Психиканың эволюциясы және антропогенез
Ғылыми ойлаудың пайда болуымен жануарлар психикасы мен жүріс-тұрысы мәселесі барлық философиялық концепцияларды маңызды құрамдас бөлігіне айналды.
Ж.О.Ламеттри адам мен сүтқоректілердің ми құрылысының ұқсастығына мән берді (адамның миында қатпарлар біршама көп болады).Эволюциялық ілім үшін күресте,бүкіл органикалық әлемнің бөлінбейтін біртұтас ретіндегі дамуының үзіліссіздігі туралы жағдайды негіздеуге тырыса отырып Ч.Дарвин мен оның шәкірттері барлық психикалық құбылыстардың ұқсастығы мен туыстығын бір жақты атап өтті.Дарвин адам психикасы мен жануарлар психикасының арасындағы сапалық айырмашылықтарды жоққа шығарды.Ол жануарларға адамның ойлары,сезімдері мен елестетулері тән деп есептеді.Бұндай көзқарасқа В.А.Вагнер қарсы шықты.Ол жануарлар психикасын адам психикасымен емес,жануарлардың осы тобының тікелей алдында болатын және одан кейін өтетін формалардың психикасымен салыстыру қажет екендігін айтып өтті.Ол психика эволюциясының жалпы заңдары болады,оларды танымаса адам санасын түсіну мүмкін емес деп есептеген.Эволюциялық бағыт антропогенездің алдыңғы тарихын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер жоғарғы омыртқалыларды қарастырсақ,онда психика эволциясында антропогенезге апаратын сызыққа еш қатысы жоқ бірқатар бүйірлік тармақтану байқалады.Қазіргі кездкгі тіршілік ететін приматтар өзінің даму барысында адамға жақындамай ғана қалған жоқ,олар,керісінше,одан алшақтап кетті.Тіпті маймылдардың біршама күрделі психикалық қабілеттіліктерінің өзі тұтасымен алғанда олардың өмір сүру жағдайларымен анықталады және тек осы жағдайларға ғана бейімделу үшін қызмет етеді.Өмір сүру ерекшеліктері психикалық үрдістердің арнайы ерекшеліктерін шарттандырады.Қазіргі таңдағы маймылдар бойынша біз психикалық дамудын тек деңгейлері мен бағыттары туралы ғана және осы үрдістің жалпы заңдылықтары туралы пайымдаулар жасай аламыз.
17-тақырып.Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі
Адам тәріздес (қазылып алынған) маймылдардың адамға айналуының шешуші факторын 120 жылға жуық уақыт бұрын Ф.Энгельс ашқан болатын,ол адамды жасаған еңбек адам санасын да жасады.Еңбек іс-әрекеті,буынға бөлінетін сөйлеу,ал олардың негізінде қоғамдық өмір де адам психикасының дамуын анықтайды және адамның психикалық іс-әрекетінің белгілері болып табылады.Сананың пайда болуының нақты жағдайларын пнықтау үшін жануарлар әлемінде адам іс-әрекетінің осындай формаларының мүмкін болатын биологиялық алғышарттарын табу және олардың дамуының ықтималды жолын бақылау қажет болып табылады.
Еңбек ең басында пайда болғаннан бастап қолдық жасалған, бастапқы адам ойлауы да сондай болған.Қазіргі кездегі маймылдарда ол сол "қолдық ойлау" күйінде қалған.Қол еңбектің арқасында жетілудің ең жоғарғы деңгейіне жетті.Ол антропогенезде физикалық та,психикалық та қатынаста орталық орын алады.Еңбек іс-әрекеті пайда болуының биологиялық алғышарттарын,ең алдымен,сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының ұстау қызметінің ерекшеліктерінен іздеу қажет.Бірақ ұстау ұызметі тек маймылдарға ғана ән емес.Фабри маймылдағы және басқа да сүтқоректілердегі алдыңғы аяқтардың негізгі (локомоторлық) және қосымша (манипуляциялық) қызметтерінің арасындағы өзара қатынастарды салыстырмалы аспектіде зерттеді және антропогенез үрдісі үшін алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонистикалық қатынастар шешуші мәнге ие екендігін анықтаған.Алдыңғы аяқтардың бір мезгілде манипуляцияға белсенді қатысуы олардың сүйену және орын ауыстыру қызметтерінен жиі босатылуымен байланысты,бұл ұзақ уақыттық тез жүгіруді үйренуге кедергі жасайды.
