
Психика дамуының интеллектуалды кезеңі
Интеллект сөзі латын тілінен аударғанда Intellectus- таным,түсіну,ақыл-ес деген мағына береді.Оны индивидтің ақыл-ой қабілеттіліктерінің салыстырмалы түрде тұрақты құрылымы ретінде түсінген жөн.
Интеллектіні,өз кезегінде көптеген ғалымдар зерттеген. В.Штерн мен Ж.Пиаже интеллектіні өмірдің қолма-қол жағдайларына биопсихикалық бейімделу ретінде түсіндірді.А.Бине мен Т.Симон алғаш рет 1905 жылы интеллектіні өлшеу үшін тест жасаған болатын.М.Вертхеймер мен В.Келер инсайт түсінігін қалыптастырады.
Академик А.Н.Северцов интеллект жануарға біршама үлкен бейімделу тиімділігін береді деп есептеген.
Алғаш рет жануарлардың интеллектісін өз жүріс-тұрысын ортаның өзгермелі жағдайларына «келтіру» қабілеттілігі ретінде 1882 жылы Дж.Романес «Жануарлардың ақылы» («Ум животных») атты кітапта бейнеленген.Ллойд Морган мен Э.Торндайк антропоморфизмге сын жасап Романеске қарсы шықты және жауап ретінде жануарлардың психикалық қабілеттіліктерінің қатал критертийлерін қалыптастырды (метод проб и ошибок)
Американдық психолог Э.Толмен 1932 жылы «Жануарлар мен адамдардың мақсатқа бағытталған жүріс-тұрысы» (Целенаправленное поведение животных и человека) атты кітап жазды.
Жануарлар«әрекеттер арқылы үйренеді» деген ойға қарсы,Толмен эксперименттік тұрғыда олардың лабиринттің жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты,сәйкес жүріс-тұрыстарды іске асырмастан,қабылдай алатындығын көсетті.Ол,үйрену кезінде жануарлар сыртқы әлемнің себеп-салдарлық қатынастарын көрсететін «когнитивті картаға»ие болады деп болжам жасады.
Интеллектуалды кезеңдер жоғарғы деңгейдеіндегі жануарлар үшін тек ортанаң заттық компоненттерінің сонымен қатар ғана емес олардың байланыстары мен қатынастарының бейнеленуінде көрінетін психикалық іс-әрекеттерінің даму деңгейі болып табылады,сондай-ақ ол дағдыларды ауыстыру мен пайдалану арқылы түрлі тәсілдермен күрделі тапсырмаларды таптауырындық емес шешу болып табылады.Бұл ауыстыру заттардың ұқсастығы бойынша,сонымен қатар олардың арасындағы ұқсастық бойынша да іске асырылады.
Неміс ғалымы В.Келер жануарлардың интеллектуалды жүріс-тұрысын интеллектуалды формалары,инсайт және қарапайым құралдарды дайындауға қабілеттіліктердің тән екендігін дәлелдеді.
Жануарлардың интеллектісін,сонымен бірге иттің таяқшаны алып жүрудегі теңсіздік орталығын қалай табатындығын Л.Морган зерттеген болатын.
Э.Торндайк жоғарғы жануарлардың интеллектуалды әрекеттерін зерттеу үшін әйгілі "мәселелік жәшікті" ойлап тапты.Интеллектуалды әрекеттерді шимпанзеден бақылауға болады.Жемісті алмастан бұрын ол бірнеше уақыт "ойланған" сияқты болады,одан кейін қолданғанда тапсырманы шешу оңай болып табылатын екі қысқа таяқшаларды бір ұзын таяққа біріктіруге тырысады.Сонымен бірге маймылдың адамды қолынан тартып жем тұрған жерге апарып,одан кейін оның иығына секіріп шығып ,оны алатындығын бақылаған, ал егер адам отырса,онда маймыл иығынан түсіп оны арт жағынан көтеруге тырысқан.
А.Н.Леонтьев бойынша интеллектінің критерийі ретінде инстикттің құрамында биологиялық мағынадан ада болған дайындық фазасының болуы қызмет етеді.
