Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мәтін синтаксисі ФҚТ 41 силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
158.16 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі

ШЖҚ РМК «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»

Қазақ тіл білімі кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

___________________

___________________

(қолы)

_________________ 2014г.

СИЛЛАБУС

(оқу жұмыс бағдарламасы)

Күрделі синтаксистік бірліктер

MS 4121 Мәтін синтаксисі

5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығына арналған

__________________________________________________________________________

Астана

2014

Силлабус

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ахметова Маржан Кәкімқызы. Ғылыми қызығушылығы – мәтін синтаксисі, мәтін лингвостилистикасы, мәтінді филологиялық талдау, тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Байланыс ақпарат: тел.: 709-500 ішкі 32-208 (жұмыс).

  1. Пән туралы мағлұмат

Пән коды мен атауы MS 4121 Мәтін синтаксисі

Кредит саны 1

  1. Оқу жоспары бойынша сағаттың бөлінуі

Оқу түрі

Сағаттардың жалпы саны

Күзгі семестр

Көктемгі семестр

аптасына

барлығы

аптасына

барлығы

Лекциялар

15

1

15

Практикалық сабақтар

Семинар сабақтар

-

-

-

Лабораторлық сабақтар

-

-

-

Студиялық сабақтар

-

-

-

СӨЖ

30

2

30

  1. Оқу пәнінің пререквезиттері мен постреквизиттері

Оқу пәнінің пререквизиттері:

Нормативті қазақ тілі.

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.

Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.

Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

Постреквизиттері:

Қазақ тілінің стилистикасы

Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.

Сөйлеу мәдениеті.

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Функционалдық-коммуникативтік синтаксистің дамуы нәтижесінде мәтін синтаксисі саласы қалыптасып, оқу пәні ретінде ЖОО-ларда оқытылып келеді. Ойлау мен сөйлеу әрекетінің нәтижесінде тілдік бірліктердің қолданысқа түсіп, бір мақсатқа бағытталған сөйлемдердің тізбегінен тұратын мәтіннің логика-семантикалық және лексика-грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ұйымдасуын меңгертуде, ойды жүйелі, бір-бірімен тығыз байланысқан сөйлемдердің тізбегінен тұратын күрделі қатысым бірлігі екендігін түсіндіріп, аяқталған ойды білдіруде сөйлемнен де ірі құрылымдардың қолданылатындығын жан-жақты талдап игертуде маңызды пән болып саналады. Курс соңында студент мәтін синтаксисі саласымен жан-жақты танысып, қазақ, шетел лингвистикасындағы ғалымдардың еңбектерімен, көзқарас-пікірлерімен танысып, осы сала бойынша теориялық және бекітуге арналған тапсырмаларды орындай отырып практикалық та білік-дағдыларды меңгереді.

5.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты:

Бұл пәннің мақсаты – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін синтаксисі саласынан түсінік беру, оның өзіндік басты белгілерінен, күрделі синтаксистік бірліктер құрамындағы сөйлемдердің байласымын жүзеге асыратын лексика-грамматикалық, логика-семантикалық амал-тәсілдерді, мәтіннің композициялық-сөйлеу формаларын, олардың композиялық құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту.

Пәнді оқыту міндеттері:

1. Мәті беру синтаксисі пәнінің зерттеу нысаны, оның мақсат-міндеттері туралы түсінік беру;

2. Мәтін синтаксисі саласындағы отандық, шетелдік зерттеулермен таныстыру,

2. Мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру; белгілерін айқындай алуға дағдыландыру;

2. Мәтіннің тұлға-бірлігі – күрделі синтаксистік бірлікті және абзацты ажырата алуға үйрету;

3. Мәтінді құраушы бірліктердің байланысу амал-тәсілдерін игерту;

4. Мәтін түрлері, баяндау қабаттары туралы білік-дағдыларды қалыптастыру.

5. Мәтіннің актуалды мүшеленуі туралы мағлұмат беру.