
ББК 88. 2
Б 12
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
биология факультетінің Ғылыми кеңесі және
Редакциялық-баспа кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Биология ғылымдарының кандидаты, доцент Н. К. Сатыбалдина;
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент З. Б. Мадалиева
Байшукурова А. Қ.
Б 12 Зоопсихология. Дәрістер курсы. – Алматы: Қазақ университеті 2007.- 66 б.
ISBN 9965-29-020-2
Дәрістер курсы университеттердегі психология факультеттері мен бөлімдерінің студенттеріне арналған «Зоопсихология мен Зоопсихология және салыстырмалы психология бойыншаоқу құралы болып табылады.
Оған енгізілген тақырыптар бакалаврға арналған зоопсихология пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес таңдалып алынған.
Зоопсихология психологияны оқушы студенттер үшін базалық пән болып табылады. Бүгінгі таңға дейін түсіну өте қиын болатын, үлкен фактілік материалдар жинақталған.
Бұл оқу құралында жануарлардың үйрену жолы мен индивидуалды тәжірибелерін қалыптастыру заңдылықтарының мазмұны ерекше орын алады. Сондай-ақ инстинкт және үйрену мәселелері де қарастырылады.
Дәрістер курсы автордың бірқатар жылдар барысындағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі зоопсихология мен зоопсихология және салыстырмалы психология бойынша дәрістер курстарын оқудағы тәжірибесінің негізінде жазылған. Сонымен бірге, әі күнге дейін қазақ тілінде зоопсихологиядан оқулықтар мен басқа да оқу-әдістемелік әдебиеттер болмаған.
Б
ББК 88. 2
ISBN 9965-29-020-2 © Байшукурова А. Қ., 2007
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2007
КІРІСПЕ
1-тақырып. Зоопсихология ғылымының даму тарихы
Жануарлардың психикасы адамдардың қоршаған ортаны тани бастаған сәтінен бастап оларды қызықтырады.Антикалық ойшылдарды әсіресе,жануарлар психикасының адам психикасына қатынасы мәселесі қатты қызықтырған. Ғылыми зоопсихологияның және салыстырмалы психологияның пайда болуы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басына тән. Ол сол кезеңдегі ірі биологтар – Ж.Л. Леклерк-Бюффонның және Ж.Б.Ламарктың зерттеулерімен байланысты.
Зоопсихологияның дамуына олан кейін Ч.Дарвиннің жұмыстары үлкен әсер етті.Ч.Дарвин жануарлар мен адамдардың психикалық үрдістерінің пайда болу жалпылығын дәлелдеді,бірақ салыстырмалы психология дамуының бастапқы кезеңінде адам мен жануардың психикасының сапалық айырмашылығы көзден таса болды. «Антропоморфизм» бағыты пайда болды,ол – адаммен аналогиялық түрде алғандағы жануарлардың психикалық үрдістері туралы пайымдаулар.
Психиканың пайда болу және даму мәселесін әйгілі ресейлік психолог А. Н. Леонтьев қарастырды. Бейненің психикалық формасы өсімдіктерге тән тітіркенгіштіктен эволюция үрдісі барысында пайда болды. Леонтьевтің айтуы бойынша бойынша, тітіркенгіштіктің дамуы тек сандық жаңа формасы – сезімталдық, яғни – түйсінуге қабілеттілік пайда болады. Отандық зоопсихологияның негізін салушы В. А. Вагнер болып табылады. Ол адам мен жануарлардың психикасында жалпы элементтердің болатындығын жоққа шығарған жоқ, бірақ олардың арасындағы сапалық айырмашылықтарды жуып-шаятын антропоморфизмге, сонымен қатар психиканың эволюциясын қарапайымнан адамға дейін тек сандық өзгерулердің шынжыры ретінде қарастыратын жазық эволюционизмге де қарсы шықты. Басқа бағыттар (психо-физикалық параллелизм) психикалық үрдістердің олардың материалды негізінен толық алшақтығына суйеніп жасалды.
