қандай әсер көрсетпейді:

А) глюконеогенезді күшейтеді

Б) қанда глюкоза мөлшерін күшейтеді

В) белок ыдырауын күшейтеді

Г) бүйректе натрийдің ұсталуын күшейтеді

Д) +ағзаның қабынулық реакциясын күшейтеді

  1. Глюкокортикоидты гормон (кортизол):

А) қанда глюкозаның деңгейін төмендетеді

Б) +глюконеогенез үрдісін күшейтеді

В) глюконеогенез үрдісін төмендетеді

Г) калий секрециясын күшейтеді

Д) натрий секрециясын төмендетеді

  1. Біріншілік бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің этиологиялық түрткілеріне жатпайды:

А) туберкулез

Б) аутоиммунды зақымдалу

В) амилоидоз

Г) гемохроматоз

Д) +гипофизге қан құйылу

  1. Біріншілік созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігімен сырқаттанған науқастардың шағымдарына жатпайды:

А) айқын әлсіздік және тез дамитын физикалық шаршағыштық

Б) жүдеу

В) +тәбеттің жоғарылауы

Г) терінің қараюы

Д) лоқсу, құсу

  1. Біріншілік созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігі кезінде жүргізілетін гормональді зерттеу нәтижелеріне жатпайды:

А) АКТГ деңгейінің жоғарылауы

Б) +АКТГ деңгейінің төмендеуі

В) қанда кортизол деңгейінің төмендеуі

Г) тәуліктік зәрде кортизол деңгейінің төмендеуі

Д) альдостерон деңгейінің төмендеуі

  1. Біріншілік бүйрек үсті безі шамасыздығының орташа және ауыр түрлерінің еміне тән емес:

А) калий мөлшері шектелген емдәм

Б) глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтардан тұратын орынбасушы терапия

В) анаболикалық стероидты гормондар

Г) аскорбин қышқылы

Д) + калий мөлшері жоғары емдәм

  1. Жедел созылмалы бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің этиологиялық түрткісіне жатпайды:

А) +аутоиммунды генезды бүйрек үсті безінің деструкциясы

Б) гепаринотерапия

В) қантамырішілік шашраңды қан ұюдың жедел түрі

Г) бүйрек үсті безі қантамырларының жедел тромбозы

Д) бүйрек үсті безінің инфаркты

  1. Уотерхаус-Фридериксен синдромының клиникалық сипаттамасына төменде берілген жауаптардың қайсысы жатпайды:

А) жедел бүйрек үсті безі шамасыздығының жедел және кенет дамуы

Б) криздің найзағай тәріздес дамуы

В) жоғарғы летальдік көрсеткіш

Г) + біртіндеп аддисон кризінің дамуы

Д) септикалық жағдай

  1. 37 жасар науқаста мойын және қолтық асты аймағында айқын гиперпегментация, бастың ауыруы, тұрақсыз етеккір, андроид типті семіздік, акне, көптеген қызғылт-қоңыр стриялар көрініс берген. АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ. Бас сүйекішілік гипертензия белгілері анықталған. КТ: бүйрек үсті безінің патологиясы жоқ. Кортизол және АКТГ концентрациясы қанда қалыптағыдан жоғары. Сіздің болжалды диагнозыңыз:

А) +Иценко-Кушинг ауруы

Б) Иценко-Кушинг синдромы

В) пубертат кезеңінде дамитын гиполамустық синдром

Г) гипотиреоз

Д) алиментарлы семіздік

37 жасар науқаста мойын және қолтық асты аймағында айқын гиперпегментация, бастың ауыруы, тұрақсыз етеккір, андроид типті семіздік, акне, көптеген қызғылт-қоңыр стриялар көрініс берген. АҚҚ 140/90 мм.сын.бағ. Бас сүйекішілік гипертензия белгілері анықталған. КТ: бүйрек үсті безінің патологиясы жоқ. Кортизол және АКТГ концентрациясы қанда қалыптағыдан жоғары. Иценко-Кушинг ауруы деген диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдістерін жүргізу қажет:

А) +контрастық затпен гипофиздің компьютерлі томографиясы

Б) бүйрек үсті безінің компьютерлі томографиясы

В) жалпы қан және несеп анализі

Г) ТТГ, тестостерон, кортизол, эстроген мөлшерін анықтау

Д) электроэнцефалография

21. Альдестеронның синтезделу орны болып табылады:

А) бүйрекүсті безінің торлы аймағы

+В) бүйрекүсті безінің шумақты аймағы

С) бүйрекүсті безінің шоғырлы аймағы

Д) бүйрекүсті безінің милы қабаты

Е) гипофиздің алдыңғы бөлігі

22. Бүйрекүсті безіндегі андрогендердің синтезделетін орны:

+А) торлы аймағы

В) шумақты аймағы

С) шоғырлы аймағы

Д) бүйрекүсті безінің милы қабаты

Е) шоғырлы және шумақты аймақтары

23. АКТГ секрециясын реттейтін факторларға, біреуінен басқасы жатады:

А) кортикотропин – рилизинг гормонының деңгейі

В) плазма құрамындағы кортизол

С) қан құрамындағы қант

Д) стресс

+Е) қан құрамындағы калий

24. Шумақты аймақта секреттеледі:

А) кортизол

+В) альдостерон

С) дегидроэпиандростерон

Д) АКТГ

Е) андростендион

25. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз: кортикотропин – рилизинг гормонын енгізгенде:

+А) АКТГ синтезін күшейтеді

В) АКТГ синтезін төмендетеді

С) АКТГ синтезі өзгермейді

Д) кортизолдың синтезі төмендейді

Е) альдостерон синтезіy төмендетеді

26. Адренокортикотропты гормон (АКТГ) синтезделеді:

А) лимбиялық жүйеде

В) гипоталамуста

+С) гипофизде (алдыңғы бөлігінде)

Д) мишықта

Е) ми қыртысында

27. Бүйрекүсті безінің торлы аймағында синтезделеді:

А) альдостерон

В) норадреналин

+С) андростендион

Д) кортизол

Е) адреналин

28. Бүйрекүсті безінің шоғырлы аймағында синтезделеді:

+А) кортизол

В) андростендион

С) альдостерон

Д) тестостерон

Е) кортикотропин – рилизинг гормоны

29. Глюкокортикоидты гормондарға жатады:

+А) кортизол

В) альдостерон

С) кортикотропин

Д) дегидроэпиандростерон

Е) прегнолон

30. Кортизолдың секрециясына әсер ететін факторларға жатады, біреуінен басқасы:

А) кортикотропин – рилизинг гормоны

В) стресс

С) айналымдағы қан көлемі

Д) АКТГ

+Е) альдостерон

31. Альдостеронның секрециясы мен белсенуіне әсер етеді:

А) кальций иондарының концентрациясы

В) қан құрамындағы кортизол

С) қан құрамындағы глюкоза

Д) магний иондарының концентрациясы

+Е) ренин – ангиотензиндік жүйе

32. Гипокортицизмге тән биохимиялық көрсеткіштер:А) гиперкалиемия

В) гипернатриемия

С) гипергликемия

Д) гиперкальциемия

+Е) гипербилирубинемия

33. Бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің абсолютті диагностикалық белгісі:

А) қан құрамындағы кортизолдың 100 нмоль/л төмен болуы

+В) қан құрамындағы кортизолдың 83 нмоль/л төмен болуы

С) қан құрамындағы АКТГ-ның 10 пг/мл төмен болуы

Д) синтактенмен тест жүргізгеннен соң, кортизол деңгейінің 500 нмоль/л жоғары болуы

Е) кортизол деңгейінің таңертең жоғары және түнде қалыпты болуы

34. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

А) АКТГ деңгейін зерттеу - бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігінің деңгейін анықтауда маңызды

