Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tezisy_lektsy_MPP(1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150.53 Кб
Скачать
    1. Психологияны оқытудың сөздік әдістері

Сөздік әдістер психологияны оқыту әдістерінің арасында жетекші орын алады. Олардың басты артықшылығы олар қысқа уақыт аралығында үлкен көлемді ақпарат бере алады. Тұрпатты сөздік әдістері әңгіме, түсінік, әңгімелесу, кітаппен жұмыс, пікірсайыс болып табылады. Бұл әдістер ғылыми және анықтамалық әдебиетпен, оқу құралдарымен, оқулықтармен оқушылардың және суденттердің өзінідік жұмыстарында, дәрістерде, семинарларда басымды қолданылады.

Студенттің ауызша немесе жазбаша қабылдауына байланысты сөздік әдістерді жазбаша және ауызша деп бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Оқытушымен дәрістерде, семинарларда қолданылатын ауызша әдістер материалды жақсы жеткізуге мүмкіндік береді:

Сөздік емес құралдарды пайдалану (сөзді ыммен, еппен, қимылмен жеткізу);

Студенттерде оқу материалын түасінгені туралы кері байланысты уақытында алу сөз репликасы, сұрақтардың студенттердің қабылдау және түсіну белсенділігі.

Оқытудың сөздік әдістері монологтық және диалогтық болып бөлінеді.

Монологтық әдіс көбінесе дәрістерде қолданылады. Студенттердің оқытушы монологын қабылдауы нақты қиындықұтар туғызады, әсіресе ол оқу құралының жазбаша мәтінін оқып тұрған жағдайда. Ауызша монологтық сөйлеу өзінің құрылымы бойынша жазбашадан айырмашылығы бар. Оқытушы осы ерекшеліктерді ескеруі қажет. Дәріске дайындалғанда оқу құралынан, кітаптан, мақалалардан сәйкесті материалдарды тек қана көшіріп қана қоймай, сонымен қатар ауызша сөйлеудің стилистикасы мен синтаксисіне оны жақындата отырып өңдеу қажет.

Диалогтық әдіс әдетте топтағы сөз жарысы немесе студент пен оқытушының өзара диалогтық әрекетіне сүйенетін ауызша сөздік оқыту әдісі ретінде қаралады. Алайда оқытудың заманауи ақпараттық технологиялары Интернет және электрондық пошта көмегімен осы әдісті жазбаша оқыту тәсілінде іске асыруға мүмкінідк береді. Диалог, эвристикалық әңгімелесу, топтық сөз жарыс виртауальды оқыту нақтылығы аясында іске асырылады.

    1. Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері

Көрнекілік әдістер мазмұндау тілі сипатталатын оқыту құралдарын пайдалануды білдіреді. Көзбен көру, тыңдау, қол образдары сөздік сипаттаманы толықтырады, оқушылармен оқу материалының жақсы игерілуіне көмек береді.

Көрнекіліктің негізгі үш түрін бөлуге болады: заттық, бейнелік және сөздік.

Заттық көрнекілік — нақты заттардың, құбылыстар мен үдерістердің демонстрациясы. Психологияны оқытуда осы көрнекілік үлгісі құралдар макеті, психологиялық тәжірибелер мен саратамалар айтылғанда қолданылады

Бейнелік көрнекілік — сабақтарда заттарды, құбылыстарды, үдерістерді бейнелеу, сонымен қатар олар туралы тұжырымдамалық білімді бейнелеу. Бейнелеу көрнекілігінің үш түрі бар: көркемдік, нышандық және мәтіндік.

Сөздік көрнекілік — сөйлеу үлгісінде образдарға сипаттама беру. Бұл заттық немесе бейнелеу көрнекілігі сол немесе басқа себептер бойынша қолданылу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады. Бұндай жағдайда оқытушы психологиялық сараптамашының жағдайын көрнекілік түрінде суреттейді, нақты психологиялық құбылыстар мен феномендерді сипаттайтын көркем шығармалардан мысалдар келтіреді.

Көрнекілік әдістер иллюстрация ретінде дәрістерде, мәтін материалы ретінде зертханалық дәне тәжірибелік сабақтарда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]