2-тақырып. Зоопсихологияның пәні мен әдістері
Зоопсихология – жануарлық деңгейдегі психикалық бейнеленудің көрінулері, заңдылықтары мен эволюциясы туралы, жануарлардағы психикалық үрдістердің онто- және филогенездегі пайда болуы мен дамуы жайы және адам санасының алғы-шарттары мен алғашқы тарихы туралы ғылым. Психика эволюция үрдісінде екі деңгейден өтті: Төменгі және жоғарғы. Төменгі деңгей психикалық бейнеленудің басталуымен байланысты, ал жоғарғысы адам психикасының көрінуіамен байланысты. Жануарлардың психикасын олардың жүріс-тұрысынан бөліп қарастыруға болмайды, бірақ жануарлардың жүріс-тұрысын этология зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында айырмашылықтары бар. Этологтар жүріс-тұрысты жалпы биологиялық көзқарас тұрғысынан зерттейді. Жүріс-тұрыс оларды индивидуалды даму барысындағы және эволюция үрдісіндегі ортаның жағдайларына бейімделу факторы ретінде қызықтырады. Олар көбінесе тіршілік етудің табиғи жағдайларындағы жануарлардың инстинкттивті жүріс-тұрысын зерттейді және олар «жүріс-тұрыс биологиясы» теориясын қалыптастырған. Зоопсихология жүріс-тұрыстың психикалық аспектілерін көбінесе лабораториялық жағдайларда зерттейді. Сонда да, бұндай бөліну шартты болып табылады және бұл екі бағыт тығыз байаныстардың арқасында дамиды.
Зоопсихологиялық зерттеулер үшін қазіргі кездегі техникалар кеңінен пайдаланылатын түрлі әдістер қолданылады. Бұл, бірінші кезекте, табиғи жағдайлардағы жануарлардың жүріс-тұрысын бақылау үшін аудио- және видео жазба құрылғыларды , электронды чиптер мен компьютерлік техникаларды пайдалану. Сонымен қатар, мынадай зоопсихологияның дәстүрлік әдістері пайдаланылады: 1) жануардың ақыл-ойлық мүмкіндіктерін зерттеуге арналған «лабиринт» әдісі; 2) «айналма жол» әдісі; 3) дифференциацияланған жаттықтыру әдісі жануарлардың объектілердің белгілерін ажыратуға қабілеттілігін анықтауға бағытталған; 4) жануардың интеллектуалды жүріс-тұрысын зерттеуге арналған «мәселелік тор» әдісі; 5) жануардың ашық кеңістіктегі бейімделуін зерттеуге арналған «ашық алаң әдісі Жалпы психолгоияның түбегейлі мәселелерін шешу үшін, адамның психикалық іс-әрекетінің, оның санасының пайда болу және даму заңдылықтарының биологиялық тамырларын анықтау үшін зоопсихологияның мәнін қайта бағалау қиын болып табылады. Зоопсихологияның мәліметтері, сонымен қатар балалар психикасы да.муының биологиялық негіздерін анықтауға көмектеседі. Жануарлар онтогенезін зерттеу барысында табылған «сыни көздердің», ортаның түрлі факторларына жоғары сезімталдық кезеңдерінің болуы баланы тәрбиелеуде ескеріледі. Баллардың жануарлармен қарым-қатынас жасауында үлкен тәрбиелік және танымдық мән бар. Соңғы ғылыми мәліметтер бойынша балалардың жануарлармен (дельфиндермен, иттермен және т.б.) қарым-қатынасы бірнеше психикалық ауытқулар мен ауруларда терапиялық та мәнге ие болады.
Жануарлар, сонымен қатар адамдардың психикалық іс-әрекеттерінің бұзылуларын зерттеу үшін модельдер ретінде де қызмет атқара алады.
1-бөлім
ПСИХИКА ЭВАЛЮЦИЯСЫ
Элементарлы сенсорлық психика
3-тақырып.Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі денгейі
Элементарлы сенсорлық психика дамуының төменгі денгейіне бірклеткалы жануарлар – қарапайымдылар жатады. Инфузория сияқты қарапайымдылардың кейбір түрлері дамудың біршама жоғарғы деңгейінде болғанмен,керісінше,бірклеткалы жануарлар сияқты дамудың сол деңгейінде тұрған төменгі көпклеткалы жануарлардың түрлері де болады .