Қозғалыс белсенділігінің эволюциясы алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонизммен анықталды. Манипуляциялық қызметтердің ең алдымен аяқтардың ұстау қабілеттіліктері қиналады. Алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің бір бөлігі бұнда ауыз аппаратына ауысады. Мысалы, ұстау қызметтері аюларда , жанаттарды және басқа да сүтқоретілерде жойылған. Жалғыз ерекшеліті приматтар құрайды. Приматтардың локомациясы бұтақтарды ұстау жолымен өрмелеп шығудан тұрады.
Қозғалудың бұндай тәсілі саусақтардың қозғалмалылығының күшеюімен және бірінші саусақты қалғандарына қарама қарсы қоюды сақтаумен бірге жүреді, бұл манипуляциялауға қойылатын талаптармен үйлесімді сәйкес келеді. Сондықтан маймылдарда алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметті антагонистикалық қатынастарда болмайды бір бірімен үйлесімді сәйкестендіреді.
Қозғалыс қызметінің өзгеруімен бір мезгілде сенсорлық қызметтер де, әсіресе қолдың терілік бұлшықеттеінің сезімталдығы дамыды. Бұл жерде өте маңызды сәт тактильдік кинестетикалық сезімталдықтың көрумен өзара әрекеттестігі болып табылады. И.М.Сеченов осы өзара әрекеттестіктің адамның психикалық іс әрекетінің қалыптасу факторы ретіндегі үлкен мәнін анықтаған. Көрудің қолдың қозғалыстық сезімталдығына «үйренудің » шамасы бойынша қолдардың қозғалыстарының өзі көру арқылы бақыланады, корреляцияланады және басқарылады. Тактильдік кинестикалық оптикалық сезімталдық маймылдарда біртұтас кешендік жүйені құрайды. Жеке жеке бұл компоненттер басқа жануарларда да жеткілікті жақсы дамыған.
Бірақ адам тәріздес маймылдарда төменгілерге қарағанда синтетикалық (коструктивті) әрекеттер күштірек көрінеді.
Коструктивті іс әрекеттен басқа Н.Н.Ладыгина Котс осы жануарлардағы бейімделу,тексеру, өңдей қозғалыстық ойындық қызметтерді бөлді. Тамақтық емес объектілерге қатысты көбінесе танысу, өңдеу (тырнау,кеміру) және консируктивті іс әрекет шығады. Аз дәрежеде құралдық іс әрекет пайда болады. Құралық іс әрекет лабараториялық жағдайларда табиғи жағдайларға қарағанда көбірек көрінеді.
Қазылып алынған антропойдтарда адамның ата бабаларында құралдарды пайдалану қазіргі кездегі адам тәріздес маймылдарға қарағанда мәнді жақсы дамыған болуы мүмкін. Фабри заттық, құралдық іс әрекет кейде биологиялық заңдылықтардың шегінен шыға алмай қалады және еңбек іс әрекетіне «өседі» деген қорытындыға келеді. Егер жүріс тұрыстағы түбегейлі өзгерістер басталмағанда, тіпті қазылып алынған адам тәріздес маймылдардағы манипуляцияның жоғарғы көрінулері биологиялық бейімделудің формалры ретіндегіден артық емес болып мәңгілікке қалар еді. Ол түбегейлі өзгерістердің аналогиясын К.Э.Фабри әйгілі экстрималды жағдайларда қазыргі кездегі маймылдарда кездестірген болатын. Бұл құбылысты ол «компенсаторлық манипуляциялау » деп атады. Лабараториялық жағдайда манипуляциялық белсенділіктің түбегейлі қайта құрылуы өтеді «бытыраңқы» манипуляциялық іс әрекет олардың меншігіндегі аз заттарда концентрацияланады. Нәтежиесінде олар интенсивтілігі барынша әртүрлі ұзақ мерзімдік аз заттармен манипуляция жасайды, бұл біршама күрделі манипуляциялық қозғалыстардың пайда болуына алып келеді. Сонымен, әртүрлі заттармен манипуляция жасаудың табиғи қажеттілігі бірлескен ортада манипуляциялаудың сапалық жаңа формасы «копенсаторлық манипуляциялаумен» компенсацияланады. Заттармен тек осындай тереңдетілген әрекеттер ғана еңбек іс әрекетінің пайда болуына негіз болды, өйткені миоценаның соңында тропикалық ормандардың тез қысқаруы басталды.