+В) АКТГ деңгейін зерттеу – гипоталамо – гипофизарлы – бүйрекүсті безі жүйесінің зақымдалуын анықтауда маңызды

С) бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің екіншілік зақымдануына АКТГ деңгейінің жоғарылауы тән

Д) АКТГ деңгейін зерттеу – гипокортицизм верификациясын анықтаудың бірінші деңгейі болып табылады

Е) АКТГ деңгейін зерттеу – орын ауыстырушы гормональды терапияда дұрыс ем таңдауда маңызды

35. Инсулинтолерантты тестті жүргізудегі қарсы көрсеткіштер:

А) жас кезде

В) асқазанның және он елі ішектің ойық жарасы

С) акромегалия

Д) семіру

+Е) эпилепсия

36. Екіншілік гипокортицизмге қауіп төнгенде келесі зерттеулер жүргізіледі:

А) қысқа синактенді тест

В) бүйрекүсті безі МРТ-сы

+С) АКТГ деңгейін анықтау

Д) тәуліктік зәрдегі кортизол деңгейі

Е) тәуліктік зәрдегі 17-кетостероид деңгейі

37. Дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

А) Метирапонды қабылдағанда кортизол синтезі күшейеді

В) қалыпты жағдайда Метирапонды қабылдағанда, АКТГ деңгейі төмендейді

С) қалыпты жағдайда Метирапонды қабылдағанда, 11-дезоксикортизол деңгейі төмендейді

+Д) Метирапонды қабылдағанда кортизол синтезі бәсеңдейді

Е) қалыпты жағдайда Метирапонды қабылдағанда, кортикотропин – рилизинг гормонының секрециясы бәсеңдейді

38. Метирапондық тестке қатысты дұрыс тұжырымды таңдаңыз:

А) амбулаторлық жағдайда ем жүргізгенде тиімді

В) бүйрекүсті безі жеткіліксіздігін анықтауда метирапондық тест «алтын стандарт» болып табылады

+С) қалыпты жағдайда Метирапонды қабылдағанда, 11-дезоксикортизол деңгейі 0,19 мколь/л төмендейді

Д) бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігі кортизол деңгей 0,14 мкмоль/л жоғары, 11-дезоксикортизол деңгейі 0,19 мкмоль/л төмен болғанда даигностикалынады

Е) қалыпты жағдайда Метирапонды қабылдауғанда, қандағы кортизол деңгейі жоғарылайды

39. Бүйрекүсті безінің минералокортикоидты қызметін зерттеуде қолданылады:

+А) ас тұзын қабылдаудың жоғарылауы нәтижесіндегі альдостерон деңгейін зерттеу

В) верошпирон қабылдаудың нәтижесіндегі альдостерон деңгейін зерттеу

С) қан плазмасындағы рениннің белсенділігін зерттеу

Д) кіші дексаметазондық сынаманы зерттеу

Е) үлкен дексаметазондық сынаманы зерттеу

40. Бүйрекүсті безінің біріншілік жеткіліксіздігінің себебі болып табылады:

А) бүйрекүсті безінің туберкулездік зақымдануы

В) адренолейкодистрофия

С) бүйрекүсті безінің саңырауқұлақтармен зақымдануы

+Д) бүйрекүсті безі қыртысының аутоиммунды деструкциясы

Е) бүйрекүсті безінің метастатикалық зақымдануы

41. Шмидт синдромына бүйрекүсті безі жеткіліксіздігінің мынамен қосарлануы тән:

+А) Хашимото тиреоидиты

В) тері – шырышты кандидоз

С) 1 типті қантты диабет

Д) гипопаратиреоз

Е) токсикалық жемсау

42. Уотрехаус – Фридериксен синдромы нәтижесіндегі бүйрекүсті безі жеткілікіздігінің верификациясын анықтаудың ең ақпаратты зерттеу әдісі:

