
- •Оқытудың психологиялық тұжырымы негізінде оқушының белсенді танымдық қызметі
- •Психологияны оқуда оқу тапсырмаларының таксономиясы
- •Психологияны оқытудың сөздік әдістері
- •Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері
- •Психологияны оқытудың тәжірибелік әдістері
- •Бағдарламалы оқыту әдістері
- •Проблемалық оқыту әдістері
- •Интерактивті оқтыу әдістері
- •Модуль 3. Психология бойынша оқу сабақтарының үлгілер және оларды өткізу әдістері дәріс № 6. Психология бойынша сабақ және негізгі сипаттамалары
- •Оқытудың ұйымдастыру үлгісі ретінде сабақ ерекшеліктері
ЖУЛДЫЗ
Проблемалық оқыту тұжырымы (Махмутов) оқытудың негізгі екі қағидасын іске асырады: оқытуда проблема қағидасы және қызмет қағидасы. Оқытудың проблемалық-қызмет тұжырымының мәні оқу сабақтары үдерісінде оқушы алған біліміне сүйене отырып өз бетінше оқу мәселесін анықтайды және оның мағынасын ашады, оны шешудің оңтайлы жолдарын іздеу және негізге сүйену мақсатында тәжірибеге сәйкес әрекет етеді.
Проблемалық оқыту екі мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады:
Бірінші мақсат — оқушыда қажетті білім, дағды жүйесін қалыптастыру.
Екінші мақсат — оқушыларды дамытудың, өз бетімен оқу, өз бетінше білім алуды дамытудың жоғары деңгейіне жету.
Бұл екі тапсырма проблемалық оқытуда үлкен жетістікпен іске асырылуы мүмкін, себебі оқу материалын игеру проблемалық-тану тапсырмалары жүйелерін шешуде оқушылардың белсенді ізденіс қызметі барысында жүргізіледі.
Проблемалық оқытуда мұғалім проблемалық жағдай туғызады, оқушыны оны шешуге, шешімін іздеуді ұйымдастыруға бағыттайды. Сонымен оқушы өзін оқыту бағдарын алады және нәтижесінде онда жаңа білім қалыптасады, ол жаңа әдістерге ие болады. Проблемалық оқытуды басқарудың қиындығы проблемалық жағдайдың туындауы – жеке акт, сондлықтан мұғалімнен лайықты және жеке саралауды пайдалану талап етіледі.
Дамытып оқытудың тұжырымдамалары
Дамытып оқыту дамуға жақын жүргізіледі.
Дамытып оқытудың тұжырымдамалары
Л.В. Занковтың тұжырымдамасы тұлғалықты жалпы ерте психологиялық дамытуға бағытталған.
З.И Калмыкованың тұжырымдамасы шығармашылық ойлау немесе жемісті ойлауды қалыптастыруға бағытталған.
Е.Н. Кабанованың тұжырымдамасы оқу жұмысының тәсілдері деп атайтын ойлау операцияларын қалыптасытруға бағытталған.
Г.А .Цукерман тұжырымдамасы оқушыларды оқу әріптестігі дағдыларына оықтуға бағытталған.
В.В. Давыдовтың – Д.Б .Элькониннің тұжырымдамасы тұжырымдаманы сезіну және ойлауды дамытуға бағытталған.
С.А .Смирновтың тұжырымдамасы әлеуметтік тәжірибені қарқынды жинақтаумен және онда өзіне сенімділікті және психологиялық тыныштықты қалыптастырумен баланың мүмкіндігін дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған.
И.С. Якиманскаяның тұжырымдамасы әрбір баланың жеке танымдық қабілетін дамытуға, өз тұлғалығын тануға, өзін-өзі анықтауға, оқыту үдерісінде өзін-өзі іске асыруға бағытталған.
Г.К.Селевконың тұжырымдамасы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі анықтауға, өзіндік білім алуға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі дамытуға тұлғалықты жетілдіретін доминанттарды қалыптастыруға бағытталған.
И.П. Волковтың, Г.С. Альтшуллердің, И.П. Ивановтың тұжырымдамалары жалпы және ерекше тұлғалықты дамыту саласына бағытталған.
Л.В. Занковтың дамытып оқыту технологиясы:
Дамытуда бастапқы роль оқытуға тиесілі: оқытудың құрылымн өзгерту оқушының психологиялық келбетін өзгертеді.
Оқыту баланың ішкі ерекшеліктері арқылы әрекет етеді, нәтижесінде әрбір бала оқытудың сол және басқа үлгісінің әсерінен өзінің даму деңгейіне жетеді.
Жүйенің дидактикалық сипаттамасы:
Оқыту мақсаты:
Тұлғалықты жалпы психологиялық дамыту;
Жан-жақты үйлесімді даму үшін негіздер құру.
Білім беру мазмұны:
Оқушыға ғылым, әдебиет, өнер құндылықтары негізінде жалпы әлем туралы мағлұмат беретін бастауыштық білімнің бай мазмұны.
Жүйенің дидактикалық қағидалары:
Жоғары деңгейде қиын оқыту;
Бағдарламалық материалды жылдам зерделеу;
Тұжырымдамалық білімнің жетекші рөлі;
Оқушылардың оқу үдерісін сезінуі;
Барлық оқушыларды, соның ішінде күшті және әлсіз оқушыларды жалпы дамыту.
Әдістемелік жүйенің қасиеті
Көпжақтылық;
Тануды жүргізу;
Қайшылықты шешу;
Ұйымдастыру үлгілерін шешу:
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі үлгісі.