Круриация – бұл локомоция тәсілі.Круриация – дененің біршама түзу жағдайында артқы аяқтарымен жуан бұтақтарда жүру. Круриация маймылдарды құралдық іс-әрекет үшін пайдалануы мүмкін алдыңғы аяқтарға сүйенбестен жерде жүруге жақсы дайындар еді.
Антропоидтардың ішінде адамның тікелей ата-бабасы болған бір ғана – жалғыз түр аман қала алады. Бұл плейс- тоценаның бас кезінде болды. Ормандарда тіршілік етіп қалған маймылдарды компенсаторлық қозғалыстар дамымай қалды және олар үшін биологиялық бейімделудің алдыңғы формалары толығымен жеткілікті болды.
Еңбек құралы белгілі- бір еңбек операциялары үшін арнайы дайындалады және оның болашақтағы қолдануы туралы білімдерді болжайды. Құралдарды дайындау болашақтағы мүмкін болатын себеп-салдарлық қатынастарды алдан-ала білуді болжайды. Н.Н. Ладыгина- Котстың зерттеулері бойынша шимпанзе тікелей пайдалануға құралды дайындаудың өзінде бұндай қатынастарды ұғынуға қабілетті емес, ал пайдаланып болғаннан кейін олар оны болашаққа сақтап қояды.
Осылайша, еңбектің пайда болуы мен бүкіл жүріс-тұрыстың түбегейлі өзгеруі байланысты: қажеттіліктерді тікелей қанағаттандыруға бағытталған жалпы іс-әрекеттерден тікелей биологиялық мотивтерге бағытталмаған арнайы әрекеттер бөлінеді.
Негізгі құрал дайындау затқа тікелей эффекторлық мүшелермен емесбасқа затпен әсер етуді болжайды (өңдеу- басқа құралмен жасалады). Дәл осындай заттардың табылғандығы адамның ата-бабаларында еңбек іс-әрекетінің бол,андығының дәлелі болады.
Фабридің жүргізген бақылаулары бойынша «нейтралды» заттармен монипуляция жасағанда маймылдар бір затпен екіншісіне әсер етседе, бүнда «өнделіп » жатқан объектідегі өзгерістерге емес тікелей әсер ету объектісіндегі болған өзгерістерге мән береді.
Әйгілі кеңес антропологы Я.Я. Рогинский адам эволюциясындағы «екі бұрылыстық пунктер» теориясын жасады. Олар :
Еңбек іс-әрекетінің пайда болуы
Дамудың биологиялық жазықтығынан әлеуметтік жазықтығына өту. Осы бұрылыс қазіргі адамның – неоантроптың пайда болуына алып келді. Рогинский бұл жерде табиғи таңдаудың түр қалыптастыру рөлінің жойылуы мен әлеуметтік заңдылықтардың жеңісі туралы айтады.
18 – тақырып. Қоғамдық қатынастар мен сөйлеудің пайда болу мәселесі
Еңбек ең басынан бастап-ақ ұжымдық, қоғамдық болды. Жануарлардың күрделі құралдық іс-әрекеттерінің өзіне ешқашанда қоғамдық үрдістің сипаты тән болған емес және ол қауымдастық мүшелерінің арасындағы қатынастарды анықтамайды.