А) коагулограмма

В) АКТГ

С) қандағы кортизол деңгейі

Д) инсулин жүктемесімен жүргізілетін тест

+Е) бүйрекүсті безінің МРТ-сы

43. Адренолейкодистрофияның нәтижесінде пайда болған бүйрекүсті безінің жеткілікіздігінің верификациясы үшін анықталады:

+А) ұзын тізбекті май қышқылдарының құрамын зерттеу

В) метирапондық тест жүргізу

С) инсулинтолерантты тест жүргізу

Д) қысқа синактенді тест жүргізу

Е) бүйрекүсті безіне УДЗ жүргізу

44. Бүйрек үсті безі шамасыздығы бар науқаста стероидогенез ферменттеріне деген антидене титрінің жоғарылауын анықтаған кезде онда не бар екені туралы ойлауға болады:

А) +Аутоиммунды бүйрек үсті безі шамасыздығы

В) Уотрехаус- Фридериксон синдромы

С) Шмидт синдромы

Д) Бүйрек үсті безінің туберкулезді зақымдануы

Е) Адренолейкодистрофия

45. Екіншілік бүйрек үсті безі шамасыздығы клиникалық көрінісіне келесіден басқасының бәрі тән:

А) Әлсіздік

В) +Гиперкалиемия

С) Арықтау

Д) Гипогликемия

Е) Тері мен шырышты қабаттың пигментациясының жоқтығы

46. Науқаста гипокортицизм симптомы бар жағдайда ең бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет:

А) Қысқа синактенді тест

В) Метирапонды тест

С) АКТГ деңгейін зерттеу

Д) Бүйрек үсті безі КТ-сы

Е) +Қандағы кортизол деңгейін зерттеу

47. Гипокортицизммен ауыратын науқастардың тұзды тағамға құмарлылығы немен байланысты:

А) глюкокортикоидтар тапшылығымен

В) Гипокалиемиямен

С) +Гипонатриемиямен

Д) дәм сезу бұзылысымен

Е) гипернатриемиямен

48. Біріншілік бүйрек үсті безі шамасыздығының этиологиялық факторларына келесіден басқалары жатады:

А) Екі жақты адреналэктомиядан

В) Сифилистен

С) +Гипофиз ісіктерінен

Д) Стероидогенез ферменттері ақауларынан

Е) Бүйрек үсті безі көк тамырлары тромбозынан

49. Орталық генезді бүйрек үсті безі шамасыздығының этиологиялық факторларына келесіден басқалары жатады:

А) Глюкокортикоид препараттарымен терапипядан

В) Нейроинфекциядан

С) Гипофиздің аутоиммунды зақымдануынан

Д) Гипотактерінен

Е) +Адренолейкодистрофиядан

50. Біріншілік бүйрек үсті безі шамасыздығының патогенезіне келесінің тапшылығынан басқалары жатады:

А) глюкокортикоидтардың

В) Минералокортикоидтардың

С) Ерлер андрогендерінің

Д) Әйелдер эстрогендерінің

Е) +Тиреотропты гормонның

51. Созылмалы бүйрек үсті безі шамасыздығының клиникалық көріністеріне келесі шағымнан басқалары тән:

А) Арықтау

В) Әлсіздік

С) +Тәбеттің жоғарылауы

Д) Артериалды қан қысымының жоғарылауы

Е) Жүрек айнуы, құсу

52. Гиперпигментация синдромының дифференциалды диагностикасы кезінде гемохромотозды куәландыруға келесіден басқасының барлығы жатады:

А)+ Шырышты қабаттың пигментациясынан

В) гепатомегалиядан

С) Спленомегалиядан

Д) Қант диабетінен

Е) Бауыр циррозынан

53. Біріншілік және екіншілік бүйрек үсті безі дифференциалды диагнозын келесіден басқалары негізінде құрады:

А)+ Кортизол деңгейі

В) АКТГ деңгейі

С) Пигментация барлығы

Д) Метирапонмен сынама

Е) Инсулинді гипогликемия сынамасы

54. Феоромоцитомаға тән:

* кортизол жоғарылауы

* + катехоламиндер жоғарылауы

* минералокортикоидтар жоғарылауы

* гипофиз тропты гормондары деңгейінің төмендеуі

* катехоламиндер төмендеуі

55. Феохромоцитома кликалық көрінісіне тән:

*+ артериалды қан қысымының көтерілуі

* Артериалды гипотензия

* буындардағы ауру сезімі

* Климактериялық бүкірлік

* остеопороз

56. Феохромоцитома дамуының себебі болып табылады:

* бүйрек үсті безі қабығының ісігі

* бүйрек үсті безі қабығының шумақтық қабатының ісігі

*+ бүйрек үсті безінің милы қабатының ісігі

* нейрогипофиздің ісігі

* гипоталамус ядроларының жарақаттық зақымдануы

57. феоромоцитома кезіндегі гипертоникалық кризге тән:

*+ физикалық күштеме артериалды қан қысымының жоғарылауына әкеледі

* Кризді ангиотензинге ауыстыратын фермент ингибиторларымен басады

* гипертоникалық криз ұзақтығы 3-5 куннен асады

* криздің ақырын басталуы

* артериалды қан қысымы жоғарылауы гипергликемиямен бірге жүрмейді

58. Феоромоцитома жиі дамиды:

* кәрі жастағы адамдарда

* ерлерде

* климактерикалық кезеңдегі әйелдерде

* +жас адамдарда

59. феохромоцитома кезіндегі кризді басу үшін қолданылады:

* ангиотензинге ауыстыратын фермент ингибиторлары

* бета- адреноблокаторлар

* зәр айдайтын препараттар

*+ альфа- адреноблокаторлар

* кальций каналдары антогонистері

! 60. Науқас әйел, 49 жаста, соңғы 15 жылда АҚҚ 160-200/90-130 мм.с.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Үнемі гипотензивті препараттар қабылдаған. Соңғы 1 жыл ішінде қысқа мерзімді, күніне бірнеше рет қайталанатын, АҚҚ 250/120 мм.с.б. дейін көтерілетін гипертоникалық криздер пайда болды. Үнемі кездесетін симптомдардың ішінен бас ац\йналуын, өте әлсіздікті, жүрек жұмысының бұзылысын, үнемі терлеуді атады. КТ-да оң жақ бүйрек үсті безі проекциясында құрылым анықталды. Қандай алдын ала диагноз қоюға болады?

А) Иценк- Кушенг синдромы

В) артериалды гипертензия

*+ оң жақ бүйрек үсті безінің ісігі-феохромоцитома

С) Нейроциркуляторлы дистония

Д) Миокардит

! 61. Феохромоцитоманы күдіктенгенде қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет?

* Ми тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы

* Түрік ерінің рентгенографиясы

*+ катехоламиндерге зәр талдауы

* ДГЭА-сульфат кортизолы деңгейі

* ішкі ағзалар УДЗ

! 62. Науқас әйел, 49 жаста, соңғы 15 жылда АҚҚ 160-200/90-130 мм.с.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Үнемі гипотензивті препараттар қабылдаған. Соңғы 1 жыл ішінде қысқа мерзімді, күніне бірнеше рет қайталанатын, АҚҚ 250/120 мм.с.б. дейін көтерілетін гипертоникалық криздер пайда болды. Үнемі кездесетін симптомдардың ішінен бас ац\йналуын, өте әлсіздікті, жүрек жұмысының бұзылысын, үнемі терлеуді атады. КТ-да оң жақ бүйрек үсті безі проекциясында құрылым анықталды. Қандай алдын ала диагноз қоюға болады? Феохромоцитома- оң жақ бүйрек үсті безі ісігі диагнозы анықталған жағдайда қандай ем жүргізу қажет?