Ф.Йеркс интеллектінің негізгі ерекшеліктерін бөліп шығарды;
1.Әрекет етуден бұрын жағдайды детальдық зерттеу.
2."Ойлануды" еске түсіретін әрекеттердің арасындағы тербелістің болуы.
3.Артық кездейсоқ қозғалыстарсыз, мағынасыз «байқап көрулер мен қателерсіз» жағдайға, мақсатқа бағытталған, ақыл ойлық әсерленуге талпыныс.
4. Шешім дұрыс емес жағдайда шешудің жаңа жағдайын тез арады тауып,оны қолдану.
5.Әрекет орындау үдерісінде зейін сферасында оның соңғы мақсатын ұстану. Барлық жасалған қозғалыстардың ақылдылығы мен мақсатқа бағытталғандығы, олардың мақсатқа қол жеткізуге бағыныштылығы.
6. Іс әрекет жасағанда жануар мақсатқа жеткізетін әрекеттердің қажетті жиынтығын аяқ астынан жасайды, сол кездегі ерекше сыни сәттің болуы.
7. Бірде табылған мәселенің шешімін жаңа жағдайларда қайталаудың жеңілдігі.
8.екінші реттіден бас тарта отырып, жағдайағы мәнді табу қабілеттілігі.
Эволюция барысында алдымен жануарлардың интеллектуалды дамуы үшін алғышарттар пайда болды, оларға, біріншіден, жануарлардың танымдық қабілеттіліктерінің шешуші рөл атқарған, манипуляциялау, соның ішінде соның ішінде биологиялық нейталды заттармен манипуляция жасау жатады. Манипуляция жасау зааттар туралы жалпылаған білімдерді және жалпыланған қозғалыстық сенсорлы тәжірибие қалыптасады. Жануар заттың салмағын ұстап көріп тұрып ол туралы біртұтас реттегі кешендік ақпарат алады. И. П . Павлов манипуляциялау тек жануарлардың қызыққыштығын ғана көрсетеді, бірақ оларға пайда келтірмейді деп есептеген Екіншіден, дағдыларды жаңа жағдайларға тек заттардың ұқсастығы принципі ғана емес, сонымен бірге заттардың қатынастары мен байланыстарының ұқсастықтары бойынша да ауыстыру маңызды алғышарт болып табылады. Және А.Н. леонтьевтің пікірі бойынша, іздеуі немесе дайындалуы іс -әрекетттің дайындық фазасымен байланысты болып келетін құралдарды пайдалану.
7-тақырып. Жануарлардың интеллектуалды іс әрекеттерін бағалау мәселесі
Жануарлардың интеллектісін бағалауда екі бағыт бар:
1-жүріс тұрыстарын талдау
2- мидың құрылыстарын зерттеу.
Бұрын қарапайым миының болуымен ерекшеленетін төмендегілерден миының құрылысы күрделі болып келетін жоғарғы , интеллектуалды жануарларға дейінгі дамуда сызықтық біртінділік бар деп есептелінген. Тұтасымен алғанда біз осы пікірге дәлел табамыз, бірақ кейбір жағдайларда, эволюция үдерісіндегі жануарлардың сызықтық емес дамуының салдары болып табылатын ауытқуларды көреміз. Шын мәнінде эволюция әр қайсысында сыртқы жағдайлардың кешеніне бейімделу өтетін көптеген тармақтануды берді. Әр түрлі жануарлар эволюциялық теректің түрлі бұтақтарында орналаса отырып, күрделіліктің бірдей деңгейіне қол жеткізе алады. Нейронатом Ходс (1982) жануарлардың интеллектісіне қатысты былай жазған болатын: «...біздің сүтқоректілердің ОНЖ сі туралы білімдеріміз бізде омыртқалылардың басқа қаласында интеллектінің нервтік корреляттарын іздеуде қандай да бір қате түсініктің туындағанына жол бере алмайды».
Ұзақ уақыт бойы жануарлар интеллектісі әдетте адам интеллектісінің көрсеткіші болып есептелінетін критерийлер бойынша бағаланады (есті бағалау, арифметикалық және логикалық мүмкіндіктер, тілге және түсінік қалыптастыруға қабілеттілік).