Д.Б.Элькониннің-В.В.Давыдовтың дамытып оқыту жүйесі :
Бала өзін-өзі өзгертуге мүмкіндігі мен қажеттіліг бар оқуды өзі өзгерте алатын субъект ретінде қаралады.
Жүйенің дидактикалық сипаттамасы:
Оқыту мақсаты:
Тұжырымдамалық тануды және ойлауды қалыптастыру;
Оқушыны оқушыға айналдыратын жағдайды қамтаасыз ету.
Оқу мазмұны
Оқу мазмұнының негізі пәндегі жалпы іс-әрекет тәсілдерін анықтайтын ғылыми түсініктер жйүесін құрастырады.
Әдістемелік жйүенің қасиеті:
Мақсатқа сай оқу қызметінің тұжырымдамасы;
Білімді проблемалық мазмұндау;
Оқу тапсырмаларының әдістері;
Ұжымдық-тарату қызметі.
Оқытудың психологиялық тұжырымы негізінде оқушының белсенді танымдық қызметі
Белсенді танымдық қызметті қалыптастыру жағдайы.
1. мақсат қоймас бұрын мұғалім оқушының оқуға дайындық жағдайын анықтауы керек. Яғни оқу қызметінің құрылымдылығына тексеру жүргізу. Оқу қызметі тексеру оқытудың бастапқы деңгейінде қажет, оқытушыға оқуды ұйымдастыруда тапсырмалар мен мақсаттарды анықтау үшін қажет. Бұдан басқа оқу қызметінде оқушылардың мүмкіндігін білу оқу қызметін, оны дамытуды басқаруға мүмкіндік береді. Тексеру тек қана мұғалімге ғана емес, сонымен қатар студентке де қажет.
2. тексеру нәтижелері оқу қызметінің тапсырмаларын нақты қоюға және мақсаттарды анықтауға байланысты. Мақсаттар мен тапсырмаларды таңдау оқу қызметінің бір тұтастығын қамтамасыз етеді.
Студентерде оқу қызметін қалыптасытруда бірінші орында оқушылармен оқу мақсатының түсінуі тұрады – біз бұл жерде жұмысқа студенттің дайындығын болдайтын мақсатты білім беру үдерістері туралы айтып отырмыз. Мақсатты білім беру оқу сарынын қалыптастырумен тығыз байланысты. Психологтардың пайымдауы бойынша сарындар бүкіл оқу қызметін сипаттайды, ал мақсаттар – жекелеген оқу әрекеттерін сипаттайды. Сарынсыз мақсаттар оқу қызметін анықтай алмайды. Сарын іс-әрекетке бағыт береді, мақсатты іздеу әрекеттің орындалатынын білдіреді.
3. Оқу қызметін қалыптастырудың негізгі жағдайы сабақ уақытында оқытушы мен оқушының өзара іс-әрекетін құрастыру болып табылады (яғни оқу қызметінің жоспарлау және ұйымдастыру үдерісі). Оқытушының қызметі оқушының даму деңгейін ескерумен студенттің оқу қызметін қалыптасытруға сәйкес құрылады.
4. Келесі шарт – оқу қызметін қалыптастырудың құралдарын іріктеу және жинақтау. Педагогоикалық құралдарды іріктеу оқытушының оқыту қызметін қалыптастырудың мақсаытн жетуге көмектеседі. Бұндай құралдарға мыналар жатады: а) оқу материалы мен оқу тапсырмаларының мазмұны; б) оқыту үлгілері мен әдістері; в) оқытудың көрнекілік, компьютерлік және басқа да құралдары; г) оқытушының жеке және кәсіби қасиеті; д) ұжымның қоғамдық пікірі, ішкі ұжымдық қатынас.
5. Тағы бір шарт – оқытушымен үдерістердің талдануы және оқу қызметін қалыптастырудың нәтижелері.
ДӘРІС № 4 ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
МАҚСАТЫ:
Білімдік: сутеденттерде психологияны оқыту әдістері туралы білім қалыптастыру
Дамытушылық: кәсіби шеберлік пен қабілеттілікті дамыту
Тәрбиелік: өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі оқытуға, ғылыми әлемдік көзқарасқа ұмтылғысы келетін маманның кәсіби мәдениетін қалыптастыру.
ТАПСЫРМАЛАРЫ:
Психологияны оқытуда оқу тапсырмаларымен студенттерді таныстыру.
Психологияны оқытудың сөздік, көрнекі және тәжірибелік әдістеріне сипаттама беру.
ЖОСПАР:
Психологияны оқытуда оқу тапсырмаларының таксономиясы
Психологияны оқытудың сөздік әдістері.
Психологияны оқытудың көрнекілік әдістері.
Психологияны оқытудың тәжірибелік әдістері.
ӘДЕБИЕТ:
Бадмаев Б. Ц. Психологияны оқытудың әдістері. ЖОО оқытушылары мен аспирантттарына оқу-әдістемелік құрал. М., 1999.
Бадмаев Б. Ц. Психология: оны қалай оқу және игеру керек М., 1997.
Давыдов В. В. Дамытып оқытудың тұжырымы. М., 1996.
Карандашев Психологияны оқытудың әдістері. М.,2006
Ланда Л. Н. Оқытудағы алгоритмиз. М., 1996.
Ляудис В. Я. Психологияны оқытудың әдістері. М., 2001.
Рогов Е.И. Жоғары сынып оқушыларына арналған таным психологиясы.. – М., 1998.
Талызина Н.Ф. Педагогикалық психология. – М., 1998.