*+ оң жақтық адреналэктомия

* дезинтоксикалық ерітінділермен инфузионды терапия

* глюкокортикоид препараттарымен қысқа курс

* дофамин рецепторларының антогонисттері

* бета-блокаторлар

! 63. Науқас, 40 жаста, төс артындағы қысқа мерзімді ауру сезімімен, қорқыныш сезімімен, ішкі дірілмен қатар жүретін АҚҚ 300/100 мм с.б. дейін қысқа мерзімді көтерілуіне шағымдарымен бөлімшеге келіп түсті. Ұстама кезінде терлеу болған, ұстамадан соң өте көп зәр шығарған. Бұл шағымдардың барлығы жұмыста физикалық күштемеден кейін пайда болған. КТ зерттеуі кезінде сол жақ бүйрек үсті безінде диаметрі 10 см ісік анықталған. Қандай алдын ала диагноз қоюға болады?

* Андростерома

* Кортикоэстерома

* Иценко- Кушинг синдромы

* Кортикостерома

*+ Феохромоцитома

! 64. Біріншілік альдестеронизм немен көрінеді:

*+ минералокортикоидтар жоғарылауымен

* глюкокортикоидтар төмендеуімен

* катехоламин синтезінің жоғарылауымен

* бүйрек үсті безі қабығы торлы аймағының гормондары синтезі төмендеуімен

! 65. Біріншілік альдестеронизмнің этиологиялық факторлары болып жиі анықталады:

*+ бүйрек үсті безі қабығы шумақтық аймағының ісігі

* бүйрек үсті безі қабығы торлы аймағының ісігі

* бүйрек үсті безі қабығы шоғырлы аймағының ісігі

* нейроинфекция

* бүйрек үсті безі инфарктісі

! 66. бүйрек үсті безі қабығы шумақтық аймағының гормондары синтезін реттеуші факторларға жатады:

*+ренин- ангиотензинді жүйе

* ұйқы- ояу болу циклы

* симпатикалық жүйке жүйесі

* стресс

*АПУД- жүйесі

! 67. Кон синдромының жетекші клиникалық симптомы болып табылады:

*+артериалды гипертензия

* гипогликемия ұстамасы

* ортостатикалық гипотония

* сіреспелер

* тәбеттің жоғарылауы

! 68. Кон синдромы диагностикасы үшін жүргізу қажет:

* тәуліктік зәрде кортизолды анықтау

* + қан сарысуында альдестерон мен ренинді анықтау

* зәрде катехоламиндерді анықтау

* глюкозотолерантты тест

* синактенмен тест

! 69. глюкокортикоидты гормондар әсерлеріне жатпайды:

* глюконеогенез жоғарылауы

* липолиз жоғарылауы

*+ натрий реабсорбциясының төмендеуі

* калий реабсорбциясының жоғарылауы

* натрий реабсорбциясының жоғарылауы

! 70. Минералокортикоидтар әсерлеріне жатады:

* гипогликемиялық әсер

* липосинтетикалық әсер

* белок синтезі

*+ натрий реабсорбциясы

* калий реабсорбциясы

! 71. Катехоламиндер әсерлеріне жатпайды:

*+ екіншілік жыныстық белгілер дамуы

* Артериалды қан қысымын реттеу

* жүрек жиырылуының жиілігін реттеу

* контринсулярлы әрекет

* бронх тегіс бұлшық еттерінің босаңсуы

! 72. Глюкокортикоид препараттарына келесіден басқалары жатады:

*преднизолон

* гидрокортизон

* дексаметазон

* полькортолон

*+ ретаболил

! 73. Ең айқын минералокортикоид әсерлі:

*+ гидрокортизон

* преднизолон

* дексаметазон

* преднизон

* полькортолон

! 74. Ең төмен минералокортикоид әсерлі:

* гидрокортизон

* преднизолон

*+ дексаметазон

* преднизон

* полькортолон

! 75. Екіншілік бүйрек үсті безі шамасыздығы кезінде тағайындалмайды:

* преднизолон

* + минералокортикоидтар

* полькортолон

* дексаметазон

* гидрокортизон

! 76. Аутоиммунды генезді Аддисон ауруы келесіден басқа аурулармен қатар жүруі мүмкін:

*хашимото аутоиммунды тиреоидиті

* витилиго

* қант диабетінің 1 түрі

*+ қант диабетінің 2 түрі

* аутоиммунды генезді гипогонадизм

! 77. Аддисон ауруының дифференциалды диагностикасын осы аурумен жүргізеді:

*+ артериалды гипертония

* алиментарлы семіздік

* гипотиреоз

* Кон синдромы

* феохромоцитома

! 78. Стероидогенезде қатысады:

*В тобының витаминдері

* альфа-токоферол

*+ С витамині

* Д витамині

* К витамині

! 79. Глюкокортикоидтық гормондар синтезі үшін бастапқы субстрат болып табылады:

*глюкоза

*+ холестерин

* жоғары тығыздықтағы липопротеидтер

* гемоглобин

* кетонды денелер

! 80. Созылмалы гипокортицизм клиникалық көріністеріне тән емес:

* артериалды гипертония

*+ қандағы қанттың жоғарылауы

* жүрек айнуы, құсу

* арықтау

* әлсіздік

! 81. Гиперкортицизм болуын осы жағдайда күдіктену керек:

*арықтауда

* буындардағы ұшқын сипаттағы ауру кезінде

* + «жоғары» түрдегі семіздікте

* жіңішке ақ қызғылт стрийлер болғанда

* артериалды гипертонияда

! 82. Екіншілік гиперальдестеронизм сипатталады:

*+ сарысудағы ренин мен альдестерон жоғарылауымен

* альдестерон жоғарылауымен және сарысудағы рениннің қалыпты деңгейімен

* сарысудағы рениннің төмендеуімен

* альдестерон мен глюкокортикоидтар төмендеуімен

! 83. Науқас, 45 жаста, бұлшық еттерінің тырысуына, аузының құрғауына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, басының қатты ауруына, полиурияға, қан қысымының жоғарылауына шағымданып бөлімшеге түсті. Гипотензивті терапия уақытша жеңілдік әкелген. Тексеру кезінде: айқын гипокалиемия(калий 2,0 мэкв/л), альдестерон деңгейі жоғары(5,1 мэкв/л), зәрде альдестерон метаболиттері деңгейінің жоғарылауы. Алдын ала диагноз қандай?

*Ицеко-Кушинг ауруы

* феохромоцитома

*+ Біріншілік гиперальдестеронизм(Кон синдромы)

* артериалды гипертония

* Ицеко-Кушинг синдромы

! 84. Науқас, 45 жаста, бұлшық еттерінің тырысуына, аузының құрғауына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, басының қатты ауруына, полиурияға, қан қысымының жоғарылауына шағымданып бөлімшеге түсті. Гипотензивті терапия уақытша жеңілдік әкелген. Тексеру кезінде: айқын гипокалиемия(калий 2,0 мэкв/л), альдестерон деңгейі жоғары(5,1 мэкв/л), зәрде альдестерон метаболиттері деңгейінің жоғарылауы Диагноз қоюға қандай зерттеулер маңызды және көмектеседі?

