
- •5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығына арналған
- •2. Пән туралы мағлұмат
- •Оқу жоспары бойынша сағаттың бөлінуі
- •Оқу пәнінің пререквезиттері мен постреквизиттері
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты:
- •5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі:
- •5.3 Оқу пәнін оқытудың жоспары.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Оқу нәтижесін бақылау және бағалау
- •Оқу пәнінің саясаты
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
ШЖҚ РМК «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»
Қазақ тіл білімі кафедрасы
БЕКІТЕМІН
Кафедра меңгерушісі
___________________
___________________
(қолы)
_________________ 2014г.
СИЛЛАБУС
(оқу жұмыс бағдарламасы)
Күрделі синтаксистік бірліктер
KSB 4120 Күрделі синтаксистік бірліктер
5В020500 – Филология: қазақ филологиясы мамандығына арналған
__________________________________________________________________________
Астана
2014
Силлабус
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ахметова Маржан Кәкімқызы. Ғылыми қызығушылығы – мәтін синтаксисі, мәтін лингвостилистикасы, мәтінді филологиялық талдау, тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Байланыс ақпарат: тел.: 709-500 ішкі 32-208 (жұмыс).
2. Пән туралы мағлұмат
Пән коды мен атауы KSB 4120 Күрделі синтаксистік бірліктер
Кредит саны 2
Оқу жоспары бойынша сағаттың бөлінуі
Оқу түрі |
Сағаттардың жалпы саны |
Күзгі семестр |
Көктемгі семестр |
||
аптасына |
барлығы |
аптасына |
барлығы |
||
Лекциялар |
15 |
1 |
15 |
|
|
Практикалық сабақтар |
- |
- |
- |
|
|
Семинар сабақтар |
15 |
1 |
15 |
|
|
Лабораторлық сабақтар |
- |
- |
- |
|
|
Студиялық сабақтар |
- |
- |
- |
|
|
СӨЖ |
60 |
4 |
60 |
|
|
Оқу пәнінің пререквезиттері мен постреквизиттері
Оқу пәнінің пререквизиттері:
Нормативті қазақ тілі.
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы.
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы.
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Постреквизиттері:
Қазақ тілінің стилистикасы
Көркем мәтінді лингвистикалық талдау.
Сөйлеу мәдениеті.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы
Пәннің оқу үдерісіндегі орны: Бұл пән күрделі синтаксистік бірліктердің тұтасымға ұйымдасуын үйрету арқылы бүтін мен бөлшектің, бөлшек пен бүтіннің арасындағы диалектикалық қатынасты ұғындыруға мүмкіндік береді. Ойлау мен сөйлеу әрекетінің нәтижесінде тілдік бірліктердің қолданысқа түсіп, бір мақсатқа бағытталған сөйлемдердің тізбегінен тұратын мәтіннің логика-семантикалық және лексика-грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ұйымдасуын меңгертуде, ойды жүйелі, бір-бірімен тығыз байланысқан сөйлемдердің тізбегінен тұратын күрделі қатысым бірлігі екендігін түсіндіріп, аяқталған ойды білдіруде сөйлемнен де ірі құрылымдардың қолданылатындығын жан-жақты талдап игертуде маңызды пән болып саналады.
5.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты:
Бұл пәннің мақсаты – күрделі синтаксистік бірліктердің мағыналық, құрылымдық жақтарын зерттеумен айналысатын мәтін синтаксисі саласынан түсінік беру, оның өзіндік басты белгілерінен, күрделі синтаксистік бірліктер құрамындағы сөйлемдердің байласымын жүзеге асыратын лексика-грамматикалық, логика-семантикалық амал-тәсілдерді, күрделі синтаксистік бірліктердің композиялық құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. Мәтін және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру; белгілерін айқындай алуға дағдыландыру;
2. Мәтіннің тұлға-бірлігі – күрделі синтаксистік бірлікті және абзацты ажырата алуға үйрету;
3. Күрделі синтаксистік бірліктердің байланысу амал-тәсілдерін игерту;
4. КСБ мазмұны, мәтін түрлері, баяндау қабаттары туралы білік-дағдыларды қалыптастыру;
5. Студенттердің өз ойларын жүйелі де айқын тілмен жеткізе білуге дағдыландыру; сөйлеу мәдениетін арттыру т.б.