Алғаш рет жануарлардың интеллектуалды қабілеттіліктерін өлшеуге арналған тестті 1949 жылы Гарри Харлоу қалыптастырды. Тест жануардың қандай да бір ережелерді сақтау және сәйкес қорытындылар жасау қабілеттілігін анықтайды. Мысалы, қарапайым көру дискриминациясына берілетін тапсырманың орнына, Харлоу оларға шешімін табу үшін бір ғана ережені ұстану қажет болатын бірқатар тесттерді біртіндеп ұсынып отырды. Ол ереже мынандай: әрбір жағдайдағы тамақтық марапаттау оның орналасқан орнына тәуелсіз үнемі бір ғана заттың астында болады. Егер бұндай бір типтік тапсырмалардың біртінділігін
Анықталды. Манипуляциялық қызметтердің ең алдымен аяқтардың ұстау қабілеттіліктері қиналады. Алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің бір бөлігі бұнда ауыз аппаратына ауысады. Мысалы, ұстау қызметтері аюларда , жанаттарды және басқа да сүтқоретілерде жойылған. Жалғыз ерекшеліті приматтар құрайды. Приматтардың локомациясы бұтақтарды ұстау жолымен өрмелеп шығудан тұрады.
Қозғалудың бұндай тәсілі саусақтардың қозғалмалылығының күшеюімен және бірінші саусақты қалғандарына қарама қарсы қоюды сақтаумен бірге жүреді, бұл манипуляциялауға қойылатын талаптармен үйлесімді сәйкес келеді. Сондықтан маймылдарда алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметті антагонистикалық қатынастарда болмайды бір бірімен үйлесімді сәйкестендіреді.
Қозғалыс қызметінің өзгеруімен бір мезгілде сенсорлық қызметтер де, әсіресе қолдың терілік бұлшықеттеінің сезімталдығы дамыды. Бұл жерде өте маңызды сәт тактильдік кинестетикалық сезімталдықтың көрумен өзара әрекеттестігі болып табылады. И.М.Сеченов осы өзара әрекеттестіктің адамның психикалық іс әрекетінің қалыптасу факторы ретіндегі үлкен мәнін анықтаған. Көрудің қолдың қозғалыстық сезімталдығына «үйренудің » шамасы бойынша қолдардың қозғалыстарының өзі көру арқылы бақыланады, корреляцияланады және басқарылады. Тактильдік кинестикалық оптикалық сезімталдық маймылдарда біртұтас кешендік жүйені құрайды. Жеке жеке бұл компоненттер басқа жануарларда да жеткілікті жақсы дамыған.
Бірақ адам тәріздес маймылдарда төменгілерге қарағанда синтетикалық (коструктивті) әрекеттер күштірек көрінеді.
Коструктивті іс әрекеттен басқа Н.Н.Ладыгина Котс осы жануарлардағы бейімделу,тексеру, өңдей қозғалыстық ойындық қызметтерді бөлді. Тамақтық емес объектілерге қатысты көбінесе танысу, өңдеу (тырнау,кеміру) және консируктивті іс әрекет шығады. Аз дәрежеде құралдық іс әрекет пайда болады. Құралық іс әрекет лабараториялық жағдайларда табиғи жағдайларға қарағанда көбірек көрінеді.
