Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты г-2 А.С.А..DOC
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.76 Кб
Скачать

34. Тимусқа (айыр безіне) мынадан басқалары дұрыс:

А. сыртынан дәнекертінді капсуламен қапталған,одан шығатын пер-

делер тимусты бөлікшелерге бөледі

Б. мұнда Т-лимфоциттердің бастамаларының Т-лимфоциттерге анти-

гентәуелсіз дифференциялануы өтеді

В. ішек түтікшесінің алдыңғы бөлігінің көп қабатты эпителийінің дө-

ңестігі түрінде дамиды

Г. қуыстары Т-лимфоциттермен толтырылған торлы ретикуло-эпите-

лиальді стромадан тұрады

Д. ол лимфоцитопоэзбен иммуногенездің перифериялық мүшесі

35. Тимустың қабық затынан миграциялайтын т-лимфоциттер қан арнасы ар-

қылы жетіп орналасады:

А. лимфоцитопоэздің перифериялық мүшелерінің Т-тәуелді зонала-

рына

Б. лимфоцитопоэздің перифериялық мүшелерінің В-тәуелді зонала-

рына

В. лимфоцитопоэздің орталық мүшелерінің Т-тәуелді зоналарына

Г. лимфоцитопоэздің орталық мүшелерінің В-тәуелді зоналарына

Д. лимфоцитопоэздің перифериялық мүшелерінің Т- және В-тәуелді

зоналарының шекарасында

36. Тимустың акцидентальді инволюциясы. МЫНАДАН басқалары дұрыс:

А. себебі жойылғаннан кейін өте береді (аяқталмайды)

Б. уақытша, тез өтетін процесс

В. бұл кезде Т-лимфоциттер қанға қарай тебеді (түседі)

Г. тимустың қабық затында көп лимфоциттер өледі

Д. организмге қатты қоздырғыштардың (уландыру, травма, инфекция,

т.б.) әсеріне байланысты

37. Микроскоптың көру жазығында көп санды лимфоциттер, торлы эпители-

альді қаңқа көрінеді, фолликулдар жоқ. Бұл микропрепарат:

А. аталынғандардың біреуі де емес

Б. тимустікі

В. талақтікі

Г. лимфа түйіндікі

Д. сүйектің қызыл кемігінікі

38. Лимфа түйінінің құрылымдарын бейнелейтін суретке қарап, лимфа фолли-

кулдерден тұратын лимфа түйінінің бөлігін көрсетіңіз

39. Плазматикалық жасушаларының (антиденелерді синтездейтін эффекторлық

жасушалар) пролиферацияланып пісіп жетілетін лимфа түйінінің аймағы:

А. лимфа түйінінің қақпасы

Б. лимфа фолликулының көбею орталығы

В. кортикальді бөлігі

Г. жұмсақ баулары

Д. паракортикальді зонасы

40. Лимфа түйінінің құрылымдарын бейнелейтін суретке қарап, лимфа түйіні-

нің шеткі синусын көрсетіңіз.

41. Лимфа түйінінің құрылымдарын бейнелейтін суретке қарап, лимфа түйіні-

нің шығарушы лимфа тамырын көрсетіңіз.

42. Эндокриндік жүйенің орталық мүшелеріне жатады:

А. жыныс бездері, ұйқы безі

Б. сопақ ми және көпірдің ядролары

В. жұлынның сұр заты

Г. гипоталамус, гипофиз, эпифиз

Д. қалқанша без, бүйрекүсті без

43. Гормондардың нысана - жасушаларға таңдамалы әрекеті байланысты:

А. микробүрлері болуына

Б. гормонның қандағы концентрациясына

В. гормонның эндокриндік жасушада синтезделу ритміне

Г. жасушаларда гормондардың рецепторлары болуына

Д. гормонның мүшенің қан арнасындағы жарты өмір мерзіміне

44. Нейросекторлық жасушаларға МЫНАДАН басқалары дұрыс:

А. нерв және эндокриндік жүйелерінің бірігу негізі

Б. нерв импульстарын өндіріп өткізе алады

В. өсінділері (аксон және дендриттері) жоқ

Г. гормондарды өндіріп бөледі

Д. перикарионы мен өсінділерінде секреторлық гранулдары бар

45. Ортасы ірі нейросекреторлық жасушалардан (вазопрессин және окситоцин

өндіреді), ал перифериясында ұсақ нейросекреторлық жасушалардан (либе-

риндер мен статиндер бөледі) тұратын гипоталамустың алдыңғы бөлігінің

ядросы:

А. супраоптикалық

Б. паравентрикулярлы

В. аркуатты

Г. вентромедиальді

Д. дорсомедиальді

46. Аденогипофиздің жасушаларының қызметіне әсер ететін гипоталамустың

гормондары:

А. минералокортикоидтар

Б. вазопрессин, окситоцин

В. либериндер және статиндер

Г. серотонин және мелатонин

Д. андрогендер, эстрогендер

47. Аденогипофиздің (гипофиздің алдыңғы бөлігі) эмбриондық даму көзі:

А. нейральді плакодалар

Б. нерв түтікшесінің гипобласты

В. ортаңғы ми көпіршігінің нейроглиясы

Г. ганглиозды пластинканың нейробласты

Д. ауыз шұңқырының эктодермальді эпителийі

48. Аденогипофиздің жасушалары (эндокриноциттер): өлшемі үлкен емес, цито-

плазмасы нашар боялынады және секреторлық гранулдары анықсыз; тра-

бекулалардың ортасында орналасады:

А. нейтрофильді

Б. хромофильді

В. базофильді

Г. оксифильді

Д. хромофобты

49. Өсінділі немесе ұршық пішінді жасушалалары-питуициттері бар гипофиздің

бөлігі; мұнда алдыңғы гипоталамустың нейросекреторлық жасушалары өн-

діретін вазопрессин және окситоцин жинақталады:

А. барлығы да

Б. алдыңғы

В. артқы

Г. аралық

Д. туберальді

50. Шар тәрізді секреторлық гранулдары бар және қышқыл бояуларды қабыл-

дайтын хромофильді эндокриноциттер; өсу гормонын өндіреді:

А. тиротропоцит

Б. маммотропоцит

В. адренокортикотропоцит

Г. соматотропоцит

Д. гонадот цит

30