Қарапайымдылардың қозғалыстары үлкен саналуандылығымен ерекшеленеді.Дененің кеңістіктегі орын ауыстыруы локомация деп атайды.Қарапайымдыларда локамация кинездер түрінде іске асады.Кинездердің екі түрі бар:ортокинез - ауыспалы жылдамдықпен келу қозғалысы және клинокинез – қозғалыстың бағытын өзгертумен кеңістіктегі орын ауыстыру.Қарапайымдыларға жануарлардың басқа түрлерінде жоқ локомацияның тәсілдері тән. Оларға “амебалық” , “реактивті” қозғалыстар жатады, кейбір түрлер қыл тәрізді аяқтардың немесе талшықтардың – плазматикалық өсінділердің көмегімен орын ауыстырады. Қысқартқыш бірлік миофибриллалардан – көпклеткалы жануарлардың бұлшықеттерінің аналогиясы – мионемалар құралатын болып табылады. Сонымен, кинездер ортаның биологиялық мәнде факторларының интенсивтілігі градиенттерінің тікелей әсер етуінен болатын біршама примитивті инстинктивті қозғалыстар болып табылады. Бұл ортаның жағымсыз жағдайларынан қашуға мүмкіндік береді. Бірақ бұл қабілеттіліктер ортаға негізгі бейімделу үшін жеткіліксіз. Тітіркендіргіштің бастауы бойынша біршама адекватты бейімделу үшін клинокинетикалық және ортокинетикалық қозғалыстар қосымша түзетулерді қажет етеді. Және осындай бейімделу элементтерімен қарапайымдыларда қарапайым таксистер бар болып табылады. Ортокинездерде кеңістікте ориентация жасау компоненті – сыртқы тітіркендірудің градиентіндегі орын ауыстыру жылдамдығының өзгеруінде көрінетін ортотаксис болып табылады. Клинокинездерде кеңістікте ориентация жасау компаненті – клинотаксистер болып табылады, олар қозғалыстың бағыты өзгергенде , сондай – ақ тітіркендіргіштің әсер етуіне көрінеді.Осылайша, таксистер деп қолайлы (жағымды таксистер) жаққа немесе ортаның қолайсыз жағдайларының жағына (жағымсыз таксистер) кеңістікте ориентация жасаудың тектік фиксацияланған механизмдерін айтамыз. Мысалы, жағымсыз ортотермотаксистер ортаның қолайсыз термикалық жағдайларынан түзу сызықты бөлінуде көрінеді. Қарапайымдыларда термо- , хемо- , гальвано- , фото- , тигмо- ,гео- , және басқа да таксистер кездеседі.
Ортаның өзіне тән жағымсыз компоненттері дистантты түрде танылады ; биологиялық “ нейтралды” белгілері, әдетте, сигналдық белгілер сияқты алшақтықта қабылданбайды. Тұтасымен алғанда оларға жағымды тітіркендіргіштерді іздегеннен гөрі, қолайсыз әсерлерден қашу тән болып келеді.
Қарапайымдыларда тіпті фобиялық реакцияларды да бақылауға болады. Мысалы, инфузория көбінше қолайсыз жағдайларға кез болғанда бірден тоқтайды және шабуылға дайындалып, “қорғаныс жағдайын” қабылдайды.
Қарапайымдылардың ең элементарлы формадағы үйренуге қабілеттілігі – әдеттенуге қабілеттілігі дәлелденді. Неміс ғалымы Ф. Брамштедтің экспериментінде бірнеше уақыт бойы үшбұрышты ыдыста ұстаған парамециялар оларды шеңбер ыдысқа ауыстырғанда да үшбұрышты траекторияны сақтап қалған. Әдеттенуді бейімделуден ажырата білу қажет . Әдеттену реакциялары жойылған кезде көрінеді. Мысалы, Н.А. Тушмалованың эксперименттерінде инфузориялар вибрацияға түскен. Бірнеше уақыт өткеннен кейін осындай үнемі әсер етуде олар оған әсерленуін тоқтатты. Бейімделу, керісінше, жаңа реакциялардың пайда болуымен сипатталады. Бұны өте жарық бөлмеден қараңғы бөлмеге келгенде байқауға болады. Басында көздер қараңғы бөлмедегі заттарды ажырата алмайды, бірақ қысқа уақыт аралығы өткенде көре бастайды. Шартты рефлекстің пайда болуы үйренудің біршама жоғарғы деңгейіне – биологиялық мәнді және “нейтралды” тітіркендіргіштердің арасындағы уақыттық байланыстың қалыптасуымен сипатталатын ассоциативті үйренуге жатады. 140 – 160 сәйкестіктен кейін кейбір инфузорияларда (стенторлар мен сувойктар)жарықтық тітіркендіргішке қысқартылған жауап реакцияларын қалыптастыруға мүмкіндік туды, бірақ қарапайымдыларда ассоциативті үйренудің болатындығы туралы сұрақ ашық күйінде қала береді. Ең жоқ дегенде ол оларда бастапқы түрінде болады.
Бірақ сонда да, примитивті болса да қарапайымдалардың жүріс – тұрыстары микроәлемнің өзінше ерекше жағдайларында өмір сүруге жеткілікті иілгіш болып келеді.Микро әлем ортасы макро әлем ортасына қарағанда азырақ тұрақты, бірақ біршама кедейленген болып табылады. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өмір сүруінің қысқалығы (үнемі болып отыратын клеткалардың бөлінуі) индивидуалды тәжірибені жинақтаудың біршама күрделі формаларының даму мүмкіндігін жоққа шығарады.