Қазылып алынған антропойдтарда адамның ата бабаларында құралдарды пайдалану қазіргі кездегі адам тәріздес маймылдарға қарағанда мәнді жақсы дамыған болуы мүмкін. Фабри заттық, құралдық іс әрекет кейде биологиялық заңдылықтардың шегінен шыға алмай қалады және еңбек іс әрекетіне «өседі» деген қорытындыға келеді. Егер жүріс тұрыстағы түбегейлі өзгерістер басталмағанда, тіпті қазылып алынған адам тәріздес маймылдардағы манипуляцияның жоғарғы көрінулері биологиялық бейімделудің формалры ретіндегіден артық емес болып мәңгілікке қалар еді. Ол түбегейлі өзгерістердің аналогиясын К.Э.Фабри әйгілі экстрималды жағдайларда қазыргі кездегі маймылдарда кездестірген болатын. Бұл құбылысты ол «компенсаторлық манипуляциялау » деп атады. Лабараториялық жағдайда манипуляциялық белсенділіктің түбегейлі қайта құрылуы өтеді «бытыраңқы» манипуляциялық іс әрекет олардың меншігіндегі аз заттарда концентрацияланады. Нәтежиесінде олар интенсивтілігі барынша әртүрлі ,ұзақ мерзімдік аз заттармен манипуляция жасайды, бұл біршама күрделі манипуляциялық қозғалыстардың пайда болуына алып келеді. Сонымен, әртүрлі заттармен манипуляция жасаудың табиғи қажеттілігі бірлескен ортада манипуляциялаудың сапалық жаңа формасы «копенсаторлық манипуляциялаумен» компенсацияланады. Заттармен тек осындай тереңдетілген әрекеттер ғана еңбек іс әрекетініңБір отбасылық жұптың мүшелері үнемі қабыршақтарды ашудың тек бір ғана әдісін қолданады. Ешқашанда бір құс қабыршақты ашудың екі тәсілін де қолданбайды. Осыны дәлелдеу үшін Нортон Гриффитс қиылыспалы тәрбиелеумен эксперимент жасады. Ол түрлі ұялардағы құрылыстардың орнын ауыстырды, одан кейін балапандар оларды тәрбиелейтін ата-аналардан қабыршақтарды ашудың тәсіліне үйренетіндігін бақылады.
Үйренуге деген кейбір икемділіктер жүріс тұрыс үшін мәнді болып табылғанымен ол үлкен интеллектіні талап етпейді. Мысалы, дәстүрлерді ұстанатын адамдар көбінесе өзінің жүріс тұрысынан рационалды түрде түсіндіре алмайды. Сонымен, еліктеу жоғарғы интеллектінің қажетті белгісі болып табылмайды деп айтуға болады.
Интеллектінің биологиялық шектеулілігі. Н. Н. Ладыгина – Кодстың пікірі бойынша адам тәріздес маймылдардың елестерінің көру бейнелері адамдыкіне қарағанда біршама мәнді, әлсіз болып табылады және үнемі қоршаған жағдайдың компонеттерімен байланысты, яғни елестердің жағдайлық байланыстылығы бақыланады.
Шимпанзе жалпақ тақтайшаны тар түтікшеге кіргізуге бірнеше рет талпыныс жасап, көбінесе «ыңғайсыз» қателер жібереді. Мысалы, шимпанзе жемді алу үшін ілгекті адекватты пайдалана алмайды (тар цилиндрде жіппен шығарады), сонымен бірге, иілген бөлігін кедергі жасап тұрған элемент ретінде сындырып алып тастайды. Осында олардың ойлауының шектеулілігі көрінеді.
Н. Н. Ладыгина-Котс былай деп жазды: «Шимпанзе жаңа жағдайда бірден мәнді ерекшеліктерді тауып алуға және заттар арасындағы тікелей қабылданатын қатынастарды саралаудың негізінде жаңа байланыстарды қалыптастыруға қабілетті емес». Бұны Э. Г. Вацуроның «тексеру жолын» пайдаланып жүргізген тәжірибесі де дәлелдеді, онда шимпанзе шекті алып тастағаннан кейін де жемді алу үшін тексеру жолын пайдалануын жалғастыра береді.
Тіпті интеллектінің ең күрделі көрінулерінің өзі жаңа жағдайларда көбінесе тамақ табу жүріс-тұрысының ерекшеліктерімен байланысты филогенетикалық қалыптасқан әрекет тәсілін пайдалану болып табылады. Бүкіл психикалық іс-әрекеттің бұл биологиялық шарттылығы олардың интеллектуалды қабілеттіктерінің шектелгенділігінің, бір ғана елестердің арасындағы ойлау байланыстарын қалыптастыруға қабілетсіздігінің себебі болып табылады, бұл өз әрекеттерінің нәтижелерін, шын мәніндегі сеебеп-салдарлық байланыстарды түсінуге қабілетсіздікке алып келеді. Интеллект мәселесі әлі жеткілікті зерттелмеген, интеллектінің тек приматтарға ғана тән болуы күмән туғызады.