*Гормондар деңгейін зерттеу(альдестерон, кортизол, ДГЭА-сульфат)

* Бүйрек үсті безі УДЗ

*+ Бүйрек үсті безі КТ-сы және МРТ-сы

* Бас миының МРТ-сы

*бүйрек тамырларының ультрадыбыстық доплерографиясы

! 85. Науқас, 32 жаста, жалпы әлсіздікке, арықтауға, депрессияға, жүрегінің айнуына, құсуға, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, терісінің және шырышты қабатының қараюына шағымданып стационарға түсті. Айтылған шағымдар бір жыл бойы мазалайды. Алдымен мойны, қолдары, беті, сосын терісінің басқа да бөліктері қарайған. Соңғы жарты жылда 12 кг-ға арықтаған. Соңырақ басының ауруы және әлсіздік қосылған. АҚҚ өлшегенде айқын гипотония байқалған. Бір айдың ішінде тұзды тағамға құмарлығы пайда болған.

Анамнезінен: 9 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Ем қабылдаған. Қазіргі кезде диспансерлік есптен шығарылған. Алдын ала диагноз қандай?

* Ицеко-Кушинг ауруы

* Андростерома

* Ицеко-Кушинг синдромы

* +Созылмалы бүйрек үсті безі шамасыздығы

* феохромоцитома

! 86. Науқас, 32 жаста, жалпы әлсіздікке, арықтауға, депрессияға, жүрегінің айнуына, құсуға, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, терісінің және шырышты қабатының қараюына шағымданып стационарға түсті. Айтылған шағымдар бір жыл бойы мазалайды. Алдымен мойны, қолдары, беті, сосын терісінің басқа да бөліктері қарайған. Соңғы жарты жылда 12 кг-ға арықтаған. Соңырақ басының ауруы және әлсіздік қосылған. АҚҚ өлшегенде айқын гипотония байқалған. Бір айдың ішінде тұзды тағамға құмарлығы пайда болған.

Анамнезінен: 9 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Ем қабылдаған. Қазіргі кезде диспансерлік есптен шығарылған. Әрі қарай қандай диагностикалық зерттеулер қажет?:

*+ қандағы АКТГ, кортизол деңгейлерін анықтау

* бүйрек үсті безі КТ-сын жүргізу

* 1-24 АКТГ сынамасын жүргізу

* Электроэнцефалография

*Түрік ерінің рентгенографиясы

! 87. Науқас, 32 жаста, жалпы әлсіздікке, арықтауға, депрессияға, жүрегінің айнуына, құсуға, үлкен дәретінің тұрақсыздығына, терісінің және шырышты қабатының қараюына шағымданып стационарға түсті. Айтылған шағымдар бір жыл бойы мазалайды. Алдымен мойны, қолдары, беті, сосын терісінің басқа да бөліктері қарайған. Соңғы жарты жылда 12 кг-ға арықтаған. Соңырақ басының ауруы және әлсіздік қосылған. АҚҚ өлшегенде айқын гипотония байқалған. Бір айдың ішінде тұзды тағамға құмарлығы пайда болған.

Анамнезінен: 9 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Ем қабылдаған. Қазіргі кезде диспансерлік есптен шығарылған. Аддисон ауруы диагнозы анықталғанда қандай терапия тағайындалмайды?

*анаболиктер

* глюкокортикоидтар

*+ кордиамин, кофеин

* аскорбин қышқылы

* минералокортикоидтар

! 88. Глюкокортикоидтардың басты әсері болып табылады:

*+ адаптациялық механизмдерді қамтамасыз ету

* айналымдағы қан көлемін ұстау

* термогенезді реттеу

* негізгі алмасуды реттеу

* сүйектердің өсуі мен дифференцировкасы

! 89.Минералокортикоидтардың басты әсері болып табылады:

* адаптациялық механизмдерді қамтамасыз ету

* +айналымдағы қан көлемін ұстау

* термогенезді реттеу

* негізгі алмасуды реттеу

* сүйектердің өсуі мен дифференцировкасы

! 90.Бүйрек үсті андрогендерінің басты әсері болып табылады:

*+ екіншілік жыныстық белгілердің қалыптасуы

* адаптациялық механизмдерді қамтамасыз ету

* айналымдағы қан көлемін ұстау

* термогенезді реттеу

* негізгі алмасуды реттеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]