Қарапайымдылар типіне жататындардың жоғарғы өкілдері көптеген қатынастарда төменгі көпклеткалы омыртқасыз жануарлармен қатар дамиды. Және оларда элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейіндегі көпклеткалы омыртқасыздардың (ішекқуыстылар, төменгі құрттар) кейбір формаларына қарағанда тіпті біршама күрделі жүріс – тұрыстар бақыланады. Осы жерде көрнекті тұрғыда мынадай жалпы заңдылық көрінеді: психологиялық классификация зоологиялық классификациямен толығымен сәйкес келе бермейді. Бұл жерде басқа заңдылық көрінеді: психикалық дамудың біршама жоғарғы деңгейінің элеметтері үнемі алдыңғы, біршама төменгі деңгейдің қойнауында туындайды.
4 – тақырып. Элементарлы сенсорлық психика дамуының жоғарғы деңгейі.
Бұл деңгейге төменгі көпклеткалы омыртқасыздар – тікентерілер(иглокожие) мен жоғарғы құрттар (сақиналылар) жатады. Сақиналы құрттарға теңіздің көптікенді құрттары, жауын құрты мен сүліктер жатады. Көпклеткалы жануарларда алғаш рет әртүлі ұлпалар мен мүшелерге біріктірілген, түрлі қызметтер атқаратын арнайы клеткалар пайда болады. Алғаш рет примитивті нервтік жүйе – жеке мүшелердің, жүйелер мен организмдердің іс-әрекетінің тұтастай координаторы пайда болады. Төменгі көпклеткалы организмдерде нервтік жүйенің түрлі формалары бар, олар: торшалық(гидралар);шеңберлік(медузалар);радиальды(теңіз жұлдызшалары); билатеральды (жалпақ құрттар) және “нервтік баспалдақ” (сақиналы құрттар) түрінде кездеседі. Бұл деңгейде сонымен қатар бас (цефализация үрдісі) және бас миы пайда болады – яғни нервтік элементтердің жинақталуы өтеді.
Қозғалыстары.Сақиналы құрттар негізінен теңіздерде және тұщы су суаттарында өмір сүреді, бірақ олардың кейбіреулері, жауын құрты сияқтылар топырақта өмір сүреді. Көпдеген түрлерге конструктивті іс-әрекетке қабілеттілік тән дәне олар өздері жасаған, түтікшелерде – өздігінше “үйшіктерде” өмір сүреді, үнемі сол жерден жем табу үшін “шабуылға” шығады. Құрылыс материалы ретінде ерекше бездерден бөлінген сөлдермен бекітілетін құмдар мен басқа да ұсақ бөлшектер болуы мүмкін.
Жабайы түрлер (көптікенділер) басқа құрттарға, моллюскаларға, шаянтәрізділерге және тіпті салыстырмалы түрде ірі жануарларға да шабуыл жасай алады. Кейбір түрлердің рационын балдырлар немесе түптік үстіңгі жағындағы органикалық қалдықтары құрайды. Сүліктер жақсы жүзеді, жорғалайды, жұмсақ жерлерде жол қазады, кейбіреулері құрлықта жүре алады және өз жемдерін – сүтқоректілерді және адамдарды құрлықтан табады. Сүліктердің қозғалыстарында олардың сорғыштары үлкен рөл атқарады. Алғаш рет өсінділер түріндегі жұп аяқ-қолдар – параподиялар пайда болады, олардан тактильдік және химиялық сезімталдықтың қармалауыштық мүшелері шығады. Ауыз қуысында жақтар пайда болады.
Сезім мүшелері және сенсорлық қабілеттіліктер. Осы деңгейдегі омыртқасыздарда сезім мүшелері әлі әлсіз дифференциацияланған, сондықтан сипап сезудің, химиялық сезімталдықтың және т.б. арнайы мүшелерін бөлу қиын болып табылады. Бұл жерде алғашқы сезім мүшелерінің плюромодалдылығы туралы, яғни жалпы, барлық тірі материяға тән сезімталдық жайлы айтылуда. Бірақ специализациясы энергияның жеке түрлері бойынша эвалюция үрдісінде энергияның бір арнайы түріне специализацияланған унимодальды рецепторлық құрылғылардың пайда болуына алып келе алатын жоғарғы деңгейде болады. Сонымен термо-, хемо-, механо-, фото-, және басқа да рецепторлар пайда болады.