Психикасы дамыған жануарлардың өзінде қауымдастықтың құрылымы ешқашанда құралдық іс-әрекеттің негізінде қалыптаспайды, оған тәуелді болмайды және онымен жанамаланбайды. Адамдардың қоғамдық қатынастары, керісінше, сол заңдылықтарды сындырудың, еңбек іс-әрекетімен туындайтын отарлық өмірдің мәнін түбегейлі өзгертудің нәтижесінде пайда болды.
Фабри бойынша, демонстрациялық манипуляция қарым-қатынастың таза адамдық формаларының бастауы болды. Манипуляцияның объектісін «әдейі» көрсету «көрермендер» жағынан ерекше «табыстыратын қозғалыстардың» және өз кезегінде «жақсы көрінудің» белгілерін көрсететін «актердың» агрессивті көрінулерінің позалары жолымен басумен бірге өтеді. Бұндай демонстрациялық манипуляциялау объектісі үнемі «актер» мен «көрерменнің» арасында делдал ретінде болады. Басқалардың әрекеттерін «сырттай қарау» жолымен арақашықтықтан басқалардың тәжірибесін меңгеру өтеді. Демонстрациялық манипуляциялаудың «дәстүрлердің» қалыптасуына қатынасы бар. Демонстрациялық манипуляциялауда белсенділіктің коммуникативті және танымдық аспектілері үйлеседі.
Жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеу. Н. Н. Тих маймылдардың қарым – қатынас құралдарының үлкен мәнділігі мен эмоционалдылығын және олардың адам коммуникациясының эмоцияналды құралдарына ұқсастығын айқындады... Бірақ, Тихтың айтуы бойынша, маймылдардың коммуникативті құралдары (дыбыстар мен дене қозғалысы) семантикалық қызметтер атқармайды және сондықтан олар ойлаудың құралы болып табылмайды.
Американдық ғалым Д.Примак «пластикалық» тілідің көмегімен шимпанзені адам тіліне үйретуге тырысты. Маймылдарда жеке заттар (пластиктер) мен тамақтың арасында ассоциациялар қалыптасты. «Артық», «кем», «бірдей» және «әртүрлі», «мә», «алдымен», «одан кейін», «және» деген сияқты жалпыланған көру елестері қалыптасты. Бұл эксперименттер маймылдардың «даму барысындағы оқыту» жағдайларындағы үлкен интеллектуалды қабілеттіліктерін көрсетті (Н.Нн Ладыгина-Котс). Маймылдарда тек адаммен қарым-қатынас жасаудың жүйесі ғана қалыптастырылды, бірақ бұл маймылдардың тілі мен адамның тілін принциптік тұрғыда бірдей деудің дәлелі болып табылмайды. Маймылды буынға бөлінген сөйлеуге үйрету мүмкін емес.Ешбір жануарда түсініктік ойлау жоқ, ортаның заттық бөліктерін, олардың нақты жағдайдан тыс қасиеттерін немесе олардың арасындағы қатынастарды белгілейтін кодтары жоқ. Жануарға қарағанда қарым-қатынас тәсілі тамырында тек дамудың биологиялықтан әлеуметтік жазықтыққа ауысуында пайда бола алады. Қарым-қатынастың әлеуметтік формасына ауысуда алғашқы адамдарда берілетін сигналдардың жалпыланған шарттылығы бірлескен еңбек іс-әрекетінің барысында буынға бөлінген сөйлеудің туындауының биологиялық алғышарты болды.
Алғашқы дыбыстар практикалық іс-әрекетке біріктірілді. Олармен бірге жесттер және айқын интонациялар қатар жүреді. Н.А. Тихтың айтуы бойынша, жасалған «әрекеттік әңгімелесу» қолдың екі қызметінің арасында шиеленіске алып келді – заттармен әрекет жасау және олардың белгілеуімен, бұл дауыстық мүшелерге семантикалық қызметтерді беруді алып келді. «Праслово» қол көрсеткен және қолдың өзін көрсеткен затты және сол затпен жасалған әрекетті белгілей алады.
Дауыстар практикалық әрекеттерден бөлінген кезде алғашқы негізгі сөздер пайда болды.
Тіл қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, адам ойлауының құралы ретінде де жиі көрінеді.