Бұл болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың барлық сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен – біршама аз дифференциацияланған рецепторлардан дамиды. Ішекқуыстылардың өзінде бұл мүшелер иіс сезу қызметін де атқарады. Бұнда алғашқы плюромодальдықтың қалдықтарын байқау қиын емес. Көз сияқты күрделі сезім мүшелерінің өзі эволюция үрдісінде төменгі қатардағы сезім мүшелерінен – сипап сезу мүшелерінен – “сенсиллдерден” пайда бола алады. Әйгілі отандық зоолог, омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы бойынша маман В.А. Догель айтқандай, басқа жағдайларда кері құбылыста жиі орын алады, онда – омыртқасыздардың қандай да бір рецепторлары жоғарлап кетеді және кейін бірнеше уақыт өткеннен кейін бірнеше өзгерген формада қайтадан пайда болады. Гидра мен жауын құрты жарықты денесінің бүкіл үстіңгі қабатымен қабылдайды. Көру мүшесінің эволюциясын медузалардың әртүрлі формаларының мысалында жақсы зерттеуге болады. Кейбір формаларда көздік дақ түріндегі жарықтық сезімталдық мүшесі болады, ол – жылтыр эпителилік қыртыстың астындағы көру және пигменттік клеткалардың жинақталуы. Басқаларда көздік дақ көздік шұңқыр қалыптастыра отырып, көру клеткаларын зақымданудан жақсырақ қорғау үшін тереңдікке кетеді. Және жоғарғы дифференциацияланған көру мүшесі аналогы – хрустальды көздік көпіршік пайда болады. Бірақ көру әлі де болса фотоскопиялық болып қала береді, заттық қабылдауға қабілеттілік жоқ болып табылады.
Сезім мүшелерінің симетриялық орналасуының арқасында примитивті таксистермен қатар жоғарғы таксистердің де бірнеше формалары бар. Неміс ғалымы А. Кюн мынадай түрлерден тұратын жоғарғы таксистердің классификациясын өткізді; 1 – тропотаксистер – симметриялық орналасқан рецепторлардағы қозудың интенсивтілігін теңдестірудің нәтижесінде қалыптасқан, бірдей әрекет ететін қозғалыс; 2 – телотаксистер – тітіркендіргіштің бір бастауын тандап және соған қарайғы бағытта қозғалу ; 3 – менотаксистер – симметриялық емес тітіркендіруде симметриялық орналасқан рецепторларда бұрышта тітіркендіргіштің бастауына қарай қозғалыс жасалады; 4 – мнемотаксистер – бейімделулерді индивидуалды есте сақтау, ол тек есі дамыған жоғарғы жануарларда ғана кездеседі.
Жүріс – тұрыстың иілімділігі. Көптікенді сақиналы құрттарда отбасылық жүріс – тұрыстың, агрессивтіліктің және қарым – қатынас элементтерінің бастамалары кездеседі. Бірақ негізгі агрессивтілік пен отбасылық жүріс – тұрыс қозғалыстар сигналдық мәнге ие болған кездегі ритуализациясымен сипатталады. Үйрену әдеттену деңгейінде. Ассоциативті үйренудің нәтижелері ұзақ сақталмайды.
Тұтасымен алғанда сақиналық құрттардың жүріс – тұрысы элементарлы сенсорлық психика стадиясына сәйкес келеді, себебі ол тек, Леонтьев бойынша, сигналдардың тіршілік етуге өмірлік маңызды негізгі биологиялық қызметтерінің пайда болғандығы туралы хабарлап отыратын қоршаған ортаның жеке қасиеттеріне ғана бейімделген. Бұл бейімделу тек бір ғана түйсіктердің негізінде іске асады. Заттық қабылдау әлі де бар, бірақ кейбір жерде жүретін жабайы моллюскаларда және полихеттерде осы қабілеттіліктің бастамалары байқалады.
Бұл деңгейдегі жануарларда әлі де болса қолайсыз сыртқы жағдайлардан қашу басым болады, бірақ сонда да жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу жүріс – тұрыс мәнді орын алады. Олардың өмірінде сондай-ақ кинездер мен элементарлы таксистер үлкен рөл атқарады, бірақ сонымен қатар инстинктивті жүріс-тұрыстың күрделі формаларының бастамалары да кездеседі. Алғаш рет кеңістіктегі мәнді біршама дәл және үнемді бейімделуді қамтамасыз ететін жоғарғы таксистер пайда болады.